Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына



Дата07.07.2016
өлшемі67 Kb.
#183480



Көкпекті ауданы әкімдігінің

2013 жылғ « 22»ақпанандағы

52 қаулысына қаулысына


« Бастаушы селолық округінің әкімі »

Мемлекеттік мекеме туралы ереже
Жалпы ережелер
1.« Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Бастаушы селолық округі селолық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ведомствалары жоқ.

3. «Бастаушы округі селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Индекс 071001 Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы Абай көшесі № 31 үй, телефон номері 50-080, 50-119

10. Мемлекетттік органың толық атауы - «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1. Селолық округі әкімі қызметіне ұйымдастыру - әдістемелік, құқықтық, ақпараттық, материалдық –техникалық қызмет көрсету;



  1. ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және іске асыру; селолық округтің дамуын жүзеге асыруда соңғы нәтижелерді қамтамасыз ету.


15. Міндеттері:

1. Қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

2.Мемлекеттік бағдарламаларды орындау;

3.Мемлекеттік органның iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

4.Мемлекет және азаматтардың мүдделерін қорғау;

5.ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.


16. Функциялары: Мақаншы селолық округі әкімі аппаратының функциялары: 1.Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2. Өз құзыреті шегінде Анықтамалар, ақпараттар беру;

3.Кадр мәселесін шешу;

4. Халықты хабардар ету;

5. Насихаттау шараларын, (оқыту нысаны бойынша және т.б) құқық түсіндіру жұмыстарын, алдын алу шараларын жүзеге асыру;

6. Аудан Әкімінің қатысуымен іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

7.Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

8.Есепке алу, бағалау, талдау жұмыстарын жүзеге асыру;

9.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

10.ҚР заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.


17. Құқықтары мен міндеттері:
1.Қажет болған жағдайда мәлімет, ақпарат беруді талап етуге, сондай-ақ орындалуы міндетті тапсырмалар беруге; 2. Аудан әкіміне атқарушы билік органдарының қызметі мен құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы; 3.Еңбек тәртібін, Ар-Намыс кодексінің (қызмет этикасы) нормаларын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және өзгеде ҚР заңдарының талаптарын сақтау;

4.Өз құзыреті шегінде Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;

5.Облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау;

6.Жоғары тұрған органдарға есептер мен ақпаратттар беру;

7. ҚР заңдарында міндетті түрде орындалуға тиісті өзге де іс шараларды орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 19. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады. 21. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: Селолық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен,

ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы-сының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) селолық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл дәрігерлік көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігер-лік көмек көрсететін тауя жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

17) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

18) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастырады.

20) селолық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

21) селолық (селолық) округ әкiмi округ аумағында кәсiби емес негiзде медиацияны жүзеге асыратын кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

22) селолық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң алдында жауап бередi.

2. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

 3. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

4. Әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi мiндеттi ресми жариялауға жатады.

5. Әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақты органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

6. Жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, немесе әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.

«Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға - орындайды.

22.Бірінші басшы өз орынбасарының және мамандарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 23. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын селолық округінің әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырады.


25. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


  1. «Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет