ТАБИҒАТ – ТУҒАН АНАМЫЗ...
Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіршілік иелерімен таныстыру.
Тәрбиелік. Табиғатты қорғау, елін, жерін сүю.
Көрнекілік: Буклеттер, кестелер, кітап көрмесі, карта, суреттер.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Мұғалім: Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологиялық қатерден сақтау.
Сабақтың жоспары:
А) Табиғат дегеніміз не? Ә) Табиғатқа нелер жатады?
А) Экология сөзінің мағынасы. Ә) Экология сөзіне түсініктеме беру.
А) Ауа, су, өсімдіктер, құстар, хайуанаттар. Ә) Экологиялық проблемалар.
Қорытынды.
Табиғат дегеніміз не? Табиғатқа не жатады?
Тіршілік атаулының бар арманы – ауа.
Тіршілік көзі – су.
Табиғат байлығы - өсімдіктер.
Орман сәні – құстар.
Табиғаттың сұлу мүсіні – хайуанаттар.
1 – оқушы: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі, аңсар арманы – таза ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
2 – оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
Халқымыз ежелден – ақ суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», - деп бағалай білген.
Су деген – тіршіліктің наны емес пе,
Су деген – табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
3 – оқушы: Табиғат байлығының бір тобы жер бетіндегі сәулетті еліміздің дәулеті – жасыл әлем.
Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыздың өсімдікті өмір өзегі деп аялап, оған қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын»деген көрнекті сөз соның айғағы.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің әулием сен, ием сен.
Осындайда ойланып қой, жігітім,
Жығылмайсың орманыңа сүйенсең.
«Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз», - деген нақыл сөз бар ата – бабамызда.
4 – оқушы: Қалықтай ұшып, шарықтап биікке шығып ән салатын құс біткен – табиғаттың әні мен сәні. Олардың әсем де әсерлі әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді.
Көктемде құсты атпаңдар,
Сенімін оққа сатпаңдар.
Кішкентай әнді сақтаңдар,
Оларда да титтей жүрек бар.
5 – оқушы: Табиғаттың сұлу да сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар.
Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Адамның баласынан кем көрмедім.
Мұғалім: Балалар! Қазіргі кезде айналамыздағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Сондықтан жастарды қоршаған ортамен байланыс жасауға үйрету, экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру – жалпы білім беретін мектептердің міндеттерінің бірі болып отыр. Өткен сабақта біз экология мәселелерінің біразына тоқталып өттік. Сондықтан да «экология» деген сөз нені білдіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |