Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы


Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі17.88 Kb.
#457761
1   2   3
11

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру


Бұл қылмыстың объектісі — халықтың денсаулығы, Қылмыс құралы — есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар. Қылмыс кінәлінің есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру арқылы көрінетін белсенді әрекетінен тұрады. Басқа бір тұлғаны қызықтыру арқылы есірткі заттарды пайдалануға итермелеуге бағытталған әр түрлі (азғыру, алдау, көндіру, т.б.) іс-әрекеттер көндіру болып табылады.
Аталған заттарды таблеткалар ішу, шегу немесе үнтақ иіскеу жолымен адам ағзасының ішіне енуі қабылдау деп лталады. Басқа тұлғаның есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалануға, қоздыруға бағытталған іс-әрекеттің жасалуы қылмыстың аяқталғандығын білдіреді. Бұл ретте кінәлінің аталған заттарды пайдалануға бағытталған әрекеті қызығушылық тудырғандығы немесе оны аталған тұлға пайдаланғандығы маңызды болып табылмайды.

Қайтыс болгандардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау


Қарастырылып отырған кылмыстың негізгі объектісі — Қоғамдық құндылық. Діни, нәсілдік, ұлттық, теңдік, азаматтардың денсаулығы, меншік құқығы көп жағдайда аталған қылмыстың факультативті объектісі ретінде танылуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас құрылыстары, зираттар немесе оларды жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлері аталған қылмыстың пәні болып есептеледі. Жеке жене бауырластық зираттар (топырағы жабылатын жерлеу орындары) жерлеу орындары деп аталады. Ескерткіштер, қоршаулар, гүл қойылатын орындар, мүсіндер, сәулет құрылыстары құлпытас құрылыстары деп аталады және олар жерлеу орнының үстіне орнатылуы мүмкін. Зират үйлері қайтыс болғандарды жерлеуге немесе еске алуға және осыған байланысты рәсімдерді өткізуге арналады, бұл — шіркеу және басқа да діни орындары болуы мүмкін. Қайтыс болғандардың мәйіттерін қорлау, жою, оларды бүлдіру, олар жерленген жерлерді қорлау аталған қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қорлау — қайтыс болғандардың мәйітіне немесе уақытша жерленбеген адам тәніне қатысты кез келген заңсыз әрекетті білдіреді: зираттан қазып алу, олардың киімдерін шешу, органдары мен тіндерін алу, бөлшектеу, өлген адамның заттарын алу. Жою — жерлеу орындарын, моладағы құрылысты және бейіттерді оларды алғашқы қалпына келтіруге жатпайтындай толықтай жарамсыз ету. Бұзу — қалпына келтіруге келетін ішінара бүлдіруді білдіреді. Қор қылу - бұл ар-намысқа тиетін жазулар жазу, бояу жағу, көпшілік алдында арсыз әрекеттер жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет