Орындаған\Естаева А
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі
Тексерген\Мұраталиева А
Қартаю- барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю-онтогенез қорытындысы,ағзада ерекше құрылымдық ,қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Герантология(гр.geron-шал) деп атайды. қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды. Қазіргі биологияда қартаю процесі ең маңызды және қызықты мәселенің бірі болып саналады.Бұл процестің барлығын қызықтыруына да бірнеше факторлар бар. - 1)Генетикалық ақпараттың берілуі,жасушаның механизмі мен функциясы,ақуыз синтезі,ағзадағы зат алмасу процесінің заңдылығының ашылуы.
- 2)Кейбір дамыған елдердегі жасы үлкен адамдардың көбеюі,соның сал дарынан жастар үлесі қарт адамдардан азайып,экономикалық,социологиялық мәселелерге алып келіп жатқаны
- 3)Адамның жасы үлкейген сайын түрлі аурулардың көбейіп,ағзаның патологияға бейім болуы.
Міне осы сияқты бірнеше факторлар биология ғылымындағы қартаю құбылысын терең зерттеуге негіз болды Қартаю процесінің дамуы үшін - 1) гетерехрондылық
2) гетеротроптық 3)гетерокинетикалылық тән. 1) Гетерехрондық -қартаю кезіндегі әр жасушалар арасындағы айырмашылықтың болуы.Адамдағы тимустың атрофиясы 13-15 жаста басталады,ал гипофиз безінің кейбір функциялары терең қарттық кезеңде байқалады. Гетерокинетикалылығы-қартаюдың түрлі ағза мүшесінде түрлі жылдамдықпен жүруі. Гетеротоптық-қартаюдың ағза мүшелерінде көрініс беруі.Жасуша байланысы ағзада бірдей емес қартаю процесі миға түрлі кеңістікте әсер етеді. Қартаю-бұл ағзадағы баяу жүретін процесс.Қартаю кезінде ағза өзінің түрлі мүмкіндіктерінен айрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |