Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Сенің иманың жүрегіңде, шындығың тірлігіңде, өнегең



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Сенің иманың жүрегіңде, шындығың тірлігіңде, өнегең 
балаларыңда қалды. 
 
Әке, сен қарапайымдардың ішіндегі ең қарапайымы болатынсың. Жан 
әкем-ау, сенің білімің, бар жоғы – 7 жылдық мектеп (қазіргіше 9 жылдық). 
Бірақ сол жеті жылдық мектепті өте жақсы бітіріпсің. Егер сенің бағыңа әкең 
Рахымбай тірі болғанда бар ғой, сен сөз жоқ жоғары білімді болар едің. 
Себебі әкең Рахымбай сол заманда-ақ жоғары білімді болды, Алматыдағы 
Жоғары партия мектебінде оқыпты. Егер сұм ажал атамды 34 жасында алып 
кетпегенде... Сен бес жасыңда жетім қалмағаныңда ... Өмір мүлдем басқаша 
болар еді. Сен оны ерніңді тістеп, басыңды шайқап-шайқап, маған талай 
айттың да ғой. Оның енді несін айтайын ... 
 
Тамшы сөз: Зиялылық, тектілік қанмен келеді екен.
Әкешім, алтыным! Көз жұмар алдынан алты сағат бұрын сен өзіңнің ҰЛЫ 
СӨЗІҢДІ айттың. Сенің қиналғаныңнан шошыды ма, әлде жүрегі бірдемені 
сезді ме анашым: «әкелерің қиналып жатыр, осындағы бауырларын 
шақырсаңдаршы, мүмкін айтар сөзі, аманаты бар шығар» деді. Мен Шәріп 
ағама телефон шалдым, Қалық ағама және бауырым Бақытқа да айтарсыз 
дедім. Олар барлығы жиналып, түнгі 12-ден асқанда келді. Інілерің жылы 
сөзін айтып жатты. Сен ап-анық: «Балалар, келгендеріңе рақмет. Халықтың 
бетіне тура қарайтындай өмір сүріңдер. Назарбаев сияқты болыңдар. Сол 
сияқты университет ашыңдар. Менің Гүлтасымдай болыңдар, ал енді 
барыңдар, мен демаламын» дедің. Иә, әке, әр қазақ Н.Назарбаевтай елді 
ойласа, сол кісінің жасағанының жүзден бірін, айтқанының оннан бірін 
жасаса, онда алдыңғы қатарлы елдің санатында әлдеқашан болар едік қой. 
«Халықтың бетіне тура қарайтындай өмір сүріңдер» деген сөзің керемет 
болды. Бұдан артық ұрпақтарыңа қандай өсиет болуы мүмкін! Әке, сен 
қарапайымдардың ғұламасы екенсің. Сенің осы сөзіңді басыңа қойған 
құлыптасқа ойып жаздырдық, әке. Ұрпақтарың зиярат жасап, басыңа 
барғанда осы сөзді оқып, өздерінде қандай жауапкершілік бар екенін сезініп 
жүрсін деп ойладым.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет