Графикалық бейнелерді ұсыну әдісі



бет1/3
Дата28.01.2024
өлшемі29.66 Kb.
#490061
  1   2   3
ДӘРІС. 3docx


ДӘРІС №3


2 Графикалық бейнелерді ұсыну әдісі


Графикалық бейнелерді ұсыну әдісі. Түсті үлгілер. Растр бейнелерінің түрлері.Графикалық файлдардың форматтары.


2.1 Графикалық бейнелерді ұсыну әдісі.

Сандық түрде картографиялық ақпараттарды бейнелеу және сақтау үшін графикалық бейнелерді ұсыну әдісінің екі түрлі түрі пайдаланылады: растрлық (нүктелік) және векторлық.
Растр бейнесінің өзі элементтер матрицасы – пиксельдер сияқты болып келеді. Әрбір пиксель көлемімен, түстер белгісімен, түс тереңдігімен және орнымен сипатталады. Растр бейнелерін жөндеу арнайы пиксельдер тобының түсін өзгертумен қорытындылады да, объектілердің пішінінің өзгертуіне жетеді.
Көбінде растр бейнелері түпнұсқаны сканерлеу жолымен алынады (фотографиялар, слайдтар, суреттер) және де картографиялық шығармашылықтарды хаттауда пайдаланылады. Растр графикасының негізгі жетістіктері: фотошынайылылығын және бейнелеу ақпаратын енгізудегі жеңіл автоматизациясы болып табылады. Кемшіліктері: файлдардың үлкен көлемділігі, ақпаратты жоғалту мүмкіншілігінсіз бейнелер көлемінің үлкеюлері мүмкін емес.
Картографияда картографиялық құжаттардың (сканерленген қағаз карталар) растрлық көшірмелері кеңінен таралған, мұндай бейнелер құрастыру – хаттау жұмыстарын жүргізу үшін картографиялық негіз болды.
Бейнелер векторлық көрінуінде объектілердің математикалық сипаттаудың көмегімен құрылады және де т.б. бейнелер түрінде көріне алады. Векторлық графиканы сондай-ақ «объектілі-бағытталған» да деп атайды, яғни бейнелер элементтері бір-бірімен байланысты емес, олардың көлемдері, пішіндері және түстері бір-біріне тәуелді болмауы мүмкін, тез және сапасын жоғалтпай өзгеруі мүмкін.
Әрбір векторлық редактор мәліметтерді өзінің ішкі форматында сақтайды, сондақтан бір векторлық редакторда құрылған бейнелер, ереже бойынша, кателіксіз басқа бағдарламаның форматына жинақталмайды 1конверттелмейді.
Компьютерлік карта құрамында бейнені ұсынудың векторлық пішіні болады, векторлық объектілер негізінде картаның бүкіл элементтері құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет