Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
22
Қазақстанда аутизмге шалдыққан балаларды бӛлек оқытатын, оларды әлеуметтік ортаға
бейімдейтін мемлекеттік орталық жоқ. Сондықтан аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары
«Ашық әлем» атты қоғамдық қор құрған. Олар бұл қордың аясында бір-бірімен ақыл-кеңес алмасады.
Осы ұйымды құрушылардың бірі – Диляра Сұлтаналиева. Оның 11 жастағы баласы да аутизммен
ауырады. «Қазір Қазақстанда балалардың дұрыс жетілдіру, оларға білім беру, әлеуметтік бейім-
деумен ата-аналардың ӛздері жеке айналысып жүр. Қазақстанда аутизмді емдейтін, оның алдын
алатын мамандар жетпейді. Аутизмге шалдыққан біраз балаға басқа диагноз қойылған» дейді
Д.Сұлтаналиевна.
Осы қордың мүшесі Әлия Арқарованың пайымдауынша, аутизмнің күрт ӛсуін бүкіл әлем
ғалымдары зерттеп жатыр. Бұл жаппай кездесетін құбылысқа айналып барады. Бірі – ананың
денсаулығы әсер етеді десе, бірі – экологияны кінәлайды. Қазір біздің алдымызда аутизммен
ауыратын балаларды әлеуметтік ӛмірге бейімдеу, оларды оқыту мақсаты тұр. Қазақстанда заң бойын-
ша, балалардың барлығы тең құқылы. Бірақ механизм жоқ. Мәселен, аутизмге шалдыққан балаларды
оқыту үшін мемлекеттік тұрғыда кӛп құжаттар дайындалуы керек. Аутизм Қазақстанда әлі терең
зерттелген жоқ. Терең зерттелген жағдайда науқас балаларды оқыту мәселесі де қарастырылар [3].
Жоғарыда атап кӛрсетілген бағдарламалармен арнайы мамандармен бірігіп жұмыс істеген
қаншама ата-ана, балаларын аутизмнен шығарып, талантын ашып отыр. Және бұл жоғарыдағы
кӛрсетілген ӛмірге бейімдеу жолдары мен оқыту әдістерінің сабақтастығы нәтижесінде:
1. Қазақстанда аутизмді түзету үшін ресурстық орталықтар желісі сәтті жұмыс істейтін болады;
2. Аутизмге шалдыққан балалар кәсіби оңалту мен әлеуметтік ӛмірге бейімделуде кӛмек алады;
3. Ата-аналар ақпарат, кеңес және психологиялық кӛмек алады;
4. Диагностикалау, яғни түзетуді даму кезеңінің ерте сатысында бастау мүмкіндігі туады;
5. Елімізде аутикалық спектр бұзылуы бар балалармен, үлкендермен жұмыс істейтін ӛзіміздің
кәсіби мамандарымыз болады;
6. Аутизмге шалдыққан балаларды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар және аутизмге
шалдыққан балаларды қосу үшін білім алу ортасының үлгісі әзірленіп, енгізіледі;
7. Халыққа аутизм туралы толығырақ мағлұмат беріледі, қоғамның аутизмге шалдыққан адам-
дарға деген пікірі ӛзгереді [4].
Аутизмге шалдыққан балалармен оқу-тәрбие жұмысында зейіннің маңызы зор. Сондықтан да, оқу
жұмысында осы психикалық үрдісті дұрыс ұйымдастырып, дамытып отыру қажет. Зейін-таным
процесінің басты факторы.Аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс барысындағы ең күрделі мәселе-
оның зейінін аудару, зейіннің тұрақтылығы.
Зейінді дамытуға ойын терапиясы тиімді. Ойын терапиясы баланың кӛптеген сұраныстарын
қанағаттандырады. Бұл баланың танымдық және ерік кӛңіл-күй сферасын дамытуға бағытталған,
дәлелденген педагогикалық әдіс.Аутизмге шалдыққан баланың зейінді зерттеу әдістері ретінде
мыналар қолданылады: «Ӛз ойыншығыңды тап!», «Менің жанұям», «Допты домалат!», «Сиқырлы
жіп», «Мұндай бар ма?», «Үй салайық!», «Сыңарың тап!», «Бағдаршам», «Аяқта!» және басқалары.
1. Аутизмі бар бала бір орында отырып ойнай алмайды, сондықтан әрбір істі оның ыңғайына
келтіріп, ойын арқылы ӛткізуге тырысыңыз.
2. Ойын баланың даму деңгейі мен мүмкіншілігіне сәйкес келуі керек және балаға үнемі кӛмек
кӛрсетілуі қажет.
3. Ойында еркіндік элементтері болуы керек.
4. Әрқайсысы қызықты әрі жаңадан болуы үшін, үнемі ойын барысын ӛзгертіп отыру қажет.
5. Аутизмі бар бала ұзақ уақыт бір нәрсемен шұғылдана алмайды.
6. Баланы басқа балалармен ойнауға үйрету қажет.
7. Баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін:
- жіпті моншақтарды жылжыту;
- пішіні,кӛлемі және түсі бірдей заттарды іріктеу;
- заттарды ыдысқа салу және оларды қайтадан шығару.
8. Кӛлемді бас қатырғыштар мен құрылыс кубиктері де заттардың пішіні мен түсін ажыратуға
кӛмектеседі және ұсақ моторикасын дамытады.
9. Ойыншықтар таза және қауіпсіз болуы қажет [2].
Қорытындылай келе, жалпы әлемде аутизмнің таралуы кейінгі жылдары күрт ӛсуде. Аутизмнің
пайда болу себептері, алдын алу шаралары мен емдеу жолдары әлі толық зерттелмеген. Дегенмен,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
23
аутизмнің кӛріну белгілері анықталған. Аутист балаларды оқу-тәрбие арқылы түзету және реа-
билитациялау, әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстарын оңалту орталықтары балаларға кӛмек кӛрсету
үшін жылдан-жылға тәжірибесін арттыруда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Даулетиярова М. Аутизм синдромына шалдыққан балалармен түзету жұмыстарын жүргізу
ерекшеліктері // Дефектология журналы, №1 қаңтар, 2011 жыл.
2 Тлеумбетова А. Аутизмге шалдыққан балалардың коммуникативті дағдыларын түзете-
дамыту // Дефектология журналы, №4 шілде-тамыз, 2014 жыл.
3 https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_autism_diagnose_problems/25447450.html
4 http://group-global.org/kk/node/32273
УДК 373.2-056.26
МРНТИ: 14.07.03
А.М. Әбдіқадыр
1
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |