М. Бегалиева жалпы орта білім беретін мектебі 8- сыныптың тәрбие жұмыс жоспары Сынып жетекші: А. Н. Талипова



бет1/5
Дата15.05.2024
өлшемі195.27 Kb.
#501153
  1   2   3   4   5
жоспар дайын


«Бекітемін «Келісілді» «Қаралды»
Мектеп директоры м.у.а: ДТІЖО: Сынып жетекшілер ӘБ ________Т.С.Қабдығалиев _______А.Т.Тастеева С.Ш.Базарбаева
Хаттама №
«__»____________2020 жыл « __»____________2020 жыл «_»_________2020 жыл

М.Бегалиева жалпы орта білім беретін мектебі
8- сыныптың тәрбие жұмыс жоспары
Сынып жетекші: А.Н. Талипова

2020-2021 оқу жылы


ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге
асыру аясындағы
2020-2021 жылдарға арналған 8- сыныбының тәрбие жұмысының жоспары


І бөлім





2019-2020 оқу жылындағы сыныптың тәрбие жұмысына талдау:

2019-2020 жаңа оқу жылында 7 сыныпта 15 оқушы болды. 8 ұл бала, 7 қыз бала. Жаңа оқу жылында сынып оқушылары мектеп формасымен, жаңа оқулықтармен келді. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесін және азаматтық және патриоттық сабағы оздырылды. Оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.


І оқу тоқсанында сыныбымызда әр-түрлі тәрбие сағаттары өтіп отырады. Атап айтсақ: отбасы күніне «Отбасым – бақыт мекені», қарттар мерекесіне «Қарттарым – асыл қазынам», ұстаздар күніне арнап «Ұстаз деген-ұлағатты ұлы есім», қыз балалардың он күндігіне арналған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»,сонымен қатар 2019 жылдың 25 қазанында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты оздырылды. Сынып сағатының мақсаты Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Сонымен қатар оқу жылының басында 7 сыныбының ата-аналарына арнап «Ата –ананың бала тәрбиесіндегі беделі» атты тренинг жиналысы оздырылды. Ата-аналар сынып оқушыларына қолдарынан келген көмектерін аямай сынып оқушыларымен бірлесе жұмыс атқарып келеді.
2 тоқсанның алғашқы сабағын жас буынның рухани болмысын кемелдендіру мақсатында «Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» пікірлесу сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінің білуге тәрбиелеу. Оқушылар белсене қатысып, өз пікірлерін айтып, ой бөлісті.
ІІ оқу тоқсанында сыныбымызда әр-түрлі тәрбие сағаттары өтіп отырады. Атап айтсақ: теңге күніне «Ұлттық валюта- теңге күні», «Жүректі жылытар мейірімділік», 1 желтоқсан Президент күніне орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы», «Мемлекеттік рәміздер тарихы «Көк байрағым», тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
26 желтоқсанда сынып оқушыларының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық концерттік бағдарламасы өтті. Оқушылардың концерттік бағдарламасын ата-аналары мен мұғалімдері тамашалап риза болды.
ІІІ оқу тоқсанында сыныбымызда әр-түрлі тәрбие сағаттары өтіп отырады. Атап айтсақ: «Компьютер жау ма, әлде дос па?», «Ата-ана парызың өтеу сенің қарызың», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Терроризм – бәрімізге төнген қауіп», «Алғыс айту – парызым», «Коронавирус туралы не білеміз?» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
5-14 ақпанда «Тәрбие қызметін сапалы жетілдіру» онкүндігінде сыныптың оқушылары мен ата-аналарымен бірге «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» атты коучингі өтті. Коучингтің мақсаты отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу – тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, серіктестікке тарту, оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты арттыру. Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту. Психологиялық кеңес, ағарту қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.
Сыныптың ұлдары мен қыздарына жиналыста оздырылды. Ұлдарға «Ер азамат атына лайық бол!», қыздарға «Әлемнің жарығың сыйладың сен маған» тақырыбында баяндама оқылды.
Сынып тәртібі, тазалығы біркелкі жақсы. Сынып оқушылары себепсіз сабақтан қалмайды. Ата-аналарда мектеппен жиі байланыста болып, сабақтарына қатысып, тәртібіне де көңіл бөліп тұрады.
Мектеп медбикесі оқушылардың тазалығын үнемі қадағалап отырады.
Сыныпта 5 оқу озаты, 3 оқу екпіндісімен қалғандары қанағаттанарлық деңгейде, сыныптың жалпы пайызы 53 %-бен аяқтап отырмыз.

2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмысын талдай келе 2020-2021 оқу жылында алдыма төмендегідей мақсат қоюды жоспарлап отырмын:





  • Қазақстандық ұлтжанды, төзімді, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, жеке тұлға ретінде өз-өзін дамыта алатын,белсенді тұлға тәрбиелеу;

  • ұйымшылдыққа, бірлікке, толеранттылыққа тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет