ӘОЖ 821(100-87)
КБЖ 84 Қаз-5
Н 28
Баспаға Халықаралық Түркі академиясының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Көне өзбек тілінен аударған –
Несіпбек Айтұлы
Н 28
НАУАИ Әлішер
ХАМСА. Ләйлі – Мәжін
;
Ескендір қорғаны
– Нұр-Сұлтан:
"Ғылым" баспасы, 2019. – 544 б.
ISBN 978-601-7999-03-2
Қазақтың
аса көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Несіпбек Айтұлы көп жылдан бері Шығыстың
әлемді тамсандырған
жеті шайырының бірі, ежелгі түрк әдебиетінің атасы, өзбек халқының
данышпан ақыны Әлішер Науаидың шығармаларының шыңы – бес
дастаннан тұратын «Хамсаны» қазақ тіліне аударып келеді.
Н.Айтұлы көне өзбек тілінен тәржімалаған «Хамсаның» «Ләйлі-
Мәжін» және «Ескендір қорғаны» атты екі дастанын қазақ оқырмандары
қуана қарсы алды.
Шалқар шабытпен, асқан шеберлікпен аударылған
ұлы шайырдың жауһар туындылары туысқан екі ел арасындағы әдеби
байланыстың алтын көпіріне айналары сөзсіз.
ӘОЖ 821(100-87)
КБЖ 84 Қаз-5
© Халықаралық Түркі академиясы, 2019
ISBN 978-601-7999-03-2
3
АЛҒЫ СӨЗ
Ежелден көрші қонған қазақ
пен өзбек халықтарының
бауырластығы мен достығының алтын тамыры тереңде жатыр.
Тәуелсіздік жылдарында екі елдің ынтымақтастығы жан-жақты
дамып, жаңа белеске көтерілді. Кейінгі кезеңде уақыт талаптарына
сай қарым-қатынастарымыз ерекше қарқын ала түсті. Бұл – тілі, ділі,
діні бір туысқан халықтардың ортақ арман-мұратының жарасымды
тоғысуының көрінісі. Әсіресе, Қазақстан Республикасында Өзбекстан
жылының, Өзбекстан Республикасында
Қазақстан жылының ресми
аталып өтуінің жас ұрпаққа беретін тағылымы мол.
Мәуелі бәйтерек сынды Науаи мен Абайдың асыл мұрасы еншісі
ортақ екі елді жақындастыратын бірегей рәміз қызметін атқарып
келеді. Ұлы ақын Абайдың рухани ұстазы болған Әлішер Науаи
классикалық поэзияның сан алуан озық үлгілерін ел игілігіне
айналдырып, күллі түркі әлемінің жарық жұлдызына айналды.
Өлең сөздің әсемдігін әлемге танытқан шайырдың әйгілі «Хамса»
туындысы адамзат баласын парасат пен ізгіліктің шуағына бөлейді.
Бұл шығармаға
адам мен оның ар-намысы, махаббат пен ғадауат,
мемлекет пен халықтың үйлесімі секілді тақырыптар арқау болған.
Халықаралық Түркі академиясы рухани ықпалдастық аясында
түбі бір түрк халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің,
тарихы
мен өнерінің кешенді зерттелуіне, жүйелі насихатталуына мол үлес
қосуда.
Академия жобасы аясында дайындалған Әлішер Науаидың әйгілі
бес дастаннан тұратын «Хамса» шығармасының көрнекті ақын
Несіпбек Айтұлы аударған қазақ тіліндегі қос дастаны руханияты-
мызға қосылған бағалы құндылық болары анық.
Ұлы шайырдың жауһар жырлары жас ұрпақты отансүйгіштік пен
достыққа, адалдық пен парасатқа баули берсін!