1. Жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік
қызметтерді көрсету
2012 жыл ішінде Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 50 мемлекеттік қызметтерден 9853 қызмет көрсетілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 32 түрінен 215 қызмет көрсетілуде. Аудан әкімі аппаратында халыққа қызмет көрсету орталығы және «электрондық үкімет» веб-портал арқылы көрсетілетін 7 электрондық қызмет көрсету регламенттері бекітілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің әрбір түрлері бойынша көрсетілген мерзімдерінің тапсырумен МҰ және ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша статистиканы енгізуге арнайы журналдар жүргізілуде, сондай-ақ қызмет көрсету карточкалары толытырылуда.
Мемлекеттік қызметтерге түскен шағым және 32 қызмет бойынша қазіргі уақытқа дейін мерзімдері бұзылған жоқ.
2. Бюджеттік қаражаттармен басқару
Қызмет итімділігін бағалау бюджеттік қаражаттарын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметтін бағалау әдістемесіне сәйкес бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы бюджеттік дамытуға 3 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша анықталған болатын, олар: «Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Бесқарағай аудандық экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Бесқарағай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Бөлінген бюджеттік қаражаттардың игерілуі 361616,9 мың теңге түзетілген жоспары және 8 бюджеттік бағдарламалар бойынша 361611,3 мың теңге кассалық орындалуы кезінде 100 пайызды құрады. «Республикалық бюджетінің трансферттері есебінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағытты шеңберінде жетпейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын орналастыру және дамыту» 472074011 бағдарламасы бойынша 4,0 мың теңге сомада ақша қаражаттары игерілмей қалды, өйткені, аяқдың пайда болуына байланысты жұмыстың аяқталмағандықтан 2 актіге қол қойылмаған, 2013 жылдың сәуір айында жұмыстың аяқталу туралы арнайы өтініші бар. Қалған 1,6 мың теңге қаражаттары специфика және факт жөнінде төлеу соманы ықшамдау есебінен пайда болды.
3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында 2012 жыл ішінде 285 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түсті, оның ішінде жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша түрінде 244 өтініш (оның ішінде 223 жазбаша өтініш, 21 ауызша өтініш), заңды тұлғалардан -41 жазбаша өтініш. Оның 285 өтінішінен 88 өтініші шешіліп, 79 түсіндірілді, қалған 19 өтінішке қабылданған жоқ, 93 бағынатын органдарға қарау үшін, 5-еу басқа органдарға жіберілді, біреуі қараусыз шығарылды.
Жеке тұлғалардың 244 өтініші ішінен:
1) 10 өтініш жоғары тұрған ұйымдарға қарауға жіберілді;
2) 1-ұсыныс, 238-өтініш, 5-шағым.
2012 жыл ішінде аудан әкімімен жеке тұлғалардың жеке мәселелер бойынша және 20 заңды тұлғалар өкілдерінің мәселелер қаралды.
4. Халық алдында барлық деңгейдегі әкімдердің есептері барысында айтылған сын-пікірлер мен ескертулерді іске асыру жөнінде іс-шара жоспарын орындау
2012 жылдың ақпан айында Бесқарағай ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде тұрғындармен айтылған сын-пікірлерді іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан әкімінің есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша сын-пікірлер мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шара жоспары әзірленіп, 43 ұсыныс енгізілген болатын, олар: 25 ұсыныстар орында түсіндіріліп, нақты жауаптар берілді. Қалған 18 ұсыныстар бағылауға алынып, жыл ішінде орындалып, бақылауға алынды.
Аудан әкімінің 2013 жылы өткен есеп беру кездесуінен сын-пікірлер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шара жоспары әзірленіп, 49 ұсыныстар енгізілді, олар: 32 ұсынысы орында шешіліп, нақты жауаптар берілді. Қалған 17 ұсыныстары бақылауға алынды. Қазіргі уақытта 1 мәселе іске асырылып, қалған 16 мәселелер жыл ішінде орындалып, және бақылауға алынатын болады.
Іс-шараны орындау барысында жіберілген ақпаратпен өзекті мәселелерді уақытында шешуге аса назар аударылған болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан ақпаратты аудан тұрғындарына хабар беру мақсатымен аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде, аудан әкімінің арнайы сайтында сын-пікірлерді орындау қорытындысы жарияланған болатын.
Аппарат басшысы Т.Глазинский
Достарыңызбен бөлісу: |