Экономические науки/2. Банки и банковская система.
К.э.н. Айдосова Б.Х.,
Магистр экономических наук Жунусова Э.Ж.
Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата, Казахстан
Қазақстанның эмиссиялық операциялары мен қолма-қол –ақша айналымы
Эмиссиялық операциялар – бұл ақшаларды шығару мен айналыстан шығару операциялары болып табылады. Қазақстан эмиссиясы тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады және бұл заңды түрде бекітілген. Айналысқа қолма-қол ақшалар банктік билеттер не метал монеталары түрінде шығарылады. ҚР Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың төлем қабілеттілігі белгілерін белгілейді және де Қазақстаннның аумағында қажетті шығындар үшін айналыстағы қолма-қол ақшалар үшін жауапкершілікті өздері алады. ҚР Ұлттық банкісіне ұлттық ақша бірлігінің төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығындағы ақша айналысының тұрақтануы міндеті ҚР Ұлттық банкісіне жүктелген.
Эмиссиялардың орталықтандырылған тәртібі кез-келген деңгейде әрбір эмиссиялық операциялар бойынша тізбектелген есеп және есеп беру жүйесімен анықталған. Эмиссиялық-кассалық ұйымдастыру тәртібі тек Ұлттық банкпен ғана бекітіледі. Барлық елдердегі қолма-қол-ақшалай айналымының экономиканың нарықтық және де әкімшілік модельдерінің аз ғана бөлігін құрайтынына қарамастан, оның маңызы зор болып табылады. Тек қолма-қол ақша айналымында ғана тұрақты түрде ақша айналысы қайталанып отырады. Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы ҚР Ұлттық банкісінен бастау алады. Қолма-қол ақшалар оның резервті қорларынан айналым кассаларына аударылады да, солай олар айналысқа түседі. Бас есеп-айырысу –кассаларының айналым кассаларынан (Головных расчетно-кассовых центров (ГРКЦ) немесе есеп-айырысу- кассалық орталықтарынан (расчетно-кассовых центров (РКЦ) қолма-қол ақшалар коммерциялық банктерінің клиенттерге – заңды не жеке тұлғаларға берілуі үшін операциялық кассаларға бағытталады (кәсіпорындар мен ұйымдардың кассаларына, не тікелей халыққа). Кәсіпорындардың және ұйымдардың кассаларында жатқан қолма-қол ақшалардың бір бөлігі өзара есеп-айырысу үшін қолданылады, бірақ ақшалай табыстарының үлкен бөлігі халыққа үлестіріледі (жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру өтемақылары, дивидендтерді төлеу, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер және т.б) Халық сонымен қатар қолма-қол ақшаларын өзара есеп-айырысу үшін пайдаланады, алайда соның үлкен бөлігі салықтық төлемдерге, алымдарға, сақтандыру төлемдріне, пәтер ақыға, ссудаларды төлеуге, тауарларды сатып алуға, бағалы қағаздарды сатып алуға және т.б жұмсалады. Осылайша, айналыста жүрген ақшалар әр уақытта коммерциялық банктердің кассаларында, немесе кәсіпорындар мен ұйымдардың кассаларында, немесе халықтың иелігінде болады.
Есеп айырысу-касса орталықтарында қолма-қол ақшаларын эмиссиялау үшін резервтік қорлар не айналым кассалары ашылады. Қолма-қол ақшаларын, оларды тұтынуы өскен жағдайда қолданылатын қоры, резервті қорларда сақталады. Аталған ақша белгілерінің резерві ақша болып есептелмейді, өйткені оларда айналыс жоқ және де олар қозғалыста емес.
Есеп-айырысу - кассалық орталықтарындағы айналым кассаларындағы қолма-қол ақшалар әрдайым қозғалыста болып отырады, олар әрдайым коммерциялық банктерден түсіп отырады, және тұрақты түрде әртүрлі мақсаттарға беріліп отырады. Сондықтан оларды айналыста жүрген ақшалар деп атайды. Егер қолма-қол ақшаларының есеп-айырысу - кассалық орталықтарындағы айналым кассаларына түскен сомадан жоғары болса, онда ақшалар айналыстан шығарылады да резервті қорларға ауыстырылады [1, c. 58].
Кәсіпорындар мен ұйымдардан үздіксіз қолма-қол ақшаларының түсуін қамтамасыз ету үшін банктер ақша түсімдерінің инкассациясын жүзеге асырады. Инкассацияның негізгі әдісі болып банк қызметкерлерінің (инкассаторлар) ақшаларды инкассациялауы болып табылады. Инкассация көмегімен банк кассаларына қолма-қол ақшаларының уақытылы түсуін қамтамасыз етіп отырады және де кәсіпорындардың кассасынан банк кассасына дейінгі жолы қауіпсіздігінің деңгейі жоғарылайды. Әдетте банктердің өзінде инкассациялау қызметтері болады және аталған банкте қызмет көрсететін кәсіпорындардың саудадан түскен түсімдерін инкассациялау үшін пайдаланады, сонымен бірге артық қолма-қол ақшаларын Ұлттық банктің есеп айырысу – касса орталықтарына тапсыру болып табылады.
Банктер қолма-қол ақшаларын беруде, сонымен бірге оларды дұрыс және мақсатты пайдалануда үлкен жұмыстар атқарады.
Осыған сәйкес Ұлттық банктің эмиссиялық операцияларына 2000-2013 жылдары аралығына жалпы талдау жүргізейік (кесте 1).
Кесте 1
2000-2013 жж. ҚР Ұлттық банкінің эмиссиялық операцияларының динамикасы
млрд. теңге
Баптың атауы
|
2000
|
2005
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Ауытқуы
(+,-), %-бен
|
2005/
2000
|
2010/
2005
|
2013/
2010
|
Резерв қорларынан айналысқа шығарыл-ған қолма-қол ақшалар
|
192,1
|
592,3
|
1 813,1
|
2 262,0
|
2 572,3
|
2 739,3
|
208,3
|
206,1
|
51,1
|
Айналыстан шығарылған қолма-қол ақшаларының көлемі
|
186,1
|
544,6
|
1 554,7
|
2 020,0
|
2 383,7
|
2 713,0
|
193,0
|
186,0
|
75,0
|
Эмиссиялық нәтиже
|
6,0
|
47,7
|
258,4
|
242,0
|
188,6
|
26,3
|
8 есе
|
5,4 есе
|
-9,8 есе
|
ЕСКЕРТУ– [2-6] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
|
1 кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, резервті қорларынан айналысқа шығарылған қолма-қол ақшаларының көлемі талданып отырған кезеңде әрдайым өсіп отырған, 2000 жылы ол 192,1 млрд. теңге; 2005 жылы – 592,3 млрд. теңге, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 208,3% жоғары; 2010 жылы – 1,8 трлн. теңге, 2005 жылдың көрсеткішінен 206,1% жоғары; 2013 жылы – 2,739 трлн. теңге, 2010 жылдың көрсеткішінен 51,1% жоғары екенін көруге болады.
2000 жылы қолма-қол ақшаларын айналысқа шығару көлемі 186,1 млрд. теңге; 2005 жылы – 544,6 млрд. теңге, алдыңғы жылдың көрсеткішінен 193% жоғары; 2010 жылы – 1,5 трлн. теңге, 2005 жылдың көрсеткішінен 186% жоғары; 2013 жылы – 2,7 трлн. теңге, 2010 жылдың көрсеткішінен 75% жоғары.
Осылайша 2000 жылғы эмиссиялық нәтиже бойынша 6 млрд. теңге, 2005 жылы - 47,7 млрд. теңге, 2010 жылы – 258,4 млрд. теңге, 2013 жылы - 26,3 млрд. теңге. 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда эмиссиялық нәтижесінің өсімі 8 есе өскендігі байқалады, 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы – 5,4 есе, 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы эмиссиялық нәтижесінің 9,8 есе өскендігі байқалады. 2013 жылы эмиссиялық нәтиже алдыңғы жылдың көрсеткішіне қарағанда азайғанын көруге болады. Ұлттық банктің эмиссиялық операциялар динамикасы 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1. Ұлттық банктің эмиссиялық операциялар динамикасы 2000-2013 жж, млрд.теңге
Сонымен бірге банктердің қолма-қол ақшаларының кіріс кассалық айналымдарын қарастырайық (кесте 2)
Кесте 2
Банктердің кассалары арқылы 2000-2013 жж. қолма-қол ақшаларының ағымдар қозғалысын талдау.
млрд. теңге
Баптың атауы
|
2000
|
2005
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Ауытқуы
(+,-), %
|
2005/
2000
|
2010/2005
|
2013/
2010
|
Банктің касса-ларына кіріс
|
660,3
|
4 539,9
|
10 435,1
|
12 839,0
|
17 063,2
|
23 229,0
|
7 есе
|
130,0
|
123,0
|
Шекті салмағы, %
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
-
|
-
|
-
|
Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды өткізуден
|
289,7
|
1 246,5
|
2 361,7
|
2 953,4
|
3 830,8
|
4 436,4
|
4,3 есе
|
89,5
|
88,0
|
Шекті салмағы, %
|
44,0
|
27,5
|
22,6
|
23,0
|
22,5
|
19,1
|
-
|
-
|
-
|
Шетел валютасын сатудан
|
229,8
|
1 001,1
|
1 879,2
|
2 346,0
|
2 590,3
|
2 730,3
|
4,4 есе
|
88,0
|
45,3
|
Шекті салмағы, %
|
34,8
|
22,1
|
18,0
|
18,3
|
15,2
|
11,8
|
-
|
-
|
-
|
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарына
|
26,1
|
558,2
|
1 615,5
|
2 082,1
|
3 281,5
|
4 036,7
|
21,4 есе
|
189,4
|
150,0
|
Шекті салмағы, %
|
3,9
|
12,3
|
15,5
|
16,2
|
19,2
|
17,4
|
-
|
-
|
-
|
Қарыздарды өтеу
|
4,1
|
126,7
|
127,7
|
128,1
|
339,8
|
394,4
|
31 есе
|
0,74
|
209,0
|
Шекті салмағы, %
|
0,6
|
2,8
|
1,2
|
1,0
|
2,0
|
1,7
|
-
|
-
|
-
|
Біржолғы аударым бойынша жеке тұлғалардан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
250,2
|
235,1
|
-
|
-
|
-
|
Шекті салмағы, %
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1,5
|
1,0
|
-
|
-
|
-
|
Басқа да түсімдер
|
110,6
|
1 607,4
|
4 451,0
|
5 329,4
|
6 770,6
|
11 395,7
|
14,5 есе
|
177,0
|
156,0
|
Шекті салмағы, %
|
16,7
|
35,3
|
42,7
|
41,5
|
39,6
|
49,0
|
-
|
-
|
-
|
ЕСКЕРТУ– [2-5] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
|
2005 жылы банктің кассаларына қолма-қол ақшаларының жалпы 4,5 трлн. теңгені құрады, 2000 жылдың көрсеткіштерінен 7 есе жоғары; 2010 жылы – 10,4 трлн. теңге, 2005 жылдың көрсеткішінен 130% жоғары; 2013жылы – 23,2 трлн. теңге, 2010 жылдың көрсеткішінен 123% жоғары екенін көруге болады. Сонымен қатар банк кассалары арқылы түскен қолма-қол ақшаларының құрылымында талданып отырған кезеңде көшбасшы позициясы тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды өткізуден түскен қолма-қол қаражаттары алған болатын, яғни оның үлесі 2000 жылы 44% (немесе 289,7 млрд. теңге), 2005 жылы – 27,5% (немесе 1,2 трлн. теңге), 2010 жылы – 22,6% (немесе 2,3трлн. теңге), 2013 жылы – 19,1% (4,4 трлн. теңге) болды. Аталған көрсеткіш 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті, ал 2010 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 89,5%, 2013 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 88% өскенін айта кеткен жөн. 2000-2011 жылдары банк кассаларына түскен қолма-қол ақшаларының құрылымында екінші позициясында шетел валютасын сатудан түскен қолма-қол қаражаттары болып табылады: 2000 жылы олардың шекті салмағы 34,8% (немесе 229,8 млрд. теңге), 2005 жылы – 22,1% (немесе 1,001 трлн. теңге), 2010 жылы – 18% (немесе 1,8 трлн. теңге). 2005 жылдан бері қолма-қол ақшаларының құрылымында аталған көрсеткіштерінің соңғы 13 жылда оның көлемінің тұрақты өсуіне қарамастан, шекті салмағының белгіленген тенденциясының азайғанын көріп отырмыз. Осылай, 2013 жылы банк кассаларына түскен қолма-қол ақшаларының шетел валютасын сатудан түскен қаражатының көлемі қолма-қол ақшалар құрылымында үшінші позицияны 11,8% үлесімен алып отыр. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша шотқа түскен қолма-қол ақшаларының құрылымында 2000-2011 жылдары үшінші позициясында болды,соған сәйкес 2012 және 2013 жылдары – екінші позицияда 19,2% (немесе 3,2 трлн. теңге) үлесімен және 17,4% (немесе 4 трлн. теңгеден жоғары) болды. Банк кассаларына қарыздарды өтеуге арналған қолма-қол ақшаларының ағымдағы құрылымына 2000 жылы 0,6% (немесе 4,1 млрд. теңге) тиесілі, 2,8% (немесе126,7 млрд. теңге) – 2005 жылы, 1,2% (немесе 127,7 млрд. теңге) – 2010 жылы, 1,7% (немесе 394,4 млрд. теңге) – 2013 жылы.
Банктің кассаларына түскен көлік, байланыс, ойын, шоу бизнес коммуналдық төлемдері, сақтандыру ұйымдарынан, сонымен бірге зейнетақы салымдары мен кедендік төлемдерінің басқа да қолма-қол ақшалары болып табылады. 2005 жылы аталған қаражаттардың көлемі 1,6 трлн. теңге, 2000 жылдың көрсеткішінен 14 есе жоғары; 2010 жылы – 4,4 трлн. теңге, яғни 2005 жылыдң көрсеткішінен 177% жоғары; 2013 жылы – 11,3 трлн. теңге, яғни 2010 жылдың көрсеткішінен 156% жоғары болғанын байқауға болады.
2 суретте банк кассаларына түскен қолма-қол ақшаларының ағымының құрылымының динамикасы көрсетілген.
Сурет 2. Банк кассаларына түскен қолма-қол ақшаларының ағымының құрылымының динамикасы 2000-2013 жылдары, %-бен
12 жылдың ішінде банк кассалары арқылы қолма-қол ақшаларының ағымдарының қозғалысының жағдайын талдайық (кесте 3).
Кесте 3
2000-2012 жж. аралығында банк кассалары арқылы берілген қолма-қол ақшалары ағымдарының қозғалысын талдау
млрд. теңге
Баптың атауы
|
2000
|
2005
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Ауытқуы
(+,-), %
|
2005/2000
|
2010/
2005
|
2013/
2010
|
Банк касса-лары арқылы
|
690,4
|
4 657,3
|
11 365,6
|
13 786,8
|
17 355,4
|
23 636,1
|
7 есе
|
144,0
|
108,0
|
Шекті салмағы, %
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
-
|
-
|
-
|
Тауарлар, қыз-меттер мен жұ-мыстарды төлеуге
|
353,7
|
990,6
|
1 266,5
|
1 419,8
|
1 680,8
|
1 535,3
|
2,8 есе
|
28,0
|
21,2
|
Шекті салмағы, %
|
51,2
|
21,3
|
11,1
|
10,3
|
9,7
|
6,5
|
-
|
-
|
-
|
Жеке тұлға-лардың салым-дарының шот-тары бойынша
|
120,4
|
812,8
|
1 662,8
|
2 273,9
|
3 286,8
|
4 052,8
|
7 есе
|
105,0
|
144,0
|
Шекті салмағы, %
|
17,5
|
17,5
|
14,6
|
16,5
|
18,9
|
17,1
|
-
|
-
|
-
|
Шетел валютасын сатып алуға
|
38,3
|
334,7
|
475,9
|
555,8
|
640,9
|
716,2
|
9 есе
|
42,2
|
51,0
|
Шекті салмағы, %
|
5,5
|
7,2
|
4,2
|
4,0
|
3,7
|
3,0
|
-
|
-
|
-
|
Біржолғы аударым үшін
|
-
|
-
|
-
|
-
|
453,9
|
82,7
|
-
|
-
|
-
|
Шекті салмағы, %
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2,6
|
0,3
|
-
|
-
|
-
|
Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері
|
66,3
|
238,8
|
510,0
|
624,6
|
965,3
|
878,7
|
3,6 есе
|
114,0
|
72,3
|
Шекті салмағы, %
|
9,6
|
5,1
|
4,5
|
4,5
|
5,6
|
3,7
|
-
|
-
|
-
|
Банкоматтарды толықтыруға
|
-
|
678,1
|
3 372,3
|
4 380,6
|
5 410,0
|
7 009,7
|
-
|
5 есе
|
108,0
|
Шекті салмағы, %
|
-
|
14,6
|
29,8
|
31,9
|
31,2
|
29,7
|
-
|
-
|
-
|
Жек және заңды тұлғалардың қарыздары
|
2,5
|
108,9
|
52,8
|
88,1
|
222,2
|
323,4
|
44 есе
|
- 51,5
|
6,1 есе
|
Шекті салмағы, %
|
0,4
|
2,3
|
0,5
|
0,6
|
1,3
|
1,4
|
-
|
-
|
-
|
Басқа да қаражаттар
|
109,2
|
1 493,4
|
4 025,3
|
4 444,0
|
4 695,5
|
9 037,0
|
14 есе
|
170,0
|
125,0
|
Шекті салмағы, %
|
15,8
|
32,0
|
35,3
|
32,2
|
27,0
|
38,3
|
-
|
-
|
-
|
ЕСКЕРТУ– [2-5] мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
|
2005 жылы казақстандық банктерінің кассалық шығындарының жалпы көлемі 4,6 трлн. теңге, 2010 жылы – 11,3 трлн. теңге, 2013 жылы – 23,6 трлн. теңге. Осылайша, 2005 жылы кассалық шығындарының көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 7 есеге өсті, 2010 жылы –2005 жылмен салыстырғанда 144%, 2013 жылы – 2010 жылмен салыстырғанда 108% артқанын көруге болады.
2000 және 2005 жылдары аралығында банктердің каасалық шығындары құрылымында ең үлкен үлесін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді төлеуге кеткен шығындары құрап отыр: 2000 жылы оның шекті 51,2% (немесе 353,7 млрд. теңге), 2005 жылы – 21,3% (немесе 990,6 млрд. теңге).2010 жылдан бастап банктердің кассалық шығындары құрылымындағы жағдай біршама банкоматтарды толтыру жағына қарай өзгерді, яғни аталған кассалық шығындар түрі көшбасшы позициясын иелене бастады: 2010 жылы – 29,8% (немесе 3,3 трлн. теңге), 2011 жылы – 31,9% (немесе 4,3 трлн. теңге), 2013 жылы – 29,7% (немесе 7 трлн. теңге) құрады.
Бүкіл талданып отырған кезеңдегі банктердің кассалық шығындары құрылымында екінші позицияны банк салымдары бойынша шоттардың шығындары ие болды: 2000 жылы оның үлесі 17,5% (немесе 120,4 млрд. теңге), 2005 жылы – 17,5% (немесе 812,8 млрд. теңге), 2010 жылы – 14,6% (немесе 1,6 трлн. теңге), 2013 жылы – 17,1% (немесе 4 трлн. теңгеден жоғары). Осыған байланысты, аталған кассалық шығындар түрі 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 7 есеге өсті; 2010 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 105%; 2013 жылы 2010 жылмен салыстырғанда – 144% өскендігін байқауға болады.
2010 жылдан бастап банктердің кассалық құрылымында үшінші позициясын тұрақты түрде тауарлар, қызметттер мен жұмыстарды төлеуге кеткен шығындары иеленді: 2010 жылы олардың үлесі 11,1% (немесе 1,2 трлн. теңге), 2011 жылы – 10,3% (немесе 1,4 трлн. теңге), 2013 жылы – 6,5% (немесе 1,5 трлн. теңге).
Ақшалай – қолма қол айналымының нәтижелерін талдау нәтижесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассаларына қолма қол ақшаларының түсімдерінің негізгі көзі болып халыққа қызмет көрсету қызметтерінен түскен түсімдер болып табылады. Банктердің негізгі кассалық шығындары болып банкоматтарды толтыруға кеткен шығындары, яғни жеке тұлғалардың салымдарының шоттары менОсновными кассовыми расходами банков являются расходы на подкреп тауарлар, қызметтер мен жұмыстарға кеткен төлемдері болып табылады.
Осылайша қолма-қол ақшалары күнделікті, тұрақты түрде үнемі қозғалыста болады, яғни күніге банктердің кассаларынан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің иелігіне беріліп, күнделікті қайтадан банктерге қайтарылып отырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Деньги, кредит, банки: Учебник/ Под ред. О.И. Лаврушина. – 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Финансы и статистика, 2004. – 464 с.
2. ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебі 2000 жыл // http://www.nationalbank.kz
3. ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебі 2005 жыл // http://www.nationalbank.kz
4. ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебі 2010 жыл // http://www.nationalbank.kz
5. ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебі 2012 жыл // http://www.nationalbank.kz
6. ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебі 2013 жыл // http://www.nationalbank.kz
Достарыңызбен бөлісу: |