Горбунов ауылдық кітапханасы



Дата25.02.2016
өлшемі11.12 Kb.
Горбунов ауылдық кітапханасы
Горбунов ауылында алғашқы кітапхана 1967 жылы жер үйден ашылғанда кітапханашы болып А.Сатаева жұмыс жасаған. Онда барлығы 800 дана кітап қоры болған.

1979 жылы кітапхана бұрынғы клубпен бірге жаңа орынға кішіріледі, ол кезде кітап қоры 1900 данаға жеткен. Кітапханашы болып Н.П.Мановицкая жұмыс жасаған.



1980 жылы Анна Александровна Краснова кітапхананы қабылдап алғанда кітап қоры 2036 дана болады. Сол жылдары кітапханада жан-жақты жұмыс жасайтын қызыл бұрыштар ұйымдастырып, дала қостарында көрнекті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жар газеттері мен найзағайлар шығарылып, социалистік жарыстың барысы мен қорытындыларын насихаттап, жеңімпаздарын марапаттап отырды. Сонымен қатар, дала қостарына кітаптар мен мерзімді басылымдар апарылып, таныстырылып қызмет көрсетіліп тұрды.

Кітапханашы А.А.Краснова 2007 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжісінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірді. Қазіргі кезде кітапхананың кітап қоры 5400-ден астам, жылына 100 шақты оқырманға 3000-ға жуық кітап берілімін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет