«гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ


«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ



бет5/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#4488
1   2   3   4   5   6   7


«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
18. Акционерлік капитал
а) Шығарылған капитал
2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішінде Қор жалпы құны 4,000,000 мың теңге (2007 жылы: жалпы сомасы 512,771 мың теңге 555,000 жай акция) 3,125,000 жай акция шығарды, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олардан 3,600,399 мың теңге төленді. Акциялардың қалған бөлігі 2009 жылы төленетін болады.
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шығарылған және айналымдағы акционерлік капитал 8,367,812 толық төленген жай акциядан құралды (2007 жылғы 31 желтоқсанда: 5,555,000), ал тіркелген капитал 8,680,000 жай акциямен берілді (2007 жылғы 31 желтоқсанда: 5,555,000). Жай акциялардың иелері олардың жариялану шаамсына қарай дивиденттерді алуға құқығы бар, сондай-ақ Қордың жылдық акцияларына бір дауыс беру құқығына және жалпы акционерлер жиналысына ие. Қордың жай акцияларының атаулы құны жоқ.
(б) Дивиденттер
Дивиденттердің мөлшері Қормен төленген болуы мүмкін, және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес анықталған таратылмаған пайда сомасымен шектеледі. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес есептік күндегі жағдай бойынша таратылуға рұқсат етілген жалпы қаражат көлемі 5,334,047 мың теңгені құрады (2007 жылғы 31 желтоқсанда: 4,177,106 мың теңге).
(в) Резервтік капитал
2004 жылға дейін қолданыста болған Агенттіктің пруденциалды талаптарына сәйкес Қор өзінің таза пайда есебінен резервтік капитал қалыптастырды. Қазіргі уақытта таза пайда есебінен резервтік капитал қалыптастыру жөнінде талаптар жоқ.

19. Қаржылық тәуекелдерді басқару
Тәуекелді басқару коммерциялық қызметтер негізіне жатады және Қордың операциялық қызметтерінің бар элементі болып табылады. Нарықтық тәуекел, пайыздық тәуекел, кредиттік тәуекел және өтімділік тәуекел негізгі тәуекелдер болып табылады, Қор олармен өз қызметтерін жүзеге асыру барысында кезігеді.
(а) Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат пен процедураның негізгі қағидалары
Қордың тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді анықтау, талдау және басқаруға, тәуекелдер лимитін және тиісті бақылауларды белгілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін және оның белгіленген лимитке сәйкестігін тұрақты бағалауға көзделген. Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Агенттік ұсынған талаптарға сәйкес келеді. Тәуекелдерді басқару жүйесі кешенді әдістерді пайдаланады, ол оқиғаларды уақытылы айқындау, бағалау, қақпайлауға бағытталған бақылау жүйесін белгілейді, ол Қордың қалыпты қызметтерін бұзуды қайтара алады. Қордың тәуекелдерді басқару процедурасы Қормен белгіленеді және іске асырылады. Қордың Директорлар кеңесі және Басқармасы, сондай-ақ Қор қызметкерлері тәуекелдерді басқару жөнінде осындай үрдістерді әзірлеу және іске асыруға қатысады.
«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
19. Тәуекелдерді басқару, жалғасы
(а) Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат пен процедураның негізгі қағидалары, жалғасы
Қордың Директорлар кеңесі Қордың ішкі саясатын және процедурасын бекітеді және тәуекелдерді басқару жөніндегі бақылау жүйесінің ойдағыдай қызмет етуі үшін жалпы жауапкершілік алады. Ол жүйелі түрде ақпараттарды алады, ол Қордың қаржылық жағдайының қызмет етуіне мүмкіндік береді және әрбір есептік кезең ішінде Қор қызметтерін талдайды және бағалайды. Қор Басқармасы моиторинг пен тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды іске асыру және қаржылық құралдарды сатып алу және сату кезде шығындарды азайтуға бағдарланған операциялық процедураларды бекіту үшін жауапкершілік алады. Сондай-ақ Қор Басқармасы инвестициялық лимиттердің сақталуын бақылайды.
Қор әрбір бөлімшінің құрамындағы жауапты тұлғаларды тағайындайды, олардың міндеттемелеріне бизнес-үрдістердің матрицасын әзірлеу және жүйелі жаңарту және аталған бизнес-үрдіске тән әлеуетті және анықталған тәуекелдерді бағалау кіреді.

б) Нарықтық тәуекел
Нарықтық тәуекел – бұл Қор кірісінің немесе пайыздық мөлшерлеме мен кредиттік спрэдоны қоса алғанда, нарықтық құнның өзгеру салдарынан оның қоржын құнының өзгеру тәуекелі. Нарықтық тәуекел нарықтағы жалпы және спецификалық өзгеру ықпалына және нарықтық бағаның ауытқу деңгейінің өзгеруіне шалдыққан пайыздық қаржы құралдары жайындағы ашық позиция бойынша туындайды.
Жоғарыда сипатталғандаға қосымша Қор жекелеген айрықша нарықтық сценарилердің мүмкіндікті қаржылық ықпалын үлгілеу үшін жекелеген сауда қоржындарында түрлі «стресс-тесттерді» пайдаланады. Стресс-тесттер шығындардың әлеуетті мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді, ол экстремальды жағдайларда пайда болады. Стресс-тесттердің негізгі міндеті:

  • Шығындардың жалпы сомасын анықтау, ол тәуекел факторларының өзгеру нәтижесінде туындайды; және

  • Қордың мүмкіндіктерін бағалау тәуекел факторларының өзгеру нәтижесінде туындайтын шығындарды жабуға меншікті капиталды пайдаланады, және

  • Тәуекелдердің деңгейін төмендету үшін әрекеттер жоспарын анықтау.

Стерсс-тесттерді жүргізу үшін Қор сценарилерді талдауды және сезімдалдықты талдауды пайдаланады. Сценарилерді талдау тарихи немесе гипотетикалық оқиғалар негізінде әзірленеді, және Қор қызметтеріне тәуекел факторларының ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. Сезімталдықты талдау инвестициялық қоржынға белгіленген тәуекел факторларының тікелей өзгеру ықпалын бағалайды.


Пайыздық міндеттемелерге пайыздық активтердің мерзімі бойынша сәйкессіздік мөлшерін мониторингілеу арқылы пайыздық тәуекелдерді басқару сыйақы мөлшерлемесінің түрлі стандартты және стандартсыз өзгеру сценарилеріне Қордың пайыздық кіріс сезімталдығын мониторингілеу процедурасымен толықтырылады.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
19. Тәуекелдерді басқару, жалғасы
б) Нарықтық тәуекел, жалғасы
(і) Пайыздық тәуекел
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі – бұл пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі салдарынан Қор кірісінің немесе оның қаржылық құралдар құнының өзгеру тәуекелі.
Қор өзінің қаржылық жағдайына және ақшалай қаражат ағымдарына артықшылықты нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің ауытқу ықпалына шалдықты. Мұндай ауытқулар пайыздық маржалар деңгейін ұлғайта алады, алайда пайыздық мөлшерлемелер тосыннан өзгерген жағдайда оны төмендетуге, шығындардың туындауына алып келуі мүмкін.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі ұқсас мерзімімен бар немесе болжанған міндеттемелердің мөлшері бойынша өтеудің көп немесе аз анықталған мерзімімен, бар немесе болжанған активтердің жағдайында туындайды.
Қордың жыл ішіндегі таза пайдасының сезімталдығын талдау нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне (100 базистік пунктерге толқымалы кірістіліктің параллелді төмендеу немесе өсудің жеңілдетілген сценарий негізде жасалған және 2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайлар бойынша пайыздық активтер мен міндеттемелер бойынша позиция) мынадай үлгімен берілген болуы мүмкін:





2008 жылғы 31 желтоқсан

2007 жылғы 31 желтоқсан




Таза пайда

Капитал

Таза пайда

Капитал

100 базистік пунктке паралеллді ұлғайуы

57,992

57,992

26,908

26,908


100 базистік пунктке паралеллді төмендеуі

(57,992)

(57,992)

(26,908)

(26,908)

2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайлар бойынша елеулі позиция негізінде жасалған пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі салдарынан сатуға арналған қолда бар активтердің әділ құнының өзгеруі нәтижесінде капитал сезімталдығын талдау, және 100 базистік пунктерге толқымалы кірістіліктің параллелді төмендеу немесе өсудің жеңілдетілген сценарий мынадай үлгімен берілген болуы мүмкін:







2008 жылғы 31 желтоқсан

2007 жылғы 31 желтоқсан




Таза пайда

Капитал

Таза пайда

Капитал

100 базистік пунктке паралеллді ұлғайуы

-

(5,009)

-

(6,754)


100 базистік пунктке паралеллді төмендеуі

-

7,319

-

6,942



(іі) Валюталық тәуекел

2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайлар бойынша Қордың барлық активтері мен міндеттемелері теңгеде берілді.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
19. Тәуекелдерді басқару, жалғасы
(в) Кредиттік тәуекел
Кредиттік тәуекел – бұл контрагенттермен (эмитенттермен) міндеттемелердің орындалмау нәтижесінде туындайтын қаржылық шығындар тәуекелі. Қор жекелеген қаржылық құралдар бойынша лимиттер белгілеу мен сақтау жөніндегі талаптарды қоса алғанда кредиттік тәуекелді басқару саясаты мен процедураларын әзірледі. Қор әрбір эмитент үшін лимиттердің тұрақты мониторингін жүргізеді және жүйелі негізде эмитенттердің төлем қабілеттілігін қайта бағалайды. Қайта бағалау процедуралары эмитенттің соңғы қаржылық есеп беруін немесе эмитент берген немесе Қордың басқа тәсілмен алған өзге де ақпараттарын талдауға негізделеді.
Қаржылық активтер «Moody,s» Агенттігі берген ағымдағы кредиттік рейтингтерге сәйкес бағаланады. Ең жоғарғы мүмкіндікті рейтинг - «Ааа».
Төмендегі таблицада 2008 жығы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың меншігіндегі инвестициялардың кредиттік рейтингілері бойынша жалпы ақпарат берілді:





2008 жылғы 31 желтоқсан

2007 жылғы 31 желтоқсан





Рейтинг

Баланстық құн

мың теңге


Рейтинг

Баланстық құн

мың теңге

Қаржылық активтер

Ва 1


В1

430,203


405,578

Ва 1


В 1

325,011


375,443

Банктегі салымдар







В 2

101,849

Сатуға арналған қолда бар активтер

Рейтингсіз

Ваа2


7,784,748

2,200


Рейтингсіз

Ваа1


4,333,510

2,200


Өтеуге дейін ұсталатын инвестиция

Ваа2

925,686








Жиынтығы




9,548,415





5,138,013



(г) Өтімділік тәуекелі
Өтімділік тәуекелі - бұл өз міндеттемелерін орындау мақсатымен ақшалай қаражаттарды тартуда Қордың қиыншылықтармен кезігетін тәуекелі. Өтімділік тәуекелі активтер мен міндеттемелердің өтеу мерзімдері сәйкес келмеген кезде туындайды. Қор өтімділік тәуекелін Агенттіктің талаптары негізінде басқарады. Бұдан өзге, Қор өтімділікті басқару үшін Инвестициялық комитетті құрған болатын, атап айтқанда:

  • Қордың активтерін уақытылы инвестициялауды қамтамасыз ету үшін;

  • Қоржындағы бағалы қағаздардың түрлері, қаржылық құралдар мен валюталардың типтері бойынша Қордың активтері мен міндеттемелерінің өтімділігін талдау үшін;

  • Қордың ақшалай қаражаттарының келуі мен кетуін қамтамасыз ету үшін;

  • міндеттемелерді болу шарасына қарай оларды орындау үшін қажетті қаражаттың болуын қамтамасыз ету мақсатымен, Қордың өтімділігімен байланысқан тәуекелді бағалау және бақылау.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
19. Тәуекелдерді басқару, жалғасы
(г) Өтімділік тәуекелі, жалғасы
Бұдан әргі мына таблицада шартта белгіленген өтеу мерзімінен бұрынғы Қордың қаржылық міндеттемелері бойынша дисконтталмаған ақшалай қаражат ағымдарының таратылуы көрсетіледі. Осы таблицада көрсетілген ақшалай қаражат ағымдарының жалпы мөлшері қаржылық міндеттемелер бойынша шартты дисконтталмаған ақшалай қаражат ағымдары болып табылады. Қордың осы қаржылық міндеттемелер бойынша ақшалай қаражат ағымдарының күтетін қозғалысы төменде келтірілген талдаудан қатты ажыратылуы мүмкін.
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың позициясы мынадай болды:







Талап еткенге дейін және 1 айдан аз

Құнсыздануды шегергенге дейін ақшалай қайтымдар жиыны



Баланстық құн

Төлемге салықтар

22,330

22,330

22,330

Басқа да міндеттемелер

31,740

31,740

31,740

Жиынтығы

54,070

54,070

54,070

2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың позициясы:









Талап еткенге дейін және 1 айдан аз

Құнсыздануды шегергенге дейін ақшалай қайтымдар жиыны



Баланстық құн

Төлемге салықтар

38,303

38,303

38,303

Басқа да міндеттемелер

26,428

26,428

26,428

Жиынтығы

64,731

64,731

64,731

20. Капиталды басқару
Агенттік Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы 2008 жылғы 22 тамыздағы  № 118 нұсқаулыққа сәйкес Қор үшін капитал жеткіліктілі бойынша талаптарды белгілейді және реттейді. Қор жинақтаушы зейнетақы қорларының капиталын құраушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған баптарды капитал ретінде анықтайды. Қазіргі таңда Агенттік талаптарына сәйкес зейнетақы қорлары активтердің жиынтық мөлшеріне бірінші деңгейлі капитал мөлшері қатынасы нормативін және анықталған ең төменгі деңгейден жоғары тәуекелді есепке ала отырып өлшенген активтердің мөлшеріне капиталдың жиынтық мөлшер қатынасы нормативін қолдауы тиіс. Қордың капитал жеткіліктілігі нормативі 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі белгіленген деңгейге сәйкес келді.


«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
21. Операциялық жалдау
Қордың жалға берушілерге қатысты операциялары
Қордың операциялық жалдау (лизинг) жөніндегі міндеттемелері бір жақты тәртіпте жойылмайды, төлемдері мынадай үлгіде берілді:





2008 жыл

мың теңге

2007 жыл

мың теңге

Кем дегенде бір жыл мерзіммен

6,662

8,344

Қордың бірқатар үй-жайлары және жабдық объектілері операциялық жалдау шарты бойынша жалданады. Жалдау шарты оны кейін ұзарту құқығымен бастапқады бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Әдетте, жалға алу төлемдер жыл сайынғы нарықтық бағамен төленеді. Жалға алу шартына шартты жалға алу төлемдері кірмейді. Есептік жылда пайда мен шығындар туралы есепте танылған операциялық жалдау жөніндегі шығыстар 102,935 мың теңгені құрады (2007 жылы: 64,516 мың теңге).




22. Әлеуетті және шартты міндеттемелер
а) Сақтандыру

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызмет нарығының даму кезеңінде, әлемнің басқа елдеріне сай сақтандыру нысандары толық көлемінде қол жетімді емес. Қор қызметі тоқтатылған жағдайда, мүлкі мен жабдықтарына қатысты немесе Қордың мүлкіне немесе Қордың қызметіне байланысты сақтандыру жағдайларының нәтижесінде туындайтын, мүлікке немесе қоршаған ортаға залал келтіруге байланысты мүлікке және жабдыққа қатысты сақтандыру өтеуі қарастырылмаған. Қор толық сақтандыруды қамтамасыз етпейінше қандай-да бір активтердің жоғалуы немесе құртылуының тәсімнің қызметіне және қаржылық жағдайына кері әсер ету тәуекелдігі орын алады.



(б) Аяқталмаған соттық талқылаулар
Қор өзінің қалыпты қызметтерін жүзеге асыру барысында әр түрлі заңды шағымдар түрімен кезігеді. Қор басшылығы соттық талқылаулар нәтижесінде туындайтын (мұндайлар болған жағдайда) міндеттемелердің ақырғы мөлшері Қордың қаржылық жағдайына жағымсыз ықпал көрсетпейді деп болжайды.
(в) Шартты салықтық міндеттемелер
Қазақстаның салық жүйесі заңнамалық нормалардың, ресми түсіндірмелер мен сот шешімдерінің жиі өзгеруімен, көбінесе анық айтылмаған және қайшылықтармен, оларды түрлі салық органдарымен талқылауда мағынасыз түсіндірілер кетеді деп сипатталады. Салықтарды есептеу дұрыстығы жайында тексерулер және зерттеулермен ірі айыппұл салуға және өсімпұл есептеуге құқығы бар бірнеше реттеуші органдар айналысады. Есептік кезеңде салықтарды есептеу дұрыстығы алдағы күнтізбелік он жыл ішінде тексерілуі мүмкін; алайда анықталған мән-жайлар болған кезде бұл мерзім ұлғайуы мүмкін.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе

22. Әлеуетті және шартты міндеттемелер, жалғасы
(в) Шартты салықтық міндеттемелер, жалғасы
Аталған мән-жайлар Қазақстандағы салық тәуекелдерінің басқа елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары болуына алып келуі мүмкін. Басшылық өз ұғымы бойынша қоданылатын салық заңнамалары, нормативтік талаптарды және сот шешімдері толық мөлшерді қамтылды деп санайды. Дегенмен, тиісті органдар өз позицияларының дұрыстығын дәлелдей алған жағдайда, және олар осы қаржылық есеп беруге айтарлықтай ықпал еткен жағдайда бұл ережелердің трактовкасы өзгеше болуы мүмкін.

23. Тараптармен байланысты операциялар
(а) Бақылау жайында
Қордың Қамқоршылық Компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
(б) Қордың Директорлар Кеңесі және Басқарма мүшелерімен болған операциялар
Директорлар Кеңесі және Басқарма мүшелері жыл ішінде «Қызметкерлердің сыйақысы» құрамына кірген мынадай сыйақыларды алды (6 Ескерпені қара):





2008 жыл

мың теңге

2007 жыл

мың теңге

Еңбек ақы

113,401

27,338


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет