«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі34.31 Kb.
#30845
«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға

автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы «___» _________ № ____ бұйрығына

анықтама - негіздеме



Көрсетілуі тиіс

мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты


1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасы

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 540-бабы.


4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7204 нөмірімен тіркелген)

2. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 30 қарашадағы № 705 бұйрық.

3. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 904 бұйрығы.


5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме  

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігі






Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған




Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қатысты актілер үшін).

Жоқ



Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігі Заң департаментінің

директоры А.Задорожный
2013 ж. «____» __________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет