Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет1/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)


Абдалиев Жасулан Абдиганиугли

Дш-19қк/3


Ұлттық спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру

п.ғ.к., доцент Кошбахтиев И.А.



МАЗМҰНЫ


Кіріспе...................................................................................................................3


1 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................6
1.1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер.................6
1.2 Ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны.................................................................................................16
1.3 Салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолданудың мүмкіндіктері.......................................................................................................24


2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................34
2.1Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық спорт түрлерін қолдану әдістері ..................................................................................................................34
2.2 Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялары.......................47


Қорытынды.....................................................................................................58


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................61

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.
Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В.М.Димов әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, «... денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н.М.Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркениеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді: (экологиялық жағдайдың нашарлауы; стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі).
Ерекше қауіп тудырып отырған нәрсе ертеректе тек егде жастағы адамдарда кездесетін аурулардың «жасаруы». Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер «... 2002 жылы 933912 (53,8%) тұлғанын денсаулық күйіңде түрлі патологияның бар екенін көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда - жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда - тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйе аурулары байқалады». 2002 жылдың бірінші жарты жылында өкпе ауруымен 1110 оқушы (ҚР барлық ауырғандардың 8,4%), сары аурумен 31,2 %, соның ішінде Шымкентте 83,1%».
Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. «... 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішеді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі...» Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет