Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы



Дата13.06.2016
өлшемі142.75 Kb.
#131413
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.07.2012 10:43:20
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығы

(2011.30.11. берілген өзгерістермен)



 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес БҰЙРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Камалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

төрағасы (Монополияға қарсы агенттік)

М.Т. Есенбаев

2011 жылғы «___» _______________

 

Қазақстан Республикасы Көлік



және коммуникация министрінің

2011 жылғы 24 тамыздағы

523 бұйрығымен



бекітілді

 

 

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

2. Қағида Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:

1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);

2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.

3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

4. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін (бұдан әрі - Рұқсат ету) және автомобиль құралдарына рұқсат ету карточкасын (бұдан әрі - рұқсат ету карточкасы) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) береді.

 

 

2. Рұқсат етуді және Рұқсат ету карточкасын беру тәртібі



 

5. Рұқсат етуді (осы Қағидаға 1-қосымша) және рұқсат беру карточкасын (осы Қағидаға 2-қосымша) алу үшін отандық тасымалдаушылар аумақтық органдарға мынадай құжаттарды ұсынады:



1) осы Қағидаға - қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынумен өтініш берушінің заңды тұлға ретінде және жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу туралы куәлігі және жарғы көшірмесі. Жеке кәсіпкер үшін - жеке куәлік құжатының көшірмесі. Салыстырудан кейін түпнұсқаларды аумақтық орган өтініш берушіге қайтарады;

3) автокөлік құралының белгісі және мемлекеттік нөмірі көрсетілген, заңды тұлға басшысы немесе дербес кәсіпкер қолы қойған және мөр басылған жылжымалы құрамның тізімі;

4) автокөлік құралдарының тіркеу куәлігінің, автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшірмесі;

5) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшірмесі (жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғысы);

6) ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.30.11. № 705 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



7) ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.30.11. № 705 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алуға өтініш жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның тіркеу орындары бойынша аумақтық органдарға беріледі.

7. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алу үшін өтінішті аумақтық органдар бес жұмыс күні ішінде қарайды.

8. Өтінішті қарау кезінде аумақтық органдар Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарына басқа рұқсат ету карточкасы бар болуы туралы сұрау салу жібереді.



Аумақтық органдар сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасы бары немесе жоқтығы туралы ақпарат жібереді.

9. Аумақтық органдар Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын беруден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:

1) осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну;

2) сол бір автокөлік құралына қолданылатын рұқсат ету карточкасының табылуы.

Бұл ретте отандық тасымалдаушыға Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасын алудың белгіленген мерзімінен бас тарту себебі көрсетілген жазбаша түрдегі дәлелді жауап жіберіледі.

10. Автокөлік құралдары көбейген жағдайда отандық тасымалдаушы көліктік бақылау органына рұқсат ету карточкасын алу үшін өтінішпен бірге мыналарды қоса ұсынады:



1) сатып алынған немесе жалға алынған автокөлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмірі көрсетілген, заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы қойылған және мөр басылған тізім;

2) осы Қағиданың 5 тармағының 4) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмесі.

11. Сатып алынған немесе жалға алынған автокөлік құралына рұқсат ету карточкасын алу өтінішін аумақтық органдар өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қарайды.

12. Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралының мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.

13. Рұқсат ету карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) бөлек ресімделеді.



 

 

3. Жаңа Рұқсат етуді және рұқсат ету карточкасын беру



 

14. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы мынадай жағдайда беріледі:

1) жеке кәсіпкердің тегі, аты-жөні, атауы, орналасқан жері өзгергенде;

2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгергенде және қайта ұйымдастырылғанда;

3) Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы жоғалған немесе бүлініп қалған (бұзылған) кезде.

15. Жаңа Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын осы Қағиданың 14-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген жағдайларда алу үшін отандық тасымалдаушы аумақтық органдарға осы Қағиданың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген құжаттарды ұсынуға тиісті.

16. Жаңа Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын осы Қағиданың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда алу үшін отандық тасымалдаушы аумақтық органдарға мыналарды ұсынуға тиісті:

1) Осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алу туралы өтініш;



2) жоғалтқан кезде, Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы жарамсыз деп танылғаны және жоғалтқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат.

3) бүлініп қалған (бұзылған) кезде, бүлініп қалған немесе бұзылған Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы.

17. Жаңа Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын беру жөніндегі өтініш жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның тіркеу орындары бойынша аумақтық органдарға ұсынылады.

18. Аумақтық органдар жаңа Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын беруді Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алу жөніндегі өтінішті қарауға белгіленген мерзімде жүргізеді.

Сондай-ақ осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарынан басқа рұқсат ету карточкасы бар болуы туралы сұрау салу жіберіледі.

19. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасының қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде жеке кәсіпкердің қызметі таратылғанда немесе тоқтатылғанда;

2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгергенде;

3) автокөлік құралдарының жалға алу мерзімі өткенде.

20. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы басқа отандық тасымалдаушыларға берілуге жатпайды.



 

 

4. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын есепке алу



 

21. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады, типографиялық әдіспен дайындалған нөмірі, есептік сериясы, кемінде үш қорғау дәрежесі болады.

22. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4815 нөмірімен тіркелген, «Бастапқы есеп құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 216 бұйрығының 6-қосымшаға сәйкес нысандағы бекітілген сенімхат болған кезде тауар құжаттамасы бойынша беру жүзеге асырылады.

23. Аумақтық органдар берілген Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасын есепке алуды жүзеге асырады.

 

Халықаралық автомобиль жүк



тасымалдауды жүзеге асыруға

автомобильмен тасымалдаушыға

рұқсат беру қағидасына

1-қосымша

___________________________________

(көліктік бақылау органының атауы)

 

 

Қазақстан Республикасының

елтаңбасы

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

 

Халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға

РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ

 

Тіркелу № ________ 20___ жылы ______________

Куәлік иесі__________________________________________________________________________________________________________

(ұйымдастыру-құқықтық нысаны және заңды тұлғаның атауы;

_____________________________________________________________________________________________________________________

құжаттың атауы мен деректері

_____________________________________________________________________________________________________________________

жеке кәсіпкердің жеке куәлігі)

_____________________________________________________________________________________________________________________

(сериясы, нөмірі, кіммен және қашан берілген),

Орналасқан мекенжайы_________________________________________________________________________________________________

(заңды тұлға үшін - заңды мекен-жайына __________________________________________________________________________________

жеке кәсіпкер үшін - тұрғылықты жерінің мекен-жайы)

_____________________________________________________________________________________________________________________

Осы куәлік иесі халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға жіберілгенін растайды.

МО ______________________________________________________________________________________ ____________________________

(мемлекеттік органның басшысының қолы)                                                                      (Т.А.Ж.)

 

Халықаралық автомобиль жүк



тасымалдауды жүзеге асыруға

автомобильмен тасымалдаушыға

рұқсат беру қағидасына

2-қосымша

 

________________________________

(көліктік бақылау органын атауы)

 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдыңғы жағы ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ

(ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА)

000000 сериясы

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Басқа жағы

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тіркеу № 000000

 

Рұқсатқа тіркелу куәлігіне № ____ от ________ 20 __ жыл

Жарамды _____ ________ 20 __ жыл

Жүк автомобилінің маркасы: _____________________________________________________________________________________________

Тіркелу белгісі № _______________________________________________________________________________________________________

Куәлік иесі: ____________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________ МО _____________________________________________

(мем. орг. басшысының қолы)                                                                     (Т.А.Ж.)

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Ескертпе:

Жолды толтыру кезінде «Жарамды» жалға алу шарты бойынша - оның қолданыс мерзімінің аяқталуы, жүк автомобилін пайдаланған жағдайда рұқсат беру карточкасының қолданысының аяқталуы қойылады. Рұқсат карточкасының тіркелу нөмірі Куәліктің толық қолданыс мерзімінде сақталады.

Халықаралық автомобиль жүк



тасымалдауды жүзеге асыруға

автомобильмен тасымалдаушыға

рұқсат беру қағидасына

3-қосымша

 

_____________________________

(көліктік бақылау органын атауы)

 

 

Рұқсат беру туралы куәлігін және рұқсат беру карточкасын алуға

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________

(жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)

 

Халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді өтінемін:

 

р/с №

Автокөлік құралдарының маркасы

Мемлекеттік нөмірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік тіркелу туралы куәлік

______________________________________________________________________________________________________________________

(№ және қашан берілгені)

Мекенжайы____________________________________________________________________________________________________________

(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Ұсынылған құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

______________                                _________________________________

         (қолы)                                                      (Т.А.Ж.)

 

Мөрдің орны:

«____»__________ 20___ жыл

«____»__________ 20___ жылы өтініші қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________________________________________________________

(Мемлекеттік органның жауапты тұлғасының Т.А.Ж., қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет