«гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы 2010 жылды қорытындылады



Дата27.02.2016
өлшемі18.73 Kb.
#27950
«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы 2010 жылды қорытындылады
«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ГНПФ, Қор) Қазақстан зейнетақы нарығында 13 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатыр және еліміздің жетекші зейнетақы қорлары бестігінде үздік позициялардың бірін иеленуде. Қор акционерлері мемлекеттік институт – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және халықаралық қаржылық ұйым - Еуропалық Қайта құру және Даму банкі болып табылады.

Қордың негізгі қызметі - Қазақстанның барлық өңірлерінде халыққа зейнетақы қызметін ұсыну болып табылады. ГНПФ-тің дамыған өңірлік желісі Қор қызметін Республикамыздың елдімекендерінің барлық тұрғындарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ГНПФ желісі 750-ден астам қор қызметкерлері жұмыс істейтін, 18 филиал және 100-ден астам агенттік пункттен тұрады.

Қор салымшылары жеке нөмірлі дисконттық карта берілетін «Дисконттық клуб» мүшелері болып табылады. Карта, оның иесіне Қордың Серіктес–Компанияларының қызметтерін немесе тауар сатып алу кезінде шегерімдер мен жеңілдіктер алу құқығын береді. Шегерімдер мен жеңілдіктер жөніндегі ұсыныстармен www.gnpf.kz сайтынан немесе Қордың кез келген кеңсесінде таныса аласыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми дерегі бойынша ГНПФ салымшылары 1,8 млн. адамды немесе еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі (бұдан әрі - ЖЗЖ) қатысушыларының жалпы санының 22 % құрайды. 2010 жылдың ішінде Қор салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 28% артты және 375,6 млрд. теңгені құрады. Осы кезең ішінде барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемі 21 % (немесе 397,7 млрд. теңгеге) артты. Қордың жинақтаушы зейнетақы жүйесін 7 п.п. басып озуы Қор қызметінің тарихында бірінші рет байқалып отыр (1-сурет).

1 –сурет. Барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының және ГНПФ-тің жинақталған зейнетақы қаражаты өсімі қарқынының динамикасы


2010 жылы ГНПФ салымшылары шотына үлестірілген таза инвестициялық кірістің көлемі 21 млрд. теңгеден астамға ұлғайды, бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша 2010 жыл үшін алынған таза инвестициялық кірістің шамамен 24% құрайды. ГНПФ өз қызметінің бүкіл кезеңінде салымшылар үшін тапқан таза инвестициялық кірісі 123 млрд. теңгені құрайды.

2010 жыл үшін Қордың зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8 млрд. теңгені құрады, жыл ішінде 1,4 млрд. теңгеге артты. Жыл ішіндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар 3,5 еседен астамды құрады және 1,2 млрд. теңгеден асты.



2011 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылар бойынша Қордың меншікті активтері 18 млрд. теңгеден асты, меншікті капитал 24 % артты және 17,9 млрд. теңгені құрады. Көрсетілген кезең үшін таза пайда 3,3 млрд. теңгені құрады. Қор меншікті капиталдың жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалды талаптарды орындады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет