Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет45/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

 
Шарбану Сайынқызы 
Жан әкем-ау, сізді қатты сағындым!.. 
Әке, мен Шарбанумын ғой. Сіз мені ерекше жақсы көрдіңіз. 
Мәңгілікке кетсеңіз де келіп мені қолдап, қорғап жүрсіз. Мен оны сеземін. 
Аллаға ризамын, сіздей керемет ӘКЕ сыйлағанына! 
Анамыз сізді тегіннен-тегін «Пірім» демеген екен ... Анамыз да өте 
ақылды, текті. Сіз анамызды «Тотым» деп еркелеттіңіз. Екеуіңізден төрт 
қыз, төрт күйеу балаларыңыз, олардың балалары өнеге алдық, тәрбие көрдік. 
Әке анам екеуіңіз бір-бірлеріңізге өте адал болдыңыздар. Тіпті араларыңызда 
жасырын сыр болған жоқ. Ер адамдар өз әйелдеріне өмірі айтпайтын сырды 
сіз анама айтып, ақылдасып отыратын едіңіз. Сіздің сол қасиетіңізді әр адам 
әр түрлі түсінеді, әр түрлі сын айтады. Бірақ сенің жарың анам да, біздер де 
сені түсіндік. Сенің анамызға құрметің мен балаларыңа деген махаббатың 
бәрінен биік әрі шынайы болды. Әке, біздер де үлкен азамат болдық, қазір 
ата-әже болып отырмыз ғой. Қарап отырсақ, шынайылық, тазалық деген
адамдарда жетіспегендіктен адамдар дұрыс өмір сүре алмайды екен ...
Әке, Сізді бүкіл ел сыйлайды, достарыңыз құрметтейді.Оның себебі – біреу. 
Сіз де ел, туған жер дегенде ішкен асыңызды жерге қоятынсыз. Сіздің 
бағаңыз: «Адам» және «Адам емес болатын». Иә, сіз елге адалдарды, адал 
қызмет жасайтындарды, өтірік айтпайтындарды «Адам» дейтінсіз. Ал 
жылпос қуларды, сөзінде тұрмайтындарды: «балам, оның несін айтып тұсың, 
ол адам емес қой. Оған адамның сөзі артық» дейтінсің.
Әке, Алладан біздің ұрпақтарымызға да осы қасиетіңді дарытса екен деп 
тілеймін. Ұрпақтарымыз сіздің биігіңіздегі «АДАМ» болса екен.
Сіз үнемі «Аллаға шүкір», «тіл көзден балаларымды сақтасын», «мен 
бақыттымын» деуші едіңіз. Біз сізден тек «алтындарым , жандарым, тобам -


104 
тобам» деген жақсы сөздерді ғана естідік. Әке, Жаратушы Иеміз сіздің 
шүкіріңізді, тәубәңізді, адалдығыңызды қабыл алып, Жәннәт төрін сыйға 
тартсын деп тілеймін. Сіздің Шарбану қызыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет