«Бекітемін»
Мектеп директоры: /Мурат Н./
«Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні» тақырыбында жүргізілген айлық жұмыстың жоспары
2010-2011о.ж.
-
№
|
Жүргізілетін жұмыстар
|
Уақыты
|
Жауаптылар
|
1
|
Айлықтың ашылуы
|
03.11.10
|
Т.І.М, тәлімгер, медбике
|
2
|
«Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні» дөңгелек үстел
|
15.11.10
|
Тәлімгер
Психолог
|
3
|
Баяндама: «Есірткі мен СПИД/ ВИЧ-тің ауруының алдын алу»
|
17.11.10
|
Медбике
|
4
|
«СПИД ауруының пайда болуы» бейне фильм
|
18.11.10
|
Психолог, тәлімгер.
|
5
|
«Денсаулығымыз өз қолымызда» сынып сағаттары
5-9 сын
|
17-20-11.10
|
Сынып жетекшілер
|
6
|
ЖҚТБ және есірткі
сынып сағаттары
(10-11-сын)
|
23.11.10
|
Сынып жетекшілер
|
7
|
«АҚТҚ-ның берілу жолдары» қабырға газеті
|
24.11.10
|
Медик
Хайрат Т.
|
8
|
«Зиянды әдеттерден аулақ болайық»
диктант (10-сын)
|
28.11.10
|
Силам М.
|
9
|
ЖҚТБ/АҚТҚ және адам құқықтары
|
Ай бойы
|
Кітапханашы
|
Тәрбие ісінің меңгерушісі: /Силам М./
Сабақтың тақырыбы: Абай дәстүрімен Шәкәрім
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Шәкәрім лирикасы мен поэмаларындағы философиялық
ойшылдық пен поэтикалық көркемдіктің Абай дәстүрімен үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қортуға бағыттау
б) Дамытушылық: Оқушылардың ой дәлдігін, логикалық ойлауын
дамыту, шығармашылыққа баулу, таным түсініктерін дамыту
б) тәрбиелік: ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу, екі ақынның әндері,өлендері арқылы өнерді
түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі : білімді бекіту сабағы .
Сабақтың түрі : шығармашылық сабақ, компьютерлік сабақ.
Сабақтың әдісі : «Тұнғиықтан маржан теру » ойыны,сұрақ –жауап,ассоциаци (топтастыру) , Венн диаграммасы, еркін жазу.
Пәнаралық байланыс : бейнелеу өнері ,ән-әуез, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Шәкәрім портреттері, тірек кесте, кітаптар көрмесі,қосымша
материалдар, буклет,үнтаспа, компьютерлік жабдықтары.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі- Қазақ поэзиясының асқар шыңы абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы- әдебиетіміздің асыл қазынасы. Шәкәрім-өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеялары үлгісінде реалистік тәсілмен жеткізуге күш салды.
«Жастарға»-Шәкәрімнің ағартушылық нысанасын жария еткен өлеңі.
Тақырыбы: -Абай көрсеткен адам болу, азамат болу идеясы. Олөз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді өзіне үлгі етті.
Шәкәрім –Абайдың сазгерлік ән дәстүрін де әрі қарай дамытушы.
Екі ақынның әсем сазға толы әндерін тыңдап көрелік. Оқушыларға әндерін тыңдату: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Өзгеге көңілім тоярсың».
Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық
( Венн диаграммасын жасату, тапсырмалардың орындалуын тексеру)
Абай Шәкәрім
Иә,осылайша Абай мен Шәкәрімнің кім екенін таныдық. Ал, енді балалар, бүгінгі сабаққа үлкен дайындықпен қатысайық.
«Тұңғиықтан маржан теру» ойны.
Білім теңіз , оның тереңіне сыр- сипатын жетік білетін, құпиясына қанық адамдар ғана бойлай алмақ. Білім теңізіне бойлай алу үшін әрбір адам көп еңбектену керек.
Асан қайғы бабамыз айтқан ғой:
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқыса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады,-
Деп, бүгінгі білімді «Тұңғииииықтан маржан теру» ойыны арқылы меңгерейік. Ол үшін үш топқа бөлінейік: «Абай ауылы» « Щәкәрім ауылы», «Ізгілік ілімі ауылы».
Ал, қане, мына теңіздің түбінен асыл тастарды, маржандарды теріп жүрген балаларға көмектесейік.
І кезең «Теңіз түбі» тапсырмасы.
І топ. Абайдың: Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
Екі жаққа үңілдім,- дегендегі үңілгені қай жақ? (Шығыс пен батыс)
ІІ топ. Шәкәрім өзіне Абайййдан өзге кімді пір тұтқан? (Толстойды)
ІІІ топ. Абайдың қай өлеңі Германияда қай мұражайдан орын алған ? (Гете мұражайынан, «Қараңғы түнде тау қалғып »)
«Абай мұраларына саяхат » презентациялық альбомымен таныстыру.
ІІ кезең «Акула» тапсырмасы.
(Оқушылар ІІ кезең «Акула» тапсырмасын орындайды).
-Акула қандай балақ ?
-Жыртқыш.Онда балаларды акуладан құтқарайық.
І топ.Абайдың табиғат лирикасының ерекшелік сипаттары қандай ? (Абай 1886 жылдан өлеңді өз атынан шығарады .
Табиғатқа жан бітіре суреттейді.Мысалы: «Қыс» өлеңі»).
ІІ топ. «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы трагедиялар кімнің қолымен жасалады ? (Көкенай қолымен).
ІІІ топ. Абай мен Шәкәрімнің ән мен өлеңге қойған талаптары ?
Жауабы: Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әнненөзгерек .
Бұған ұйқасты өлең сөз керек.
Өзіне орайлы...
Ән- өлшеуіш,
Өлең –күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Абай:
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы.
«Абай мен Шәкәрім» шежіресімен таныстыру.
ІІІ кезең «Дельфин» тапсырмасы
Дельфин – адамдар досы, ол енді бізге көмекке келеді.
І топ. Абайдың қазақ поэзиясына еңгізген жаңалықтары?
(Ұйқас құрлысына жаңалық енгізді. Егіз, шалыс, аралас буынды өлең түрлері).
ІІ топ. Шәкерімнің поэма, дастандарын ата?
ІІІ топ. Абай, Шәкәрімнің қазақ жұртын өнер білімге тартуды мақсат тұтқан өлеңдеріндегі ұқсастықты ата?
Жауабы: Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол жастар бергенім. (Жолама қулар маңайға)
Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ- барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Біз енді жағалауға жетуіміз керек. Ол үшін бізге қайық қажет. Енді қайықтың берген тапсырмасын орындау арқылы терген маржандарымызды алып , Семейдегі Абай ауылына, Шыңғыс тауға жол тартамыз. Ендеше, келесі тапсырмамызға назар аударайық.
Сазды үзіліс: «Желсіз түнде жарық ай»әнін орындату.
ІҮ кезең «Қайық» тапсырмасы.
І топ. Абайға арнап өлең не эссе жазу.
ІІ топ. Шәкәрім ақындығына баға беру.
ІІІ топ.Шығармашылық байланыстар туралы ойыңды, не болмаса екеуінің бір шығармасына өзіндік пікіріңді баянда.
Сонымен, балалар, біз жағалауға аман-есен шығып, Абай, Шәкәрім еліне жеттік.
Біздің асыл туындыларымыз Абай, Шәкәрім туындылары екен.
Қане, топтастыру жұмысын жасап жіберейік.
Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан- сауық ойда жоқ, әуел баста -ақ, -деп,
Абай мен Шәкәрім аталарың өз өнерлерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді.
Ал енді сабағымызды «Төртіншісі артық» ойыны арқылы қортындылайық.
Достарыңызбен бөлісу: |