Жоба
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
|
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
|
_____________________
|
|
№ _____
|
|
Алматы қаласы
|
|
город Алматы
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 37-38 (27110) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.».
2. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 244 (27318) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.».
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Амангелдиев А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасына
түсіндірме жазбасы
р/с
№
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі
| Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты |
1.
|
Әзірлеуші бөлімше
|
Қолма-қол ақша айналысы департаменті
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме
|
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама
|
«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына және «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысының жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының бекітілуіне байланысты сілтеме нормаларының бөлігінде және «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысының аталуының өзгеруіне тиісті өзгерістер енгізу көзделген.
|
4.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер
|
Жоба Қазақстан Республикасы Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығымен (филиалы), Ұлттық Банкінің территориялық филиалдарымен келісілген.
|
5.
|
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер
|
Қажет емес
|
6.
|
Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер
|
«Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ сараптама – қорытындысы 2015ж.18.09 № 2/01/3337 хаты (ұсыныстар мен толықтырулар жоқ),
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындысы 25.09.2015ж. №11400 хат (ұсыныстар мен толықтырулар жоқ)
ҚР Ұлттық банкі жанындағы Кәсіпкерлер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің 2015 ж.__.__. № __ хаттамасы
|
7
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер
|
Қажет емес
|
8
|
Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері
|
Шығындарды үлкейту көзделмеген
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
жоқ
|
Қолма- қол ақша айналысы
департаментінің директорының м.а. С. Сағындықов
орындаушы С. Үмбетов
телефоны 8 (727)2704-916
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банкноттардың қатар айналыста болу
кезеңін белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасына
салыстырмалы кесте
р/с
№
|
Жобаның өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін құрылымдық элементі
|
Қолданыстағы
редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме/
түсініктеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысы
|
1
|
2-тармақтың 1) тармақшаның үшінші абзацы
|
операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы
3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
|
операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
|
ҚРҰБ Басқармасының 2001 ж. 3.03. № 58 қаулысының аталуы өзгерген
|
2
|
2-тармақтың 2) тармақшаның үшінші абзацы
|
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
|
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
|
ҚРҰБ Басқармасының күшін жоғалтқан қаулысына сілтеме жасалынған
|
р/с
№
|
Жобаның өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін құрылымдық элементі
|
Қолданыстағы
редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме/
түсініктеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
«2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы
|
|
2-тармақтың 1) тармақшаның үшінші абзацы
|
операциялық кассаға келіп түскен ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы
3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
|
операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
|
ҚРҰБ Басқармасының 2001 ж. 3.03. № 58 қаулысының аталуы өзгерген
|
|
2-тармақтың 2) тармақшаның үшінші абзацы
|
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
|
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
|
ҚРҰБ Басқармасының күшін жоғалтқан қаулысына сілтеме жасалынған
|
Қолма-қол ақша айналысы
Департаментінің директорының м.а. Сағындықов С.А.
Орындаушы: С. Үмбетов
Телефоны: 8 (727)2704-916
Достарыңызбен бөлісу: |