айына 48 теңгеден (ҚҚС-нан) келеді



Дата11.06.2016
өлшемі45.52 Kb.
#127440








рымен ғана қаржыландырылады делінген [1]. Алматы облысының өзінде 2010 жылғы мәліметтер бойынша 17 мемлекеттік және 20 жеке кәсіпорын жылына 850 мың тонна коммуналдық қалдық жинайды. Бірақ олар облыстағы 772 елді мекеннің әзірге 254-ін ғана қамтып отыр. Ал біздің күн сайын бақылайтынымыз оршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ластағыш заттардың су объектілеріне төгінділерін, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының қауіптілігін, уыттылығын ескере отырып,  стационарлық және жылжымалы көздерден бөлінетін ластағыш заттардың шығарындылары (төгінділері) үшін, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардан алынады [3].

Қазақстан бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі ҚР Агенттігі Департаментінің шешіміне сәйкес қатты қалдықтарды шығару қызметі бір адам үшін (тұтыну нормасы болған кезде жылына бір адамға 1,1 м3) - айына 48 теңгеден (ҚҚС-нан) келеді.

Егер қоқыс жинаумен айналысатын кәсіпорындар өз қаржыларымен жұмыс жасап жатса, осы салықтан түсетін қаражат қайда бара жатыр деген сұрақ туындайды.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылы Қазақстан Республикасында барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға 99,7 млрд. теңге инвестиция жіберген [2].

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты көптеген мәселелерді атап өтуге болады:


  1. Қалдықтарды жинау мен шығару жөнінде жеткілікті инфрақұрылымның болмауы елді мекендерде стихиялық

503

қоқыстар пайда болуынан және оларды жою үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат шығындары артуының бірден-бір себебі болып табылады.

2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, республика аумағында 43 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жиналған, соның 587,8 млн. тоннасы улы қалдықтардың үлесінде. Қайталама қалдықтарды, соның ішінде улы қалдықтарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі Қазақстанда қолданылмайды. Қалдықтар арнайы полигондарға, жинағыштарға және арнайы қоймаларға  жиналады, сөйтіп техногендік қалдықтар жиналған ландшафтылардың көлемі ұдайы өсіп келеді.

2. Қазақстандағы коммуналдық қалдықтардың негізгі бөлігі (95%) кәдеге жаратылмайды, бұл топырақтың, жер асты және жер үсті суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келеді.

3. Қалдықтарды орналастыру мәселесіне келер болсақ, Талғар қаласының өзінде 342 саудаға қатысты, өндіріс саласындағы кәсіпорындар бар. Олардың ішінде қоқыс тазалайтын кәсіпорындармен келісім шарт жасасқандары 134 қана. Туындайтын сұрақ: сол кәсіпорындардың қоқыс-қалдықтары қайда кетіп жатыр? Яғни сол өндірістен шығатын қоқыстар стихиялық келбетке ие болып, жергілікті әрбір жер аумағында үйінді тәріздес полиглонға айналып жатыр. Оған да біз куәгерміз. Талғар қаласындағы «Тазар» қоқыс тазалайтын жеке меншік кәсіпорының директоры А.Н.Карепиннің Талғар үкіметтік интернет порталында берген «Сколько стоит чистота» атты мақаласы бойынша мәліметтер келтірсек Талғар қаласындағы Лермонтов көшесідегі үйлердің биліктегі


504

лауазымды азаматтар тұрғындары төрт ай салық төлемеген екен. Ал «Тазар» қоқыс тазалайтын жеке меншік кәсіпорының (МКК) шығыны 80 000 тенге болды. Жай Талғар қаласының өзінде 15 000 тұрғын үй бар, келісімшартқа отырғандары 318 ғана [2]. Қалған үйлердің барлығы дерлік, біз қоқысты отын ретінде пайдаланамыз деп ақталуда. Бірақ көшедегі, ауладағы, өзен бойындағы қоқыстар қайдан шығып жатыр? Қоқыс полигондары неге жыл санап артуда? Тазалық қажет болса, әркім өзінен бастағаны абзал болар және осы мәселе бойынша дұрыс идеологиялық насихаттың жұмысын қолға алған дұрыс.

Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, дамыған мемлекеттер тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуден өткізуді дұрыс деп санайды. Мысал келтіретін болсақ, Германияда қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайы­зы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді. Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстың 97 пайызы далаға төгі­леді. Тек 3 пайызы ғана өрте­леді. Бұл ойланарлық жайт болып тұр [2].

Біздің ұсынысымыз, осы шет елдік тәжірибеге сүйене отырып, ең бірінші отандық өнертапқыштарды қолдау. Өнертап­қыш­тық инновациялық жобаның авторы, техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет­тің профессоры Төлеухан Ермеков ағамызбен пікірлесу сәті өткен. Ол жетекшілік ететін университеттегі ғалымдар тобы ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық қайта өңдеуден өткізетін инновациялық жаңа технология ойлап тауыпты. Бұл кісі ұсынып отырған жаңа технологияның басты артықшылығы сұйық өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу  үдерістерінің технологиясы (СӨҚТҚҚӨҮТ) ҚТҚ мен

505
күлқоқысты іріктеу және оларды арнаулы полигондарға тасу жұмыстарынан мүлде бас тартады. ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондырғыларын қыздыруға пайдалануға болады.

Жұмысымыздың жемісті болуын толықтыра кететін ұсыныстарға келер болсақ:

- Ең алдымен, табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту,

- Еліміздің барлық өңірлерінде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

- Стихиялық қалдықтарды залалсыздандыру мен өңдеу мақсатындағы инфражүйелерді дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру үшін шет елдік тәжірибеге сүйену;

Егер тұрмыстық қалдықтарды әлеуетті пайдалы шикізат ретінде қарастырар болсақ, еліміздің жер үстінде орналасқан байлығын дұрыс қолдана білу біздің парызымыз деп есептейміз.




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Жаршы», 2004, № 11-12, 65-құжат; «Егемен Қазақстан», 16.06.04

  2. http://www. stat.kz

506




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет