Гормонды дәрілер
Гормондар – ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар. Гормондармен емдеу орынбасу терапиясы деп аталады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде түзілетін гормондар:
Адренокортикотропты гормон (АКГГ)
Өсу гормоны
Лактогенді гормон (сүт шығаруға қатысатын гормон)
Тиреотропты гормон – ТТГ (қалқанша безі гормонының түзілуін күшейтеді)
Гонадотропты гормон.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонды препараттары: Соматотропин, Пролактин, Тиротропин, гонадотропин (менопаузалық және хорионикалық гонадотропин).
Гипофиздің артқы бөлігінде түзілетін гормондар: Окситоцин, Вазопрессин (антидиурездік гормон). Вазорессин жетіспегенде несеп шығу күшейеді.
Препараттары: Окситоцин, Питуитрин, Адиурекрин, Гифотоцин
Қалқаншабезі гормондары: Тироксин, Трийодтиронин, Кальцитонин.
Қалғанша безі қызметінің бұзылуында дамитын аурулар:
Кретинизм — туа біткен қалқаншабезі гормон жетіспеушілігі.
Микседема — жүре біткен қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігі.
Эндемиялық зоб — қалқаншабезі гормондарының түзілуіне қажетті йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
Қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігінде Тиреоидин, Трийодтиронин, калий йодиді, L-тироксин, кальцитонин препараттары қолданылады.
Зобта: Калий йодиді, Йодомарин, Йодбаланс, Антиструмин қолданылады.
Қалқанша безі гормон түзілуін төмендетуге:мерказолил қолданылады.
Қалқансерікбезі гормоны Паратгормон.
Препараты: Паратиреоидин.
Ұйқы безі гормоны: Инсулин (51 амин қышқылынан тұрады).Қантты диабет ауруында қолданылады.
Препараттары: Инсулин, Хумулин. Инсулиннің дәрілік препараттары қысқа әсерлі, орташа әсерлі, ұзақ әсерлі болады. Концентрациясы әсер бірлікпен белгілеледі (1 мл-де 40ӘБ, 80ӘБ, 100ӘБ шығарылады).
Ағзада қант мөлшерін азайтатын дәрілер: Диабетон, Манинил (Глибенкламид), Глибутид (Адебит), Сиофор.
Әйелдің жыныстық гормондары.: Эстрагенді және гестагенді гормондар
Эстрагенді гормонды препараттар: Эстрон, Синэстрол, Эстрадиол дипропионат
Гестагенді гормонды препараттар: Прогестерон, Дюфастон
Контрацептивті дәрілер: Бисекурин, Нон-овлон, Регивидон, Марвелон. Жүктілікті болғызбас үшін қолданылады.
Ерлердің жыныстық гормоны: Тестостерон.
Преператтары: Тестостерон пропионат, Метилтестостерон.
Анаболикалық стероидты дәрі: Метандростенолон, Ретаболил
Бүйрекүстібезі гормондары:
Глюкокортикоид гормон: Гидрокортизон
Минералокортикоид гормон: Альдостерон. Препараты: Дезоксикортикостерон ацетат
Глюкокортикоидты гормонды препараттар (глюкокортикостероидтар): Гидрокортизон (Hydrocortisoni acctas 2,5-2мл), Преднизолон (Prednisolonum 30 мг-1мл), Дексаметазон, Триамцинолон.
Глюкокортикостероидтар көмірсулардың алмасуына қатысып, ақуыздың ыдырауын жылдамдатады. Кальций иондарының сіңірілуін төмендетіп сүйекті жұмсартады.
Глюкокортикоидтардың түзілуі (синтезі) гипофиздің алдыңғы бөлігі гормоны Адренокортикотропты гормонмен күшейеді.
Глюкокортикостероидты препараттар қолданылады: шокта (кардиогенді, операциядан кейінгі), аллергияда, бронх демікпесінде, ревматизм, ревматизмдік артрит, радикулит, жіті панкреотит, жіті лейкоз, экзема, құяңда (геморройда), миастенияда, Аддиссон ауруында (сусыздану), мүше трансплантациясында, қабынуларда.
Глюкокортикостероидтар тек дәрігердің бақылауымен қолданылады.
Жанама әсері: аяқта, қолда майлар азайып, мойында, қарында, арқада, бетте май көбейеді. Асқазан жарасы қозады, психоздар болады, артериялық қысым жоғарылап, ағзада қанттың мөлшері көбейеді, қанның ұюы жоғарылайды.
Кенеттен дәріні қолдануды доғарғанда — доғару синдромы байқалады.
Минералокортикоид (альдостерон) гормон натрий және калий иондарының алмасуына әсер етеді. Натрий иондарын қайта сіңіріп, калий иондарын шығарады. Минералокортикоид гормондар көп болғанда ағзада Na және су жиналады. Ісік болып, артериялық қан қысымы жоғарылайды, К+ азаяды. К+ азаюынан бұлшық еттің жұмысы әлсіреп, миастения дамиды.
Минералокортикостероидтар жетіспегенде Na+ мен су көп шығып ағза сусыздануынан (обезвоживание)Аддисон ауруы дамиды. Бұл бүйрекүсті бездері зақымданғанда болады.
Адреналин бүйректің милы қабатында түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |