Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты 2014 жылдың 12 қарашасында сағ. 15.00-де Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының ақсақалдар алқасының құрметті мүшесінің бірі - Шәріп Найманның жеке қорынан алынған құжаттар жинағының жариялануына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталатын Шәріп Найманның жеке қорынан алынған құжаттар жинағы ұсынылды.
Шәріп Найман (1932 ж. – 4 тамыз 2013 ж.) – қазақ диаспорасының беделді өкілдерінің бірі, Алтай өңірінің (КХР) тумасы, кейіннен Германияда өмір сүрген. 1992 ж. шетелдегі қазақ диаспорасымен мәдени байланыс орнату мақсатында құрылған «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» қоғамдық ұйымының ақсақалдар алқасының белсенді мүшесі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап ол «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» ұйымдастырған іс-шараларына, соның ішінде Қазақтар құрылтайының жұмысына, Қазақстан Республикасы мен этникалық қазақтардың тұрып жатқан елдері арасындағы өзара экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуына, қазақтардың тарихи Отанына оралу мәселелеріне арналған халықаралық конференциялардың жұмысына, оларға тілі мен мәдениетін сақтап қалуға көмек көрсетіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей атсалысты.
Көптеген жылдар бойы Мюнхен қаласындағы (Германия) «Қазақ мәдени орталығының» мүшесі болды. Ол Қазақстан Республикасының Германиядағы қазақ диаспорасының танымал өкілдерімен байланыс орнатуына өз ықпалын тигізіп, Қазақстан делегациясы мүшелерін қабылдады, әйгілі спортшы, актер, каскадер Мұстафа Өзтүрікпен танысудың бастамашыларының бірі болды. Ол шын мәнінде Қазақстан, Түркия мен Германия елдері арасындағы ерікті елші болған еді.
Шәріп Найман 2013 жылдың 4 тамызында Германияда дүниеден өтті.
Шәріп Найманның Қазақстан, Түркия және Германия елдері арасындағы өзара қарым-қатынастың күшейіп, дамуына қосқан үлесі мен еңбегін ескере отырып, шетелдегі қазақ қоғам қайраткеріне құрмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты оның жеке құжаттар жинағын дайындады. Жинаққа оның жеке мұрағатындағы құжаттар мен фотосуреттері енді.
Іс-шараға Шәріп Найманның жақын туыстары және белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.
12 ноября 2014 г. в 15. 00 ч. в Архиве Президента Республики Казахстан состоялся «круглый стол», посвященный презентации сборника документов из личного фонда Шарипа Наймана, одного из почетных членов Совета старейшин Всемирной ассоциации казахов.
Вниманию участников был представлен сборник документов, составленный на основе личного фонда Шарипа Наймана, хранящегося в Архиве Президента Республики Казахстан.
Шарип Найман (1932 г. – 4 августа 2013 г.) – один из влиятельных представителей казахской диаспоры. Уроженец Алтая (КНР), в последующем проживавший в Германии. Активный член Совета аксакалов Всемирной Ассоциации казахов – общественной организации, созданной в 1992 г. с целью установления культурных связей с казахской диаспорой за рубежом.
С первых дней обретения Казахстаном независимости он принимал участие в мероприятиях, организуемых Всемирной Ассоциацией на исторической Родине, в том числе в работе курултаев казахов, международных конференциях, посвященных проблемам репатриации казахов, развития культурного, экономического сотрудничества между Казахстаном и странами проживания этнических казахов, оказания помощи в сохранении языка, культуры, решении социальных вопросов.
В течение многих лет был членом казахского культурного центра в г. Мюнхене (Германия). Он оказывал содействие в налаживании связей Республики Казахстан с известными представителями казахской диаспоры Германии, принимал членов казахстанских делегаций, был одним из инициаторов знакомства со спортсменом, актером, каскадером Мустафой Озтюрком. Фактически он являлся Послом доброй воли между странами проживания: Турцией, Германией и Казахстаном.
Шарип Найман скончался в Германии 4 августа 2013 г.
Учитывая заслуги и вклад Ш. Наймана в укреплении и развитии отношений Казахстана с Турцией и Германией и отдавая дань уважения памяти общественного деятеля казахского зарубежья, Архив Президента Республики Казахстан подготовил сборник документов, в состав которого включены документы и фотографии из его личного архива.
На мероприятие были близкие родственники Шарипа Наймана и известные общественные деятели.
Достарыңызбен бөлісу: |