Әож 745. 522(574) Қазақ Қалы кілемдерінің тоқылу ерекшелігі мен тәрбиелік мәНІ. Тұрдалы С. Д



Дата15.06.2016
өлшемі42 Kb.
#136624
ӘОЖ 745.522(574)

ҚАЗАҚ ҚАЛЫ КІЛЕМДЕРІНІҢ ТОҚЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.

Тұрдалы С.Д. - 120-12 тобының студенті

Ғылыми жетекші: Жолдасбекова Г.Д. - магистр аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент

Орта Азия болып аталынған шексіз-шетсіз аумақ тау жоталары, шөлдер, далалармен қыраттардың бірлігінен тұратын үлкен континент. Бұл аумақта түркі этностары тіршілік еткендіктен осы аумақ “Түркістан” деп аталынады. Кейініректе Шығыс және Батыс Түркістан болып екіге бөлінді. Көне парсылар қосымша бұл аумаққа “Түран” атын бергендері белгілі. Бұл аумақ әлемнің ең көне мәдениет орталықтарының бірі ретінде, Ғасырлар бойына әртүрлі өркениеттерге үлгі болып, әсем қала тіршілігі мен мәдениетін және көшпенділер мәдениетін өзара жалғастыратындығы байқалып отырады. Аймақта жасалынған археологиялық зерттеулер нәтижесінде көшпенділер мәдениетіне қатысты мыңдаған тасқа салынған суреттердің табылуы, өзгедей тараптардағы ең көне қала мәдениеттерінен қалған мұра болып табылады. Табиғаттың қатал күшінің қысымы немесе зор бүліншіліктерге себеп болған соғыстар нәтижесінде бұл мәдениеттердің барлығы біртіндеп жойылды. Мұндай зор себептерден соң, дәстүрлі мәдениеттің дамуы көптеген заманалар бойына кешеуілдеді. Мұның себептерінің бірі-жабық, бірі-қоғам тіршілігіндегі кемшіліктер болып табылады. Халықтың бі бөлігі қала айналасында отырған және бір басым бөлігі жылқы, сиыр және қой өсірген жартылай көшпенділер болып, шетсіз-шексіз далаларда шашыраңқы түрде өмір сүрген./1/

Осыған орай, тұрмыс шартынан туындаған салт атты көшпелілік мәдениеті ішкі Азияның ең алыс далаларындағы дәстүрді сақтаған. Ғасырлар бойына созылған бұл мәдениет мазмұны ішінде Орта Азияда пайда болған. Ата-бабаларымыздың сурет, мүсін және әшекей өнерлерінің ең алғашқы өрнектері жарыққа шығарылды, Мұнда қазақ ғалымдарының да елеулі үлесі бар. Түркілердің ұйғаруларымен көне түркілерден үлкен айырмашылықтарына назар аударатындай өнер жазбалардың болғандығы сахнаға шықты. Бұл жазбалар антикалық дәуірге өте жақын болып табылады.

Шығыс Түркістанда пайда болған, бұл өнер бағыты біршама кейінірек Батыс Түркістанға таралады. Осы орайда қазақ ою-өрнектері сахнаға шықты. Қазақ халқының көне дәуірлерден бері жалғасып келе жатқан мұрасы болып, анадан қызға, бабадан ұлға беріліп, өзіндік дәстүрге, өзіндік тарихилыққа ұласып жеткен қазақ ою- өрнектері-көшпелі халықтың қолтума ерекшеліктерін дүние жүзін (әлеміне) ұсынған қолөнер болып саналады. Сондай ақ, қазақ халқының қол өнер кәсіпшілігінің, басқа елдермен сауда саттық, қарым қатынасының дамуына байланысты ою-өрнек өнерінде “қажары”, “қарасан”, “терме”, “қақпа”, “бастырма” т.б. атаулар пайда болды. Әйткенмен де көптеген қазақ ою өрнектері аталу мағынасына қарай қамти алмайды. Мәселен, топтарға, тоқу әдісіне қарай (“өткізбе”, “қақпа”, “терме”), ен, таңбаларға байланысты (“солақ”), зат бұйымға орналасуына қатысты (“қолтықша”, “шет”) т.с.с. аталған ою-өрнектерді байқауға болады.

Қол өнердің Орта Азия аймағында ертеден кең дамығаннын мол деректерге сүйене сөз етеміз. Оның өркен жайыуы біріншіден, қазақ халық қолөнерінде кілем өнерінің маңызы зор. Бұл қолөнер археологиялық деректерге қарағанда қола дәуірінде басталған екен. Кілем тоқу көбінесе Оңтүстік –Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстанда таралған. Кілемдерді алғашқы құрылған “Өрмек” құру аспаптарында тоқыған. Ал шикі зат ретінде жұмсақ қой жүні мен көктемде қырқылған “жабағы жүн” деп аталатын түйе жүні қолданылады. Желі жіптер көбіне ешкі қылынан дайындалған. Тек қана таяу уақыттағы тоқылған қалы кілемдердің арқауларына мақта жіптер пайдаланғанын байқаймыз.

Қазақ кілемдерінде негізінде қою қызыл түстер басым болып келеді. Қырмызының жанында көкшіл, сары, қоңыр, қара, ақ және жасыл түстер аралас қолданылған. Оңтүстік Қазақстан кілемдері өзбек, қырғыз кілемдеріне, Батыс Қазақстан кілемдері болса, үлкен және тығыз оюлармен түркімен кілемдеріне ұқсас келеді. Әрбір халықтың ұлттың өзіне тән бейнесі мен нақшын қалыптастыратын дәстүрлері болды. Кейбір кілемдер бір-біріне сәйкес өрнектермен әшекейленсе, кейбіреулері ұсақ жануарлардың бейнелері мен әшекейленген немесе есімдер жазылған болып келеді. Атап айтар болсақ б.з.б. V ғасырда Пазырық қорғанынан табылған түкті кілемде жан-жануарлар мен бұғы мүйіздес ою-өрнек элементтері жиі кездеседі.

Кілемдердегі ою-өрнектер арнайы сызылған (торланған) қағазда дайындалады. Кілем тоқу өнерінде шалу, ілу, қию, тоқпақтау, тегістеу үлгіге қарап отырып кілемнің керілген желі жіптерін санап, өрнек шығару әдістерін көпшілік атқара алғанымен кілемге салынатын үлгіні “асқан шебер” адам даярлап береді. Сондықтан да қазақтардың қолөнер саласын жетік меңгерген эстетикалық талғамы жоғары, ісмерлігі озған адамды “өнеріне қарай өрнегі” деп сүйсіне бағалауы тегін емес. Осы орайда айта кететін бір жайт, ою-өрнек өнерін жастарға үйретуде халық математикалық тәсілдерді де пайдаланған. Олай дейтініміз кілем, алаша, бау, басқұр тоқу процесінде олардың көлеміне қарай жіп сандарын керу, өрнектеріне орай жіптерді санап топтастыру, жіп сандарын есептеп өрнек шығару, басқа бұйым заттарға да өрнек түсіруде оюдық формасын, пішімін бұзбай салуы, оюлардың үндесуі бәрі есептеліп отырады.

Көне уақыттардан бері қазақ кілемдері толығымен түркі түйінімен тоқымашылығын пайдаланды, соңғы жылдарда түркі түйінімен бірге парсы түйіні де қолданыла бастады. Шалма оюы тоқылу әдісіне қарай аталған. Шалма жіпті не таспаны әрі-бері өткізіп тоқу мен өрудің бір әдісі, осы әдістің аты бұл жайлы С.Қасиманов “шалма өрнек тоқу өнерінің бір әдісі, өрім өрудің бір түрінің атауы” десе /2/ Ә.Тәжімұратов “Керілген желіге салынатын түрді еркек жіптен алып, ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу” деп те атайды-дейді /3/ Осында айтқанға орай “шалма” деп тек қана күзулі (еркек)* жіптен алып күзусіз (ұрғашы)* жіпке шалып орағанды да айтады. Оң шалу, теріс шалу сияқты тіркестер осының дәлелі. Оң шалу деп түр жіпті күзулі жіптен алып, күзусіз жіпке шалып орау айтылса, теріс шалу деп түрді күзусіз жіптен алып күзулі жіпке шалып орағанды айтады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында кілемді теріс шалу әдісімен тоқиды. Көбінесе кілем тоқуда шеткі 6-8 жібінің мықты болуы үшін теріс шалу немесе орама әдісі қолданылады.

Қазақ халықтарында кілем түрлері қолданылған жеріне және функцияларына қарай әртүрлі болып аталады. Диван кілемі, жайнамаз кілемі, жайнамаз кілемі, бас жастық кілемі, аққап, кесе қап, қоржын, дорба, қол дорба, жерге төсейтін кілем, жайма кілем. Қазақ кілемдерін Ә.Тәжімұратов 1977 жылы төмендегідей түрлі топтарға саралады. Масаты кілем, жібек кілем, түкті кілем, қара кілем, терме кілем, түркімен кілемі Араб кілемі, Парсы кілемі, Торғай кілемі, Бұқар кілемі, жол кілем, жолақ кілем, қалы кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, әнді жан кілем, Адай кілем осы атаулардың өзі қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде тоқылғанын аңғартады. Қазақтар қолдан тоқылған кілемді екі топқа бөледі Түкті (қалы) және тақыр кілем (жалаң тоқыма кілемдер). Түкті кілемдердің, яғни қалылардың тоқылуы тақыр кілемдерден аса қиын және тоқылуы уақыт алады. Қазақ ұлттық кілем тоқу өнерінің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, олардың ақыл ойын дамытып, адамгершілік қасиеттерін (силастыққа, жауапкершілікке өнерге деген құрмет т.б.) арттырады, қыз баланы ұқыптылыққа, төзімділікке, еңбекқорлыққа баулиды.


*Ұрғашы – кілем тоқу үшін керілген, желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жібі.

*Еркегі – керілген желі, төсек жіптердің төменгі күзусіз жіптері.




Әдебиеттер:

1.Парлақ. Дәстүрлі қазақ қалы өнері және ТІКА Арал Аймағы.

Қалы тоқу өнерін дамыту жобасы. Анкара. 2002.47 бет.



2.Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. А., 1969, 66-72 бет.

3.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. А., 1977, 55 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет