Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «13» қыркүйектегі
№ 1195 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
-
Жалпы ережелер
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжай бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдегі Заңның 40-бабының, Қазақстан Республикасынң Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
халықаралық бір реттік тұрақты емес ұшу үшін – бір жұмыс күні ішінде (өтінім жұмыс күнінің бітуіне 2 (екі) сағаттан қалғаннан кешіктірілмей беріледі);
бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшулар серияларын (төрт және одан көп ұшулар) орындау үшін – бірінші ұшуды орындауға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
2) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) уәкілетті органда әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру орындары болады, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған ғимараттарда жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында, уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша уәкілетті органға аэроновигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұсатты беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алуға еркін нысандағы өтінімді мынадай мәліметтерді көрсете отырып, ұсынады:
1) пайдаланушының аталуы мен толық электрондық мекен жайы:
2) ИКАО коды мен рейс нөмірі;
3) әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі және радиодабылы;
4) әуе кемесінің мемлекеттік тіркеуі;
5) әуе кемесі командирінің тегі (негізгі және резервті), экипаж мүшелерінің саны мен олардың азаматтығы;
6) ұшу мақсаты;
7) жолаушылардың/жүктердің болуы және олардың саны;
8) жолашыларды/жүктерді шығарып салу мен жеткізу бекеті және аралық қону бекеттері;
9) Қазақстан Республикасының ұшу маршрутында әуе жолын көрсете отырып, толық авиамаршрут пен әуе кемесі қозғалысының графигі, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру, шығу нүктелері;
10) жүк жіберуші (толық аталуы, мекенжайы, телефон);
11) жүк алушы (толық аталуы, мекенжайы, телефон);
12) навигациялық және байланыс жабдығының үлгісі;
13) бортта шет мемлекеттердің әскери құрылымдары, қару-жарақ пен әскери техникасының болуы;
14) әуежайлық және әуенавигациялық қызметтерге төлем нысаны;
15) лауазымды адамның қолы, телефон.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтінімдегі мәліметтерді растау үшін Қазақстан Республикасы аумағына қонбайтын халықаралық ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда, егер пайдаланушының тіркеуші мемлекеті Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болса, белгіленген байланыс арналары арқылы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
пайдаланушы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі;
үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі;
жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі «Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар» ИКАО Doc. 9284-AN/905 басылымымен (бұдан әрі Техникалық нұсқаулар) анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде пайдаланушы қосымша төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
ИКАО-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің орамы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хатының көшірмесі;
3) мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін:
өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуге лицензиясының көшірмесін беруі қажет.
12. Мемлекеттік қызметті алушыға өтініш еркін нысанда беріледі.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар, осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген (қолма-қол, электрондық пошта байланысы немесе факс бойынша), мекенжай бойынша белгіленген байланыс каналдары бойынша уәкілетті органға беріледі.
14. Құжаттарды қабылдаған кезде уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берушінің сұрақ салуы бойынша электрондық пошта немесе ауызша нысанда расталады.
15. Рұқсатты беру туралы мәселе бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушыны уәкілетті органның қызметкері аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары бойынша хабардар етеді.
16. Рұқсатты беруден бас тартуға негіз мыналар табылдады:
1) келісілген авиабағыт бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінім беру, келесі тұрақты емес ұшулар түрлерін қоспағанда:
көмек көрсету мақсатында тасымалдау;
чартерлік рейстерді жеке мақсаттарда немесе қызметтік сапарда пайдалану;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын бір жолғы ұшулар;
2) жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарда не көмек көрсету үшін орындалатын тасымалдарды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда;
3) көмек көрсету және жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапарлар үшін чартерлік рейстерді орындауды қоспағанда, егер пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген әуе кемесінде бағыты бойынша басқа бір мемлекеттен Қазақстан Республикасына жолаушыларды коммерциялық тасымалдау мақсатында тұрақты емес ұшу жоспарланса және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардағы ережелерде мұндай ұшуларды орындау құқығы көрсетілмеген жағдайда;
4) көмек көрсету үшін тасымалдауды не жеке мақсатта чартерлік рейстерді орындауды қоспағанда, егер шетелдік пайдаланушының әуе кемесінің тұрақты емес ұшуы Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар/жүктерді коммерциялық тасмалдау мақсатында орындалса және осындай ұшуды орындауға құқық беру Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерінде көзделмесе;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін немесе әуе кемесінің ұшу маршруты жататын оның жеке аудандарына Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тыйым салса;
6) әуе кемесінің ұшуды жасауы Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісім шартардың талаптарын бұзса;
7) жоспарланған ұшу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы өзгеде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзса.
Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартың 7-тармағында көрсетілген мерзімде жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғанысы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
21. Шағым көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда:
1) шешімге қол қойылған басқарма бастығына қатысты уәкiлеттi орган басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05;
2) шешімдерге қол қойылған уәкiлеттi орган басшысына немесе оның орынбасарына қатысты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19 беріледі.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті органның басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекен жайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жазылады.
25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.
26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.
_______________________
«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің алдынғы жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақыттылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)
|
|
|
|
_______________________
«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Талон
_______________________________________________________
(субъектінің атауы)
Өтінімді қабылдаған _______________________________________
(маманның Т.А.Ә.)
20__ ж. «__» _________ __ сағат __ мин.
Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.
|
(мөлшері 75 мм х 55 мм)
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |