Гонконг халықаралық қаржы орталығы мен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына салыстырмалы талдау



Дата23.02.2016
өлшемі214.5 Kb.
#3719
Гонконг халықаралық қаржы орталығы

мен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына

салыстырмалы талдау


  1. Жалпы мәліметтер

Гонконг – GFCI мен IFCDI рейтингтерінің мәліметтері бойынша алдынғы қатардағы халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – ХҚО) әлемдік үштігіне кіреді және Азиялық ХҚО арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады.

Гонконг (Сянган немесе САРГ) – Қытай Халық Республикасының арнайы әкімшілік ауданы, 260 аралдары бар Коулун шығанағында орналасқан, ішіндегі ең ірілері – Гонконг (әкімшілік орталығы), Лантау және Ламма.

Гонконгтың территориясы 1104 кв. км құрайды, 8 млн. халқы бар. Географиялық орны (теңізге шығуы) мен тропикалық климатын ескере отырып, Гонконг туристтер ағымына және халықтың миграциясына да лайық (жылына 36 млн. астам туристтер). Гонконг территориясының ресми тілдері қытай және ағылшын болып табылады.

Гонконгтың ЖІӨ $400 млрд. астам, оның 93%-ы қызмет көрсету саласына келеді. Гонконгтың басты саласы болып сауда мен логистика (ЖІӨ-ң 29% жуық) табылады.

Гонконгтың қор биржасы – әлемде үлкендігі бойынша жетінші, ал IPO саны бойынша оны тек Лондондық асып түседі. Жергілікті валюта – гонконг доллары (НК$), ол көршілес жатқан Макаода да еркін айналымда жүреді. Гонконгта жылжымайтын мүлікке бағалар әлемде ең жоғары болып табылады, мұнда 1 кв. м $8 мыңға тең.

Гонконгта өмір деңгейі әлемдегі ең жоғарғылардың бірі: ЖІӨ жан басына шаққанда $46 мыңнан астам. 2013 жылғы мәліметтер бойынша: Гонконг халқының 30%-ын кедейлер құрайды (айдағы табысы $1 мыңға дейін), 40% – орта класс, әр ай сайынғы бастапқы жалақысы $3,5–4 мыңға тарта, оған бизнесмендермен қатар, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер жатады, және соңғысы 30% – байлар, әр 10-шы тұрғын – долларлық миллионер.




  1. Гонконг ХҚО дамуының негізгі факторлары

  1. Тарихи фактор

1842 жылы «опиумды соғыстардан» кейін Ұлыбританияның қарамағына көшсе, ал 1997 жылы Қытайдың суверенитетіне қайта оралды. Гонконг 150 жыл бойы Ұлыбританияның колониясы болуын ескере отырып, кең экономикалық көмек пен әскери қолдауға ие болды. Гонконг экспортқа негізделген елдер үшін тән өз экономикасын құрылымдық қайта жасаудан өткізген болатын:

  1. текстиль мен киім өнеркәсібі;

  2. дамыған елдерден шетелдік капитал, техника және технологияларды тартуы

  3. тез индустриализациясы;

  4. сыртқы сауданың өсуін ынталандыруы, экспортқа өнеркәсіпті бейімдеуі (барлық өнім өнеркәсібінің 90%-на жуығы); 

  5. ғылыми өнім шығарылымы;

  6. қызметтер секторы;

  7. Гонконг 90-жылдары банк және қаржы орталығы болып танылды.




  1. Ішкі факторлар:

  • Ыңғайлы географиялық орын.

Гонконг басты сауда-экономикалық жолдардың қиылысында еді. ХIХ ғасырдың ортасында ол Британ империясының жүк тасымалы базасы болып, порто-франко (еркін кедендік зона мен еркін қойма) мәртебесіне ие болды. Оны жариялау және сыртқы изоляциядан кейін ҚХР-ның Батыспен байланыс каналы болып табылды, сондай-ақ қытайлық экономикасына инвестициялардың негізі қайнар көзіне айналды, Гонконгтың шекарасында Шэньчжэнь ерекше экономикалық зонасының құрулуына түрткі болды. Қазіргі уақытта Гонконг тасымалдау көлемі бойынша әлем ішінде 4-орында;

  • Біршама арзан жұмыс күші.

1949 жылы Гонконгқа коммунистік режимнен қашқан ҚХР-нан мигранттар ағымы ағылды, нәтижесінде Гонконг арзан және білікті жұмыс күшін алды. Мұндай жұмыс күшінің келуі жақында шекараның ашылуынан кейін қайта орын алды.

  • Саяси тұрақтылық.

1997 жылы Қытай Гонконгқа суверенитетті қайта берді, оған 2047 жылға дейін кең автономия ұсынды: ҚХР өзіне қорғаныс пен сыртқы саяси қатынастарды алса, ал Гонконг өз үкіметі, заңдары, елтаңба, ту, валюта және толық экономикалық тәуелсіздікті сақтай отыра, иммиграциялық саясатта еркін болды.

  • Халықтың ойлау ерекшеліктері. 

Табиғи ресурстары жоқ Гонконг күн сайынғы ерінді еңбектенуді талап етеді. Гонконг тұрғындары балалық шақтан бастап, еңбек сүюді және табысқа компромиссіз ұмтылуды ендіреді. Көзге көренетін еңбектену мен тиянақтылықтан басқа, жергілікті тұрғындар үшін тәртіптілік, жинақылық, прагматизм, демократиялық тән. Тұрғындардың көпшілігі бірнеше орындарды жұмыс істейді және барлығы да қор биржасында ойнайды.
3) Гонконг билігінің икемді саясаты: 

  • Еркін нарық пен капиталдың еркін жүрісі

Гонконгтың тіпті бүкіл экономикалық қызметі жеке қолдарда шоғырланған, осыдан оның өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу қабілеті қалыптасты. Экономикаға үкіметтің позитивті араласпау саясаты 1980 жылдан бастап жүргізіліп келеді.

  • Қолайлы салық жүйесі

Гонконгта бизнес жүргізудің үлкен артықшылығы валюталық реттеудің жоқтығы болып табылады, билік тарапынан кез келген валюталық транзакцияларды ешқандай шектеусіз жүзеге асыруға болады.

Гонконгта салық ауыртпашылығы аса төмен: ҚҚС, кедендік баждар, айналымнан салық, дивидендтерге салық, әлеуметтік жарналар жоқ. Әкімшілік көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардан бірқатар салықтар алады:



  • елтаңбалық алымi;

  • мұрагерлік баждарii;

  • оффшорлық компанияның капиталына салық;

  • кәсіпорынды тіркеуге салықiii;

  • оффшорлық компанияның ренттік төлемдері;

  • кедендік баждар мен акциздер;

  • қонақ үйлерде тұруға салық;

  • көңіл көтеруге салық;

  • аэропорттарды пайдалануға салық.

  • Заңдарды қатаң сақтау

Гонконг нарығындағы плюстер арасында сарапшылар бизнес-процесстердің тиянақталғандығын, жинақталған сараптама, құпиялылық, реттеу жүйесінің мөлдірлігін, сатылмайтын соттар және сыбайлас жемқорлық деңгейінің әлемде ең төмен болуын айтады:

  • Transparency International рейтингіне сәйкес Гонконг әлемде 15-орында;

  • 2003 жылы қаржы заңнамасында жаңартулар жүргізілді, жекелей алғанда, 10 заң күшін жойды, және ең алдымен британдық, халықаралық тәжірибеге сай «Бағалы қағаздар мен фьючерстер туралы» Заң (SFO) қабылданды;

  • қаржы нарығындағы мемлекеттік саясатты Қаржы қызметтері мен Қазынашылық істері бойынша бюро белгілейді;

  • қаржы нарығын реттеу Бағалы қағаздар мен фьючерстер бойынша Комиссиямен жүзеге асырылады (Securities and Futures Commission, SFC);

  • САРГ негізгі заңы (The Basic Law of HKSAR), мұнда ҚХР-мен 2047 жылға дейін толық экономикалық бостандық беріледі:

«САРГ Үкіметі Гонконгтың халықаралық қаржы орталығы ретіндегі мәртебесін қолдап тұру үшін тиісті экономикалық және құқықтық ортаны қамтамасыз етуі тиіс» (109-бап);

«САРГ Үкіметінің өзі қаржы бизнесі мен қаржы нарықтарының еркін қызмет етуіне кепілдік беретін ақшалай-несие мен қаржы саясатын қалыптастыруы, сондай-ақ оларды заңға сәйкес реттеу мен бақылауы тиіс» (110-бап);



  • 1985 жылы үкімет пен нарықтың кәсіби қатысушыларымен қаржыландыратын Халықаралық арбитраж орталығы құрылды, әсіресе азиялық аймақта, халықаралық істерді шешуге бағытталған тиімді тәуелсіз органы болып табылады;

  • Инсайдерлік сауда жағдайларын тергейтін, айыппұл мөлшерін белгілейтін арнайы трибунал (Market Misconduct Tribunal) әрекет етеді;

  • 14.01.2014 жылы Гонконг Үкіметі қаржы өнімдері мен қызметтер алуан түрлері үшін үкіметтік облигациялар бағдарламасы шегінде заем алу, исламдық облигацияларды (сукук) шығарылымын қамсыздандыру туралы заңнамаға түзетулерді жариялаған болатын.




  • Қалыптасқан инфрақұрылым

Гонконгта жоғарғы деңгейде ұсталынып отыратын күшті қаржы, офистік және көлік инфрақұрылымы құрылған:

  • Гонконгтың барлық бөлігі, үлкен аралдарын қоса алғанда, көпірлер, эстакадалар мен тоннелдер арқылы бір-бірімен қосылған;

  • жүк тасымалдауы бойынша әлемде 2-орында және жүк терминалы бойынша Азияда 1-орында, супер озық аэропорт әрекет етеді (алып отырған ауданы бойынша оған ешкім жетпейді – 32 га.). Ұшақтар минут сайын ұшуда;

  • әлемнің ірі бажсыз контейнерлі порт, теңіздік сауда флоты 660 астам кемелері бар, тағы да 570 кемеге тарта басқа мемлекеттерде тіркелген;

  • 296-ға жуық банк мекемелері шоғырланған. 100 әлемнің ірі банктерінің 70-тен астамы Гонконгта өз өкілдіктеріне ие;

  • «Силиконды даласы» атты аналогы да бар – Science & Technology Park, онда перспективті идеялармен айналысатын компаниялар үшін барлық жағдайлар жасалған (жеңілдік шарттарында жаңа лабораториялар, құрал-жабдықтар мен офистік аудандар).

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша Гонконг бизнесті жүргізу шарттары бойынша 3-орында.

        • Қолайлы инвестициялық климат 

  • интеллектуалды меншік, өнім, тауарларды пираттық көшірмелерден қорғайтын заңнаманың британдық нормалары әрекет етуде;

  • банк және қаржы қызметінде кішігірім шектеулер;

  • үкіметтік деңгейде кепілдіктер беріледі;

  • тұрақты өз валютасы;

  • валюталық бақылаудың жоқтығы;

  • инфляцияның төмен деңгейі;

  • дамыған қор биржасы (IPO саны бойынша әлемде 2-орында, нарықтық капитализациясы $1,8 трлн.);

  • өзінің халықаралық арбитражы;

  • ағылшын тілін қолдану (халықтың басым бөлігі ағылшын тілін еркін білуі);

  • азиялық тез өсіп келе жатқан нарықтарға жақындығы (Гонконг Еуропа мен Азияның «терезесі» болып табылады. Гонконг экспортының басым бөлігі, ҚХР өндірілген, реэспорт құрайтынын айту ғана жеткілікті. Оған қытайлық экспорттың 60 % жуығы өтуде). 

  • көптеген трансұлттық корпорациялардың азиялық штаб-пәтерлерінің дислокациясы (Гонконг штаб-пәтерлердің шоғырлану деңгейі бойынша Азия-Тынық мұхит аймағында бәрінін де озып түсуде).

Айта кететін жәйт, Гонконг ғаламдық бәсекелестік рейтингінде 9-орынды алып отыр (The Global Competitiveness Index 2012-2013).


4) Әлсіз жақтары:

● халықаралық саудаға үлкен тәуелділігі;

● өнеркәсіптің әлсіз дамуы (электронды, электротехникалық және текстиль салаларының жоғарғы даму деңгейіне қарамастан, бүгінгі күні Гонконгта негізінен ақша өндіреді, ал зауыттар мен фабрикалар материктік Қытайда орналасады, бас офистері осында орналасады);

● ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділік;

● АҚШ долларына гонконг долларының қатаң байланысы; 
● ұлттық байлықтың тең емес үйлестірілуі (яғни халықтың жан басына жоғарғы табыс пен халықтың көпшілігінің жоғары емес жалақысы);

● халықтың жоғары тығыздылығы мен жер тапшылығы;

● ауыз суының тапшылығы; 

● төмен туу факторы;

● материктік Қытайдың жылдан жылға ықпалы артуда.

Қалай болмасын, бірақ бүгін Гонконг планетаның дамыған аймақтарының бірі болып табылады, сонымен қоса Батыстан Шығысқа «экономикалық ауыртпалық» орталығы ауысуда, Гонконг шамамен келесі «ауыртпалық орталығы» болуы болжануда.



  1. Салыстырмалы кесте

Берілген кестеде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы мен Гонконг ХҚО бәсекелестік факторлары бойынша барлық жалпы көрсеткіштер салыстырмалы түрде келтірілген:

р/б



Атауы

Гонконг

Алматы

Айырмашылығы

Ескертпе

Общие данные

1

Тәуелсіздік алуы/жыл

1997

1991

6

Гонконг 172-жылдық тарихы бар, сауда-экономикалық мақсаттар үшін құрылды, ал Алматы (Верный) 1865 жылы негізі қаланған еді (а.ж. – 149 жыл)

2

Тәуелсіздік алғаннан бері өткен жылдар саны

16

22

-6

2013 ж. мәліметтердің жай-күйі бойынша

3

Ауданы, кв.м.

1104

582,3

2

 

4

Халық саны, млн.

7 155

1 476

в 5 раз

2012 - 2013 жж. мәліметтер бойынша

5

Туу деңгейі (коэф.)

0,9

10,7

-9,8

2013 жылдың қаңтар-маусымына мәліметтердің жай-күйі бойынша

6

Зейнет жасының басталуы

ер және әйел адамы

60 жасында



ер – 63 жаста

әйел – 58 жаста



Сәйкесінше 3 және 2 жыл

Гонконгтың ер адам бөлігі орта есеппен зейнеткерлікте 20 жыл, ал әйелдер – 27 жыл тұрса, Алматыдағы ер адамдар – 4 жыл, әйелдер – 18 жыл тұрады

7

Өмір сүру ұзақтығы

ер – 80 жаста

әйел – 87 жаста



ер – 67 жаста

әйел – 76 жаста



ер –13 жыл

әйел – 11 жыл



Гонконг тұрғындары Алматы халқына қарағанда көбірек өмір сүреді

8

Қарым-қатынас тілдері

Қытай, ағылшын

Орыс,

қазақ





Алматыда ағылшын тілі іскерлік қарым-қатынас тілі болуы шарт

Экономикалық мәліметтер

9

GFCI-дағы рейтинг №

3

Қала анкеталауға енгізілді




Гонконг IFCDI рейтингінде 3-орында, онда Алматы тағы да жоқ

10

ЖІӨ, $ млрд.

400

34

366




11

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, $ мың

46

14

32




12

Валюта

гонконг доллары (НК$)

қазақстандық теңге (KZТ)




Гонконг доллары USD негізделген; ал Теңге – USD, EUR, RUB

13

АҚШ долларына валютаның курсы

7,5-тен 7,6-ға дейін

152-ден 155-ке дейін

20,2-20,3




14

Цены на жилье за 1 кв. м., $ тыс.

8-ден 30-ға дейін

1,3-тен 8-ге дейін

6,6-28




15

Өмір сүру деңгейі:

Жоғарғы

Орта




 

Кедейлер %

30

50

-20




Орта класс %

40

20

20




Байлар %

30

12

18

 

16

Минималды жалақы $/сағат

3,6

0,68

2,92




17

Салықтар:

ҚҚС, %

Жоқ

12







Пайдаға салық, %

16 -дан 17,5 -ға дейін

Жоқ

16 -дан 17,5 -ға дейін

Гонконгта резидент және резидент еместермен елден тыс алған пайдаға салық салынбайды

Дивидендтерге салықтар, %

Жоқ

Жоқ







Капиталдың өсуіне, %

Жоқ

10




Сонымен қатар, Қазақстанда KASE инвесторлар үшін жеңілдіктер – акциялар құнының өсіміне салықтың жоқтығы қарастырылған

Роялти (авторлық құқықты пайдалану үшін сыйақылар, патент, сауда белгісі, дизайн немесе модель, жоспар, құпиялы формула және т.б.), %

1,75

10

-8,25

Гонконгта 2 жылдан кейін ставка 1,6% болады

ЖТС, %

Жоқ

10;

5 (дивидендтер)






 

КТС, %

16,5;

20


10;

15;


30




 

Әлеуметтік салық, %

Жоқ

5;

11;


20




 

Көлік құралына салық, %

Түріне байланысты

Түріне байланысты




Гонконгта көлік салығы өте жоғары, сондықтан да ең арзан көлік түрі ретінде метро болып табылады

Шикі мұнайды экспорттауға рентті салық, газ конденсаты, %

Жоқ

Түріне байланысты




 

Жер қойнауын пайдаланушыларға салықтар мен арнайы төлемдер, %

Жоқ

Түріне байланысты




 

Жер салығы, %

15-тен 16-ға дейін

Түріне байланысты




 

17-1

Акциздер:

Азартты ойындар, казино

Тыйым салынады

Тыйым салынады




 

1 мың темекі шылымына табак, $

224,4

19,4

205




1 литр алкоголь

40% -дан 0%-ға дейін 3 жыл ішінде біртіндеп кезең бойынша алып тастау

500-1600 тг

3 жыл ішінде біртіндеп кезең бойынша ұлғайту






 

17-2

Қызмет көрсетуге салықтар:

- мұрагерлік баждар

6% -дан (мүліктің құны 2 -ден 2,5 млн. HK$ дейін) 18%-ға дейін (5 млн. астам)

Баждың түріне байланысты







- гербілік алым

2,75%

0,001

2,65

 

- оффшор компаниясының капиталына салық

0,0001

Жоқ

0,01

Гонконгта оффшор операциялары үшін салықтардың жоқтығы

- кәсіпорынды тіркеу салығы, $

100-ден 350-ге дейін

23,12




 

- оффшор компаниясының жалға алу төлемдері

350$

Жоқ

350 $

 

- кедендік баждар

0,3

КҚ мен баждың түріне байланысты







- қонақ үйлерде тұруға салық, %

5

Жоқ

5

 

- көңіл көтеруге салық

Ипподром мен кинотеатрлардың билеттерінен алынады

Жоқ




 

- аэропорттарды қолдануға салық:

Ішкі рейстер

15 $

3 $

12

«Эйр Астана» АҚ 01.07.2013 ж. мәліметтерінің жай-күйі бойынша

Халықаралық рейстер

15 $

18-ден 21,5 $ - ға дейін




«Эйр Астана» АҚ 01.07.2013 ж. мәліметтерінің жай-күйі бойынша

18

Валюталық реттеу

Жоқ

Бар




 

19

Заңнамалық база

Ұлыбритания/

ҚХР


Қазақстан Республикасы




 

20

Орталық банк

Hong Kong Monetary Authority

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі







21

Сақтандыру компаниялары:

Резиденттер

185 компания

28 компания




Сақтандыру мен қайта сақтандыру төмен ставкалармен салынады, Гонконгта консигнациялық операцияларға салық (резидент еместің атынан резидентпен жүзеге асырылатын) 1% құрайды

Резиденттер емес

91 компания

7 компания







22

Екінші деңгейдегі банктер:

Резиденттер

211 банк

21 банк




2013 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі бойынша

Резиденттер емес

85 банк

17 банк




2013 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі бойынша

23

Брокерлер-дилерлер саны

506

51

455

АӨҚО қатысушылар саны 17

24

Зейнетақы қорлары

2000 жылдан бастап міндетті резерв қоры (MPF) с 2000 года

БЖЗҚ,

2014 жылдың 1 кв. дейін активтерді қосу






 

25

Қор нарығының нарықтық капитализациясы — осы нарықтағы айналымда жүрген бағалы қағаздардың нарықтық жиынды құны

$ 1,8 трлн.

$ 63 млрд.







26

Қызметтер

ЖІӨ 93 % дейін

ЖІӨ 4,5 % дейін




 

27

Туризм

жылына 36 миллион турист

2012 жылы 218 600 турист




Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті

28

Инфрақұрылым деңгейі

№1

рейтингте жоқ




Қайнар көз:

http://pages.eiu.com/rs/eiu2/images/EIU_BestCities.pdf



29

Адамзаттық фактор:

Халықтың білім деңгейі, рейтинг

34

35

-1

 

Білікті персоналға қолжетімділігі

3,7

мәліметтер жоқ




Қайнар көз: http://www.hays-index.com/2013/

Индекс владения английским языком (EF EPI)

22

57

-35

2013 жылғы мәліметтер

Средняя стоимость получения высшего образования

$15 000 - 21 000

$8 000 - 20 000




 

30

Жылына денсаулық сақтауға кететін шығындар, $ орташа

адам басына

1409 -қа дейін



адам басына

294,7 -қа дейін






Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылға мәліметтері бойынша /http://mz.gov.kz/

31

Репутация

№54

рейтингке кірмейді




2013 жылға 100 қалалардың рейтингі (The 2013 CityRepTrak) http://gtmarket.ru/news/2013/10/18/6306

32

Жұмыссыздық деңгейі

3,30%

5,70%

-2,40

Мәліметтер 2013 жылдың жай-күйі бойынша. Гонконгта халықтың миграциясы үшін жұмыс күші арзан

33

Инфляция деңгейі

4,30%

5,8%

-1,50%

2013 жылдың қарашасына мәліметтері бойынша

34

Саяси тұрақтылық

№101

№78

23

Қайнар көз:: http://gtmarket.ru/news/2013/06/11/5992

35

Капиталдың қолжетімділігі

мәліметтер жоқ

мәліметтер жоқ




www.milkeninstitute.org/research -да ақпарат ақылы

36

Импорт-экспорт көлемі

экспорт 242,2

млрд. HK$,

импорт - 27,7

млрд. HK$



экспорт $ 60,7 млрд.,

импорт – $ 35 млрд.






2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіне мәліметтері бойынша

37

Офистік инфрақұрылым, кв.м үшін $

1668,00

257,00




Қайнар көздер: http://www.krn.kz/novost/393, http://www.colliers.com/ru-ru/moscow/insights/market-news/2013/130613-world-most-expensive-office-markets

38

Рейтингте қоршаған орта туралы қамқорлық

63,65

78,45

-14,8

Қайнар көз: http://www.numbeo.com/pollution/rankings.jsp

39

Инновациялар

№7

№84




Қайнар көз:

http://globalinnovationindex.org/content.aspx?page=data-analysis



40

Мәдени алуандығы

85

46

39

Қайнар көз:

http://en.wikipedia.org/wiki/List_of_countries_ranked_by_ethnic_and_cultural_diversity_level



41

Макроэкономикалық орта

12

23

-11

2013 жылдың мәліметтері.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013-2014 ғаламдық бәсекелестігі туралы есебі

http://www.weforum.org/issues/global-competitiveness


42

Филиалды құру үшін қажетті ата-аналық банктер мен сақтандыру ұйымдарының міндетті минималды активтер көлемі

1 315 $ -дан бастап

5 -тен

$ 20 млрд -қа дейін






 

43

Компанияның міндетті жарғылық капиталы, $

1 315 $ -дан бастап

900 $ -дан

450 000 $ -ға дейін






 

44

Компания түрлері

Жауапкершілігі шектеулі (шектеусіз) серіктестік, ЖК, кепілдігі бар ЖШС (limited by guaranty – АҚ тәрізді) және акциялары бар (limited by shares)

ЖШС, АҚ, Өкілдік/Филиал, ЖК




 

45

Халықтың жан басына шаққандағы жиналған тікелей шетел инвестицияларының көлемі

$ 86 млрд.

$ 6,5 мың




2012 жылдың мәліметтері

46

Сыбайлас жемқорлық деңгейі Transparency International, 2013. The Corruption Perceptions Index 2013

№15

№140

-125

Қайнар көз: http://gtmarket.ru/ratings/corruption-perceptions-index/info

47

Суверенді Қор / Ұлттық қор

Hong Kong Monetary Authority Investment Portfolio (шикізаттық емес), 1993

Самұрұқ-Қазына (мұнай), 2000









iБағалы қағаздармен байланысты барлық операцияларға мемлекеттік салықтар салынады. Бағалы қағаздарға салық салу жергілікті қор нарығында алған активтерге ғана қатысты. Алым 500 гонконг доллардан астам операциялар, акцияларды 0,6% (0,3%-дан сатушы мен сатып алушы төлейді) беру бойынша бір топқа кірмейтін комапниялар арасында трансферттерді жүзеге асыру кезінде алынбайды


iiБұл салықпен қайтыс болған тұлғалардың мүлкі, сондай-ақ өлімге дейін 3 жыл ішінде жасалған өмірлік сыйлардың кейбір түрлері салынады. Мұндағы ерлі-зайыптылардың мүлкі салық салудан босатылады, егер де ол тірі қалған ерлі-зайыптыға берілетін болса. Қайтыс болған адам резидент болуы шарт емес, Гонконгта орналасқан бүкіл мүліктке салынады


iiiГонконгта құрылатын әр кәсіпорын тіркеуші бюромен тіркелуі тиіс. Салық банкрот болған кәсіпорындардың жұмыстан шығарылатын жұмысшылар үшін жәрдемақылар қорына жолданады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет