Гмо және гмо өнімдері Биоқауіпсіздік мәселелері



бет2/6
Дата17.03.2022
өлшемі1.1 Mb.
#456371
1   2   3   4   5   6
гмо

1. Негізгі бөлім

Қазіргі таңда гендік инженерия таңқаларлық нәтижеге жетті. Солардың негізгілерінің бірі диагностикалық препараттар болып табылады. СПИД, қант диабетіне шалдыққан ауру түрін, сонымен бірге қатерлі ісік ауруларына қарсы дәрігерлер және 200 жаңа диагностикалық препараттар медициналық практикаға енгізілді. АҚШ - те гендік инженерия әдістерін қолдану арқылы көптеген препараттар жасалды.

Жыл сайын трансгендік ауылшаруашылық дақылдар егістігі жылдам қарқындылықпен арту үстінде. Биотехнологиялық корпороциялар жаңадан ГМО өнімдерін коммерциялық қолдану үшін ұстануда, бұл бәрін корпорацияның жоғары табысқа жетуімен байланысты.

ГМО өнімдерінің экожүйеге тигізер зиянды әсерлерін зерттеп қарастырмай, ондай жұмыстарды жүргізбейтіндіктері әрине алаңдатарлық жайт. Экожүйе күрделі әрі бір - бірімен байланысты қарастыру керек. Бұл зерттеулер қиын, әрі ұзақ уақытқа созылады және әр трансгендік ағза жан - жақты қамтитын ғылыми анализді қажет етеді.

Трансь ұлттық биотехникалық корпорациялар артық шығынға ұшырамас үшін бұл үлкен көлемді зерттеулерді жүргізбей - ақ жаңа ГМО өнімдерін қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіз деп жарнамалап келуде. Ал адам денсаулығы мен өмір сүруі екінші орында тұр.

Жеңіл тағамдардың тарихы ежелгі Римнен белгілі. Ежелгі Римдіктер үйлерінен тамақ пісіріп ішпеген оның есесіне қалаларында жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен базарлар көп болған. Солардың бірі - ашытқыдан дайындалған және зәйтүн майы жағылған құймақтар мен шелпектер. Содан кейін гамбургер сатыла басталды.

Қытайда базарларда тез дайындалатын лапша пайдаланылса, Индияда, Ресейде, әртүрлі шелпектер мен бәліштер таралды.

Фастфуд өнімдері 1920 жылы Америкада шықты. 1921 жылы Канзаста White Castle компаниясы ашылды. Оның негізгі өнімі - гамбургер болды. Гамбургер осы кезде халық арасында кеңінен қолданылды, бірақ оның организмге әсері туралы белгісіз болды.

1.1 ГМО дегеніміз не?

ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ, ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ-өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. 2006 жылы 97% трансгендік өсімдіктерді АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%), Қытай (3%), Парагвай (2%) және Оңтүстік Африкада (1%) өндірген. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған тағамдардың құрамына ГМ-соя, ГМ-жүгері, ГМ-крахмал, ГМ-ақуыздың қосылатыны белгілі. «Monsanto» фирмасы өндірген ГМ-жүгері АҚШ нарығында көш бастап тұр. ГМО-ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет