«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата17.07.2016
өлшемі182.84 Kb.
#206307


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасының 27-тармағының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы №923 қаулысымен бектілген, «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында, www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Мемлекеттік қызмет» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі –Орталық РМК) интернет-ресурсында, www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың  2-қосымшасында көрсетілген Орталықтардың үй-жайларының стендттерінде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша алуға болады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру (бұдан әрі – рұқсат беру куәлігі) немесе (бұдан әрі - рұқсат карточкасын беру) қағаз тасымалдағышта беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) өтініш жасалған күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтің алушысына ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) рұқсат беру куәлігі немесе рұқсат карточкасын беру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген, алушының тұрғылықты және тіркелген жері бойынша Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:

1) рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкасын беру белгілінген үлгідегі өтінішті;

2) заңды тұлға ретінде - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгі (Заңды тұлға ретінде МБД-дан сұрау салу және тексеру мемлекеттiк тiркеуi туралы куәлiгі);

3) жеке куәлігі құжатын (жеке куәлігі құжатын - МБД-дан сұрау салу және тексеру);

4) жеке кәсiпкерлігі үшін – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлiктің көшірмесі;

5) автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi көрсетiлген заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсiпкердің қолы қойылған және мөр басылған жылжымалы құрамның тiзiмi;

6) автокөлiк құралдарының тiркеу куәлiгiнiң, автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесi;

7) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмесi (жүргiзушiлердiң жұмыс және демалыс режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).

Автокөлiк құралдарының паркі көбейген жағдайда алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiшпен бiрге мыналарды қоса ұсынады;

1) сатып алынған немесе жалға алынған автокөлiк құралының маркасы және мемлекеттiк нөмiрi көрсетiлген, заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсiпкердiң қолы қойылған және мөр басылған тiзiмі;

2) осы Стандарттың 11-тармағының  4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшiрмесi;

12. Өтініш нысаны Орталықтың күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың қызметкерлерінде, сондай-ақ Орталық РМК интернет-ресурсында болады.

13. Құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, оларда атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген.



14. Құжаттарды қабылдау кезінде алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталықтың қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты;

6) Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкасын беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру Орталық қызметкелері «терезе» арқылы күн сайын қолхатта көрсетiлген мерзiмде оның негiзiнде жүзеге асырылады.

Рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкасын беру немесе уәкілетті өкілге жеке келген кезінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша қол қою арқылы беріледі.

Егер алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органдарға бередi.

16. Орталық алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталықтың қызметкерлері құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезде алушыға жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат беріледі.

Уәкілетті органдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егерде сол бiр автокөлiк құралына қолданылатын рұқсат ету карточкасының табылуы жағдайында бас тартуы мүмкiн.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу және құжаттарды дұрыс ресімдемеу кезінде қателіктерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 2 жұмыс күн ішінде қайтару себебін  жазбаша негіздеу арқылы Орталыққа қайтарады.

 Құжаттарды қайтарған жағдайда Орталықтың қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде алушыға хабарлайды және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемелерін береді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтежелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.



19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызеттердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртібі

 

20. Орталық қызметкерінің iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшiн алушы телефондары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген, Орталықтардың басшыларына жүгiнедi.



Сондай-ақ Орталық қызметкерінің iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпарат-анықтамалық қызмет телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетiлген мемлекеттік қызметтің нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы Стандарттың  2-қосымшасында көрсетiлген.

Уәкiлеттi органдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнің Көліктік бақылау комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1601 кабинеті, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz. мекенжайы бойынша берiледi.

22. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық РМК-ге берiледi.

Орталықтар басшыларының мекенжайлары және телефондары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Орталықтың РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсты: www.con.gov.kz.

23. Көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Көліктік бақылау комитетiнiң электронды мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.) не осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлгенің ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.

Қажет болған жағдайда алушылар шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған мемлекеттiк қызметтердiн сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дұрыс қызмет көрсетпегенің растайтын құжаттарын қоса бередi.

25. Қолма-қолда, пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесiнде оның жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi журналында тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Алушыға оның шағымының қабылданғанын растауға шағымды қабылдаған адам нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мерзiмде жүзеге асырылады.

Алушыға шағымды қарау қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi


Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1.

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189«а» үй

25-77-16

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2.

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-24-53

55-15-55
қабылдау бөлмесi

3.

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4.

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-31-14
28-40-06

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5.

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

22-48-03

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6.

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7.

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

51-44-79

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8.

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

28-13-12

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9.

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
42-09-10
қабылдау бөлмесi

10.

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-26-00
21-13-11

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11.

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-07-51

23-07-16
қабылдау бөлмесi

12.

Маңғыстау облыстық ХҚКО

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй

42-23-19

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13.

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54
33-47-48

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14.

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

42-69-50

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15.

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-96

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16.

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17.

Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесi, 24-үй

377-19-80

377-19-80
қабылдау бөлмесi

18.

Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Бөкеев көшесi, 128-үй

317-82-29

256-08-69
қабылдау бөлмесi

19.

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 «а» үй

293-41-14

248-17-77
қабылдау бөлмесi

20.

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

390-18-07
қабылдау бөлмесi

21.

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

239-65-53
239-65-47

239-65-52
қабылдау бөлмесi

22.

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Рехорд Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

23.

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО

Астана қаласы, Мирзоян көшесi, 25-үй

61-84-03

61-84-04 қабылдау бөлмесi

24.

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО

Астана қаласы, Сұбханбердин көшесi, 2-үй

23-23-62

23-23-62
қабылдау бөлмесi

25.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй

32-42-79

32-40-95
қабылдау бөлмесi

26.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО

Астана қаласы Сүйiнбай ақын көшесi, 85-үй

37-74-34

37-74-34
қабылдау бөлмесi

27.

Астана қаласы Есiл ауданының ХҚКО

Астана қаласы, Сауран көшесi, 7-үй

50-13-69

50-13-72
қабылдау бөлмесi

_________________________

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының жұмыс
регламентi


Р/с


Бөлiмшенiң атауы

Аумақтық органның жұмыс регламентi

1

2

3

1

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы
Сағат 8.00-18.00,
түскi үзiлiс 12.00-14.00

2

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы
Сағат 8.30-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

3

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

4

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

5

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы
Сағат 8.30-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

6

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 12.30-14.00

7

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

8

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 12.00-14.00

9

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

10

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

11

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы
Сағат 9.00-19.00
түскi үзiлiс 13.00-15.00

12

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

13

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы
Сағат 9.00-18.30
түскi үзiлiс 13.00-14.30

14

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы
Сағат 8.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

15

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

16

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы
Сағат 9.00-18.00
түскi үзiлiс 13.00-14.00

_________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет