«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-ө өкімінің 2-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімі Мемлекеттік тізбесінде № 1904 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 35, 684-б.) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы Үлгілік ережеде:
5-тармақтың 2), 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2 халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды құзыреттілік шегінде iске асырады;»;
«18) уәкiлеттi орган еңбек делдалдығымен айналасатын жұмыспен қамту агенттiктерiмен, жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша жұмыс берушiлермен өзара іс-қимыл жасайды.».
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
______________ А. Сәрінжіпов
2013 жылғы «___»_____________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
______________ Б. Жәмішев
2013 жылғы «___»_____________
Достарыңызбен бөлісу: |