Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына
бекітілген
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленді.
3. Мемлекеттiк қызмет отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) немесе балама негізде осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (бұдан әрі - рұқсат беру куәлігі) және автокөлік құралының рұқсат карточкасын (бұдан әрі - рұқсат карточкасы), жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беру үш жұмыс күні ішінде (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) жүзеге асырылады;
2) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын, жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта беру үш жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне құжатты қабылдау және беру күні кірмейді) жүзеге асырылады;
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
4) рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Портал арқылы жүгінген кезде рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын, жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беру өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
рұқсат беру куәлігін (телнұсқа) беру
рұқсат карточкасын беру
мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық құжат нысанында не қағаз тасығышта беру
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілуде:
рұқсат беру куәлігі (телнұсқа) ақылы
рұқсат карточкасы тегін
Рұқсат беру куәлігін немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төленгені туралы растайтын құжат «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі) белгіленген баж ставкасы бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет беріледі:
1) ХҚО мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
2) Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
3) Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет портал арқылы - «жеке кабинетте» немесе мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен, күту залымен жабдықталған ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар стенділер орналастырылған.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай мәліметтер мен құжаттарды береді:
ХҚО-ға:
1) рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмелері;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері (жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін тіркеудің бақылау құрылғысы);
рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжат;
2) автокөлік құралдарының паркі ұлғайған кезде рұқсат карточкасын алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмелері;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері (жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін тіркеудің бақылау құрылғысы);
3) жаңа рұқсат беру куәлігін алу үшін дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған жағдайда:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжат;
жаңа рұқсат карточкасын алу үшін дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған жағдайда:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
бүлініп қалған немесе зақымдалған кезде
жаңа рұқсат беру куәлігін (телнұсқа) алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгiдегi өтiнiш;
жаңа рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжат (телнұсқа):
бүлініп қалған немесе бұзылған рұқсат беру куәлігінің, рұқсат беру куәлігінің жарамсыз деп танылғаны және жоғалтқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат;
жаңа рұқсат карточкасын алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
бүлініп қалған немесе бұзылған рұқсат беру куәлігінің, рұқсат карточкасының жарамсыз деп танылғаны және жоғалтқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат;
портал арқылы:
-
рұқсат беру куәлігін алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмелері;
рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмесі;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмесі (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);
2) автокөлік құралдарының паркі ұлғайған кезде рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмесі;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмесі (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);
3) дара кәсiпкердiң тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңа рұқсат беру куәлігін алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжат;
дара кәсiпкердiң тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңа рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жоғалған, бүлiнiп қалған (бұзылған) кезде:
жаңа рұқсат куәлігін (телнұсқа) алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
рұқсат беру куәлігі берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжат;
бүлiнiп қалған немесе бұзылған кезде рұқсат беру куәлігінің, рұқсат куәлігінің жоғалғаны және жарамсыз деп танылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат;
жаңа рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
бүлiнiп қалған немесе бұзылған кезде рұқсат беру куәлігінің, рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп танылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат.»
портал арқылы:
1) рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмелері;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері (жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін тіркеудің бақылау құрылғысы);
2) автокөлік құралдарының паркі ұлғайған кезде рұқсат карточкасын алу үшін:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмелері;
тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері (жүргізушілердің еңбек және тынығу режимін тіркеудің бақылау құрылғысы);
3) жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін:
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған жағдайда:
ЖСН/БСН көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған) жағдайда:
ЖСН/БСН көрсете отырып мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
рұқсат беру куәлігінің және (немесе) рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп танылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат;
бүлініп қалған немесе зақымдалған рұқсат беру куәлігі және (немесе) рұқсат карточкасы.
10. Өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не ХҚО-ның қызметкерлерінде, сондай-ақ ХҚО интернет-ресурстарында www.con.gov.kz және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz орналастырылады.
11. ХҚО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» қызметкерлері жүзеге асырады.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдап алынған қызметке сәйкес адресат уәкілетті органға жіберіледі.
12. Осы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
Портал арқылы жүгінген кезде порталдағы «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
13. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, жеке өзі қатысумен, жеке басын куәландыратын және сенімхат құжаттарын ұсынған кезде, қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
14. Рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын көрсетуден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы және бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкаларының болуының анықталуы болып табылады.
15. Рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын көрсетуден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы және бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкаларының болуының анықталуы болып табылады және ХҚО қызметкері өтінімнен бас тарту жайлы қолхаты осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес береді.
5. Шағымдану тәртiбi
16. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
18. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
19. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
20. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
21. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
22. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
4. Өзге талаптар
23. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына, «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
25. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған;
5) порталда.
26. ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
27. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.
28. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрықтарымен бекiтіледi.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және
рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi
Р/с
№
|
Бөлімше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95
|
8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz
|
2.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100
|
8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz
|
3.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107
|
8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114
|
8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz
|
5.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131
|
8 (7282) 24-55-01
ktk_alm@mtc.gov.kz
|
6.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11
|
8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz
|
7.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а
|
8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz
|
8.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1
|
8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz
|
9.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4
|
8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz
|
10.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі, 1
|
8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz
|
11.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 а
|
8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz
|
12.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87
|
8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz
|
13.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105 а
|
8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz
|
14.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы
|
Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122
|
8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz
|
15.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5
|
8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz
|
16.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28
|
8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz
|
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және
рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |