ХҚ-1
Эссе
Жаңғыру (модернизация) және урбанизация. Миграция. Жаһандық урбанизация. Қазіргі урбанизация жағдайындағы қала және ауылдық жердегі мәселелерге сараптама.
Ең алдымен, модерниация және урбанизация терминдерге анықтама берсек. Модернизация деген кез келген объектінің жаңаруы. Ол объектіге нені жатқызамыз? Объект ретінде әлеуметтік қатынастар, экономика, саясат, мәдениет, одан бөлек технологиялық процестер мен механимздерді жатқыза аламыз. Бір қарапайым мысал келтірсек. Сізде жаңа компьютер бар делік. Бірнеше жылдан кейін сатылымда осы копьютердің жаңа нұсқасы шықты, яғни жаңа процессор, жақсы видеокарта т.б. Енді осы компьютермен жұмыс істеуді қалайсыз. Қажет ақшаны жинап, соңында өз жоспарыңызды орындайсыз. Осыны модернизация деп аталады. Модернизация экономикадағы, саясаттағы, білім берудегі, дәстүрлер мен қоғамның діни өміріндегі тұрақты өзгерістерді қамтиды. Модернизацияны толық түсіну үшін бүкіл қоғамға әсер ететін өзгерістердің жиынтығын білу керек. Бұл өзгерістердйң әрқайсысы әртүрлі және күрделі. Оның үстінде әрбір елде жаңғыру процесстерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Урбанизацияға келетін болсақ, көне латын тілінен аударғанда қалалану деген мағынаны білдіреді, яғни бұл – қалалықтың өсуі, қалалық өмір салының таралуы мен үстемділігі. Ол қалай пайда болады? Урбанизация негізінен мегаполистерді қамтитын қалалық елді мекендердің ірі кластердің дамуында пайда болады. Бүкіл әлемде қалалардың жағдайы дамуында. Себебі, адамдар өзінің өмір сүру салтын жақсару мақсатында, балалардың жақсы болшағы үшін ауылдан көшіп жатыр. Одан бөлек жұмыспен қамтылу мен білім алу мақсатымен көшуде. Бірақ қазіргі заманда инфрақұрылым дамығаннан гөрі қала халқы жылдам өсуде. Бұл қандай мәселелерге алып келу мүмкін?
Қазақстанда урбанизация қазір 57%, яғни халықтың осынша пайызы қалада
тұрады және жыл өткен сайын арта түсуде.
Негізі өзге елдермен салыстырсақ, жоғары көрсеткіш емес. Мәселен, АҚШ-та –
82%, Оңтүстік Кореяда – 83%, Голландияда – 90%, Жапонияда – 94%.
Алайда, урбанизацияның сапасы да маңызды. Мәселен, Қазақстанда ресми түрде
87 қала бар, бірақ оның 70%-ы ұсақ қала, 20сының ғана халқы 100 мыңнан асады.
Яғни, барлығын «мегаполис» деп айта алмаймыз.
Бірі – индустриялық не табиғи. Елдің
бір аймағында ірі құрылыс, өндіріс басталғанда, жұрт сол жаққа қоныс
аударады. Екіншісі – амалсыз немесе тұрмыстық. Өкінішке қарай, Қазақстанда
екінші түрі жүріп жатыр. Жоғарыда айтылған ауыл-аймақтағы жұмыссыздық.
Соның салдары. Неге? Өңірлер әлі экономиканың локомотиві деуден
аулақпыз, тіпті қолдаушы компонентіне айналмады. Республикалық
бюджеттің көмегімен өмір сүреді. Әсіресе оңтүстік өңір. Мысалы, сол
облыстың қазіргі өндіріс өнімі 1991 жылғы көрсеткіштен 22 есе кем екен,
Ақмола облысы 15 есе, Жамбыл облысы 10 есе аз. Ал 2017 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысының атауы әлі өзгермей тұрғанда бюджеттің 80%-ы
республиканың берген дотациясы еді. Басқаша айтсақ, өндіріс орындарымен
«екі қолға бір күрек» болатын жұмыс аз. Соның нәтижесінде өзін-өзі
жұмыспен қамтушылар деп аталатын үлкен тап шықты (саудагер, құрылысшы,
шаштараз). Бүгінде Қазақстандағы барлық 2 млн 700 мыңдай өзін-өзі
жұмыспен қамтушының 45-50%-ы Түркістан, Жамбыл, Алматы облысына
тиесілі. Яғни, бұл санаттағы азаматтарда тұрақты жұмыс болмағандықтан,
оларды ішкі миграцияға дайын ең мобильді топ деп атасақ, қателеспейміз.
Олардың бүгін Шымкентте болып, ертең Таразда істеп, 2 айдан соң Алматыда
жұмыс табуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |