Халықаралық қатынастар факультеті
«халықаралық құқық» мамандығының 2 курс бакалариаты үшін
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы- Ерекше бөлімі» пәні бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы
Оқытушы з.ғ.к., Әпенов С.М.
«Қорытынды емтиханды өткізу ережесі. Тестілеу»
Емтихан форматы – синхронды. Емтихандық тестілеу 50 адамға дейінгі шағын топтарға арналған университеттің СДО MOODLE ресми ақпараттық-білім беру платформасында ғана өткізіледі. Оқытушы СДО Moodle-де «Тест» элементін жасайды және сұрақтар банкісіне қолмен енгізе отырып, сұрақтармен толтырады. Билеттер автоматты түрде қалыптасады. Жүйе дұрыс жауаптардың кілттері бойынша автоматты түрде тексеріледі.
Тестілеудіен өтуді бақылау – онлайн практоринг. Онлайн-емтиханды нақты түрде веб-камера бойынша маман да (күндізгі практоринг), студенттің жұмыс столын, кадрдағы адамдардың санын, бөтен быбыстар мен дауыстарды және тіпті көзқарастың қозғалысын (киберпракторинг) бақылайтын бағдарлама да тексереді. Көбінесе аралас прокторинг түрі қолданылады: емтиханның видеожазбасын бағдарламаның ескертпесі арқылы қосымша түрде маман да қарайды және шынымен де тәртіп бұзудың орын алғандығын анықтайды. Прокторинг болмаған жағдайда қоса алғанда 20 студентке дейінгі топтарда міндетті түрде видеожазба жүргізіледі. Видеожазбаның жауаптылығы оқытушыда болады. Видеожазба сессия аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде оқытушыда және кафедрада сақталады. Студент прокторинг бойынша нұсқаулықты СДО Moodle тыңғылықты таныса алады. Студент емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын практоринг бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес емтиханға дайын болуы қажет.
Өткізу графигі: Емтихан «Универ» жүйесіне алдын ала енгізілетін кесте бойынша өткізіледі және студентке факультет және кафедра арқылы хабарланады. Студентке алдын ала ескертілетін бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Пән бойынша тест сұрақтарының саны: 5 кред. = 75 сұрақ. Тесте кем дегенде 4 түрлі сұрақтар бірдей көлемде қолданылады. 1 тест комплектіде (мысалы, 6 көптік таңдау + 6 дұрыс/дұрыс емес+6 қысқа жауап+7 сәйкестендіру = 25). СДО MOODLE емтихан уақытының ұзақтығы– 60 минут 25 сұраққа, 1 рет қана өтеді.
Бағалау саясаты: СДО Moodle-де жиналған балл «Тест» элементі үшін құрылған Moodle жүйесінің баға журналында тестілеу өткеннен кейін бірден көрсетіледі. Оқытушы балды ИС Univer – дегі аттестациялық ведомостке қолмен қояды. Баллдардың қою уақыты 48 сағатқа дейін.
Тестілеудің нәтижелері прокторинг нәтижелері бойынша қайта қарала алады. Егер студент тестілеуден өту ережелерін бұзған болса, оның нәтижесі жоққа шығарылады.
Емтихан үшін тест сұрақтары берілетін пән тақырыптарының тізімі
1. ҚР қылмыстық құқығы Ерекше бөлімінің түсінігі мен жүйесі. ҚР қылмыстық құқығындағы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
2. Адамның жеке басына қарсы бағытталған өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар.
3. ҚР қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандар мен от басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
4. Адам мен азаматтардың Конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
5. Бейбітшілікпен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
6. Медициналық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
7. ҚР қылмыстық құқығы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігіне және конституциялық құрылысының негізіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
8. ҚР қылмыстық құқығы бойынша меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
9. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
10. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар.
11. Коммерциялық және өзге де ұйымдардардың мүдделеріне қарсы қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
12. Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
13. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
14. ҚР қылмыстық заңы бойынша халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы құқық бұзушылықтар.
15. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
16. Сот төрелігіне және жазаның атқарылуына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
17.Көлік саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Оқулық әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім : Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2015.- 517.
3. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. – Алматы: Жеті жарғы, 2015.
4. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. – 332 б.
5. ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |