Келісілді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі



Дата23.06.2016
өлшемі460.32 Kb.
#155041
Келісілді

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму вице-министрі

Б.Б. Нұрымбетов

(қол койылған)

2016 жылғы 25 ақпан



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Әдістемелік ұсынымдарда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 114-бабының 3-тармақшасына сәйкес «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 (бұдан әрі – Қағидалар) бұйрығымен бекітілген орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының ережелерін қолдану жөніндегі түсініктемелер мазмұндалған.



2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдарды қолдану


  1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ай;

есеп айырысу кезеңі;

жұмыс уақытының балансы;

күндік (сағаттық) жалақы;

орташа жалақы;

орташа күндік (сағаттық) жалақы;

оқиға.
2.1. Ай

Тиісті айдың 1-інен бастап – 30-ына (31) дейінгі күнді қоса алғандағы (ақпанның 28(-ін) (29-ын) қоса алғанда) күнтізбелік кезеңді ай деп есептеу қажет.

Мысалы, жұмыскердің кезекті еңбек демалысы (есеп айырысу кезеңінде толық жұмыс істелген) 2015 жылғы 18 наурыздан бастап 18 сәуірді қоса алғандағы кезең.
Айлар бойынша есеп айырысу кезеңі - 2014 жылғы 1 - 31 наурыз;

- 2014 жылғы 1 - 30 сәуір ;

- 2014 жылғы 1 - 31 мамыр;

- 2014 жылғы 1 - 30 маусым;

- 2014 жылғы 1 - 31 шілде;

- 2014 жылғы 1 - 31 тамыз;

- 2014 жылғы 1 - 30 қыркүйек;

- 2014 жылғы 1 - 31 қазан;

- 2014 жылғы 1 - 30 қараша;

- 2014 жылғы 1 - 31 желтоқсан;

- 2015 жылғы 1 - 31 қаңтар;

- 2015 жылғы 1 - 28 ақпан;




    1. . Есеп айырысу кезеңі

  1. Есеп айырысу кезеңі дегеніміз, егер жұмыскер жұмыс берушіде күнтізбелік он екі айдан кем жұмыс істеген болса (мысалы, алты ай жиырма күн), тиісті ақымен (төлеммен) байланысты оқиға алдындағы ұзақтығы он екі айлық кезең не орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі.

1-мысал. Жұмыскер жұмысқа 2008 жылғы 20 қарашада қабылданды. Ол 2015 жылғы 15 наурыздан бастап 20 наурызды қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз. Орташа жалақыны есептеу үшін 2014 жылғы 1 наурыздан бастап 28 ақпанды қоса алғандағы кезең есеп айырысу кезеңі болып табылады.

2-мысал. Жұмыскер жұмысқа 2014 жылғы 1 наурызда қабылданды. Ол 2014 жылғы 10 шілдеден бастап 18 шілдені қоса алғанда еңбекке уақытша жарамсыз. Орташа жалақыны есептеу үшін 2014 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғандағы кезең есеп айырысу кезеңі болып табылады.



  1. Егер жұмыскер жұмыс берушіде күнтізбелік он екі айдан кем жұмыс істеген болса, сондай-ақ егер есеп айырысу кезеңінде жұмыскерде жұмыста болмаған жағдайлар орын алса (мысалы, жұмысшының жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы, сырқаттануына байланысты жұмыста болмауы, жұмыстың тоқтап қалу уақыты және т.б.), есеп айырысу кезеңі толық жұмыс істелмеген болып есептеледі.

Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде жұмыс істелмеген уақыт үшін Кодекске сәйкес жұмыскерге орташа жалақы төленген немесе сақталған кезеңде есептелген сомалар алып тасталады. 

Бұл жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы нақты жалақыдан және осы кезеңде нақты жұмыс істелген күндерден (сағаттардан) айқындалады.

Қазақстан Республикасында атап өтілетін ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Кодекстің 84-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество қолданылатын жұмыс режиміне және ауысым графигіне (вахта графигі) қарамастан, демалыс күндері болып табылады.

Мереке және демалыс күндерінде жұмыс істеген жағдайда орташа жалақыны есептеу кезінде осы кезеңге нақты жұмыс істелген күндер (сағаттар) және сомалар қосылады.



  1. Егер есеп айырысу кезеңінде жұмыскерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айға не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істелген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.

1-мысал. Жұмыскер 2011 жылғы 1 шілдеде ұйымға жұмысқа қабылданды. Ол 2015 жылғы 1 мамырдан бастап 15 мамырды қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз. Орташа жалақыны есептеу үшін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап 30 сәуірді қоса алғандағы кезең есеп айырысу кезеңі болып табылады, бірақ 2014 жылғы 12 мамырдан бастап 2015 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда бұл жұмыскер бала күтімі бойынша демалыста болған. Бұл жағдайда есеп айырысу кезеңін 2013 жылғы 1 мамырдан бастап 2014 жылғы 30 сәуірге дейін алу қажет.

  1. Егер жұмыскер жұмысқа орналасқан кезде есептелген жалақы сомасы болмаса не оқиға алдындағы 24 ай ішінде жалақысы болмаса, онда оқиға басталған жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесіне (лауазымдық айлықақысына) байланысты есептеледі.

Мысалы, жұмыскер 2015 жылғы 2 ақпанда жұмысқа қабылданды, 2015 жылғы 1 сәуірден бастап 10 сәуірге дейін уақытша еңбекке жарамсыз. Бұл жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесіне (лауазымдық айлықақыдан) байланысты есептеледі.
2.3. Жұмыс уақытының балансы

Жұмыс уақытының балансы дегеніміз – 36-сағаттық, 40-сағаттық жұмыс аптасындағы (бес күндік, алты күндік) жұмыс күндерін (сағаттарын) ескере отырып, тиісті күнтізбелік жылға жұмыс уақытының нормаларын айлар бойынша бөлу көрсеткіштерінің кестесі.

Жұмыс уақытының балансын жасау кезінде демалыс күндеріне сәйкес келетін мереке күндері (сенбі, жексенбі) мереке күнінен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады («Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңының нормаларын ескере отырып).

Бұл ретте айларға тоқсандарға, жалпы жылға жұмыс уақытының нормасы жұмыс күндерімен (сағаттарымен) реттеледі. Ол 40-сағаттық және 36-сағаттық жұмыс аптасында күнтізбе бойынша бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен есептеледі.


Мысалы, 2015 жылға Жұмыс уақытының балансы.










 

























 

күндер саны

жұмыс күндері

Ай,

күнтізбелік күндер

Мереке күндерін қоспағанда күнтізбелік күндер

40-сағаттық жұмыс аптасы

36 - сағаттық жұмыс аптасы

тоқсан,

Жұмыс графигі

Жұмыс графигі

жартыжыл

айдың 1-күнінен бастап соңына дейін

айдың 1-күнінен бастап соңына дейін

9 ай,







жыл

бес күндік

алты күндік

бес күндік

алты күндік

 

күндер

күндер

сағаттар

күндер

сағаттар

күндер

сағаттар

күндер

сағаттар

қаңтар

31

29

19

152

24

158

19

136,80

24

144,00

ақпан

28

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

наурыз*

31

27

18

144

22

148

18

129,60

22

132,00

I тоқсан

90

84

57

456,00

70

466

57

410,40

70

420

сәуір

30

30

22

176

26

174

22

158,40

26

156,00

мамыр*

31

28

18

144

23

153

18

129,60

23

138,00

маусым

30

30

22

176

26

174

22

158,40

26

156,00

II тоқсан

91

88

62

496,00

75

501,0

62

446,4

75

450,0

I жартыжылдық

181

172

119

952,00

145

967,0

119

856,8

145

870,0

шілде

31

30

22

176

26

174

22

158,40

26

156,00

тамыз*

31

30

20

160

25

165

20

144,00

25

150,00

қыркүйек

30

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

III тоқсан

92

90

63

504,00

76

506,0

63

453,6

76

456,0

9 ай

273

262

182

1456,00

221

1473

182

1310,4

221

1326

қазан

31

31

22

176

27

179

22

158,40

27

162,00

қараша

30

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

желтоқсан

31

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

IV тоқсан

92

89

63

504,00

76

506,0

63

453,6

76

456,0

Жыл

365

351

245

1960,00

297

1979

245

1764

297

1782

Орташа айлық баланс

 

29,25

20,42

163,33

24,75

164,92

20,42

147,00

24,75

148,50

* Мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келген кезде мереке күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.
2.4. Күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігіне (күн, сағат) жалақы.

Жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық айлықақыны) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасында ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Мысалы, жұмыскердің лауазымдық айлықақысы 100000 теңгені кұрайды, 2015 жылға жұмыс уақытының балансы бойынша сәуір айына жұмыс күндерінің саны бес күндік жұмыс аптасында 22 күнді құрайды.

Күндік мөлшерлеме 100000/22=4545,5 теңгені құрайды.

2.5. Орташа жалақы

Орташа жалақы дегеніміз – жұмыскерге оның жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және жұмыскерге төленетін ақша қаражатының сомасы.

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (Ерекше бөлім) азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін айқындалған орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңге орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-параграфында реттеледі.

2.6. Орташа күндік (сағаттық) жалақы

1) Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, оның ішінде лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет көрсету аймағының кеңейгені үшін) үстеме жұмысқа ақы төлеу, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны, түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін  қосымша ақы ескеріле отырып, тиісті кезеңге орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы.

Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын осы кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.

Орташа сағаттық жалақы барлық жағдайларда есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын осы кезеңде істелген жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен айқындалады.

Орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.
Мысалы, ұйымда бес күндік 40-сағаттық жұмыс аптасы.

Жұмыскер 2015 жылғы 8 қаңтардан бастап 11 қаңтарды қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз. Есеп айырысу кезеңі 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең.

Есеп айырысу кезеңінде жұмыскер 2014 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірді қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз, 2014 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 19 желтоқсанды қоса алғанда жалақысы сақталмайтын демалыста болды;

оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің саны 2 жұмыс күні.

Есеп айырысу кезеңінде жұмыскерге есептелген жалақының сомасын айқындаймыз:


Ай

Нақты жұмыс істелген күндер (күн/сағат)

Есептелген жалақы, теңге

2014 жылғы қаңтар

20/160

80000,00

2014 жылғы ақпан

20/160

80000,00

2014 жылғы наурыз

17/136

80000,00

2014 жылғы сәуір

18/144

65000,00

2014 жылғы мамыр

19/152

80000,00

2014 жылғы маусым

21/168

80000,00

2014 жылғы шілде

22/176

80000,00

2014 жылғы тамыз

21/168

80000,00

2014 жылғы қыркүйек

21/168

80000,00

2014 жылғы қазан

23/184

80000,00

2014 жылғы қараша

20/160

80000,00

2014 жылғы желтоқсан

9/72

36000,00

Жиыны:

231/1848

901000,00

Орташа күндік жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын жұмыс күндерінің (сағаттарының) санын айқындау кезінде мыналар алып тасталған:

2014 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 19 желтоқсанды қоса алғанда жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері (сағаттары);

2014 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірді қоса алғанда жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері (сағаттары).

Тиісінше, көрсетілген кезеңдерде есептелген сомалар есепке алынбайды.

Орташа күндік жалақыны былайша есептейміз:

901000 теңге / 231 күніне /1848 сағат = 3900,43/487,6 теңге.

Жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіне орташа жалақыны есептейміз: 3900,43/487,6 теңге *оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің / сағаттарының саны, яғни 3900,43*2 немесе 487,6*16

Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша айлық әлеуметтік жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (айлық есептік көрсеткіш 2015 жылы 1982 теңге * 15 = 29730 теңге).

 2) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
2.7. Оқиға

Оқиға дегеніміз – Кодекске сәйкес жұмыскерге орташа жалақы сақталатын немесе төленетін жағдайлар.




3. Арттыру коэффициентін қолдану 
Лауазымдық айлықақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі;

2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға басталғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі;

3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) арттырылған күннен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі.

Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық айлықақыны) арттыруға дейін белгіленген тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық айлықақыға) бөлу жолымен есептеледі.

Негізгі персоналдың азаматтық қызметшілері үшін (В2; В3; В4 звеноларында) арттыру коэффициенті біліктілік санаты үшін қосымша ақыны есепке ала отырып, егер орташа жалақының есебіне 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген сома қосылған жағдайда, арттыру айында белгіленген лауазымдық айлықақыны арттыруға дейін белгіленген лауазымдық айлықақыға бөлу жолымен есептеледі.

Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.

Арттыру коэффициенті:


  1. жұмыскерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстыру кезінде;

2) лауазымдық айлықақының мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жұмыскердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін ұлғайту кезінде немесе жұмысшының біліктілік разрядын арттыру кезінде қолданылмайды.

Мысалы, маманның лауазымдық айлықақысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдені қоса алғандағы есеп айырысу кезеңінде бірнеше рет арттырылады:

қаңтарда, ақпанда, наурызда 90000 теңгені,

сәуірде, мамырда, маусымда 100000 теңгені,

шілдеде 120000 теңгені құрайды.

Бұл ретте, жұмыскер сол лауазымда жұмыс істеді. Осыған байланысты арттыру коэффициенті былайша айқындалады:

қаңтарға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;

ақпанға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;

наурызға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;

сәуірге - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;

мамырға - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;

маусымға - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;

шілдеге - (120000 теңге/120000 теңге) - коэффициент 1.
1-мысал

























Егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа айлықақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі

Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы.

Жұмыскерге 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап 20 ақпанды қоса алғанда (15 жұмыс күні) ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап 2016 жылғы 31 қаңтарды қоса алғандағы кезеңді құрайды.

Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 60000 теңгені құрады.

Коэффициент 60000/50000=1,2.



Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.


Ай

Нақты жұмыс істелген күндер

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

Коэффициент

Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2015 жылғы ақпан

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы наурыз

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы сәуір

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы мамыр

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы маусым

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы шілде

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы тамыз

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қыркүйек

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қазан

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қараша

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы желтоқсан

20

50000,00

1,2

60000,00

2016 жылғы қаңтар

18

60000,00

1,0

60000,00

Жиыны:

244

610000,0




720000,0

720000,0 теңге / 244 (жұмыс күні) = 2951,0 теңге (орташа күндік жалақы).

2951,0 теңге * 15 (жұмыс күні) = 44265,0 теңге (оқиға кезеңіне орташа жалақы).
2-мысал


Егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға басталғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі

Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы

Жұмыскерге 2016 жылғы 11 қаңтардан бастап 30 қаңтарды қоса алғанда (15 жұмыс күні) ақылы еңбек демалысы берілді.

Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді құрайды.

Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 60000 теңгені құрады.

Коэффициент 60000/50000=1,2.



Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.


Ай

Нақты жұмыс істелген күндер

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

Коэффициент

Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2015 жылғы қаңтар

19

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы ақпан

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы наурыз

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы сәуір

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы мамыр

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы маусым

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы шілде

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы тамыз

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қыркүйек

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қазан

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қараша

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы желтоқсан

20

50000,00

1,2

60000,00

Жиыны:

245

600000,0




720000,0

720000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2938,8 теңге (орташа күндік жалақы).

2938,8 теңге * 15 = 44082,0 теңге (оқиға кезеңіне үшін орташа жалақы).
3-мысал


Егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық айлықақы (мөлшерлеме) арттырылған күннен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі

Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы

Жұмыскерге 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 15 ақпанды қоса алғанда (19 жұмыс күні) ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді құрайды.

Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, арттыру 2016 жылғы 25 қаңтарда жүргізілді, 60000 теңге.

Коэффициент 60000/50000=1,2.




Ай

Нақты жұмыс істелген күндер

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2015 жылғы қаңтар

19

50000,00

2015 жылғы ақпан

20

50000,00

2015 жылғы наурыз

18

50000,00

2015 жылғы сәуір

22

50000,00

2015 жылғы мамыр

18

50000,00

2015 жылғы маусым

22

50000,00

2015 жылғы шілде

22

50000,00

2015 жылғы тамыз

20

50000,00

2015 жылғы қыркүйек

21

50000,00

2015 жылғы қазан

22

50000,00

2015 жылғы қараша

21

50000,00

2015 жылғы желтоқсан

20

50000,00

Жиыны:

245

600000,0

600000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2449,0 теңге (орташа күндік жалақы).



2449 теңге * 19 = 46531,0 теңге (оқиға кезеңіне орташа жалақы).
Бұл жағдайда арттыру коэффициенті лауазымдық айлықақы (мөлшерлеме) арттырылған күннен бастап оқиға кезеңі аяқталғанға дейін орташа жалақыны қайта есептеу арқылы қолданылады.



Ай

Нақты жұмыс істелген күндер

Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

Коэффициент

Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы

2015 жылғы қаңтар

19

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы ақпан

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы наурыз

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы сәуір

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы мамыр

18

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы маусым

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы шілде

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы тамыз

20

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қыркүйек

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қазан

22

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы қараша

21

50000,00

1,2

60000,00

2015 жылғы желтоқсан

20

50000,00

1,2

60000,00

Жиыны:

245

600000,0




720000,0

720000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2939,0 теңге (арттыру коэффициентін ескергендегі орташа күндік жалақы).


(2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 24 қаңтарды қоса алғанда - 3 жұмыс күні)

(2016 жылғы 25 қаңтардан бастап 15 ақпанды қоса алғанда - 16 жұмыс күні)


3*2449=7347 теңге

16*2939=47024 теңге

Жиыны: 54371 теңге (арттыру коэффициентін ескергенде оқиға кезеңіндегі орташа жалақы).
Қайта есептеу айырмасы 54371,0 - 46531,0 = 7840,0 теңгені құрайды.

4. Орташа жалақыны есептеу кезінде жылдық сыйлықақыны есепке алу тәртібі

Жылдық жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа жалақыны есептеу кезінде жылдық сыйлықақыны, сыйақыны есеп айырысу кезеңі шегінде нақты төлейтін айдың алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төленген сәттен бастап есептеледі.


      Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық өтелмеген жағдайларда, орташа жалақыны есептеу кезінде сыйлықақылар, сыйақылар есеп айырысу кезеңінде жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі және нақты төленген сәттен бастап есептеледі.

Егер оқиға жылдық жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы мен сыйақылар төленгенге дейін басталса, онда орташа жылдық жалақы жылдық сыйлықақы ескерілмей есептелетін болады. Кейіннен өткен жылға жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйлықақы мен сыйақылар есептелгеннен және төленгеннен соң оқиға кезеңінде төленген немесе сақталған орташа жалақыны қайта есептеу жүргізілмейді.

Егер оқиға өткен жылға жұмыс қорытындысы бойынша жылдық сыйақы мен сыйлықақылар төленгеннен кейін жүргізілсе, орташа жалақы жоғарыда айтылғанға сәйкес жылдық сыйлықақыны, сыйақыны (есеп айырысу кезеңі шегінде нақты төлейтін айдың алдындағы әрбір айға 1/12 мөлшерінде нақты төленген сәттен бастап есептеледі) жылдық сыйлықақы ескеріле отырып есептеледі.

«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысына және Қағидалардың 14-тармағына сәйкес орташа жалақыны есептеу кезінде акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің жылдық сыйлықақылары ескерілмейді.


1-мысал. Жұмыскер компанияда 2014 жылы толығымен жұмыс атқарады.

2014 жылға жылдық сыйлықақы 2015 жылғы сәуірде 100000 теңге мөлшерінде берілді, жұмыскер 2015 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 20 қаңтарды қоса алғандағы кезең үшін демалысқа шықты.

Есеп айырысу кезеңі:

2014 жылғы желтоқсан - 8333,4 теңге;

2015 жылғы қаңтар - 8333,4 теңге;

2015 жылғы ақпан - 8333,4 теңге;

2015 жылғы наурыз - 8333,4 теңге;

2015 жылғы сәуір - 8333,4 теңге.

2015 жылғы мамыр

2015 жылғы маусым

2015 жылғы шілде

2015 жылғы тамыз

2015 жылғы қыркүйек

2015 жылғы қазан

2015 жылғы қараша

Жылдық сыйлықақы 1/12 (есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір ай үшін 100000/12= 8333,4 теңге және нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі).

2-мысал. Жұмыскер компанияда 2014 жылы толығымен жұмыс атқарады.

Мысалы, 2014 жылға жылдық сыйлықақы 2015 жылғы ақпанда 100000 теңге мөлшерінде берілді, жұмыскер демалысқа 2015 жылғы мамырда шықты.

2014 жылғы шілдеде жалақысы сақталмайтын демалыста болды, 2015 жылғы наурызда уақытша еңбекке жарамсыз болды.

Есеп айырысу кезеңі: сыйлықақы:

2014 жылғы мамыр - 11111,1

2014 жылғы маусым - 11111,1

2014 жылғы шілде

2014 жылғы тамыз - 11111,1

2014 жылғы қыркүйек - 11111,1

2014 жылғы қазан - 11111,1

2014 жылғы қараша - 11111,1

2014 жылғы желтоқсан - 11111,1

2015 жылғы қаңтар - 11111,1

2015 жылғы ақпан - 11111,1

2015 жылғы наурыз

2015 жылғы сәуір

Жылдық сыйлықақы 1/9 (есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір ай үшін 100000/9= 11111,1 теңге және нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі).


5. Жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі
Кодекстің 90-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысым графиктеріне қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күндеріне сәйкес келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.

Осыған байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күнтізбелік күндермен беріледі.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Осылайша, орташа жалақыны есептеу үшін демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері пайдаланылады.

1-мысал. Бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыскерге 2014 жылғы 4 ақпаннан бастап ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

Демалыс кезеңінде 2015 жылғы 4 ақпаннан бастап 27 ақпанды қоса алғанда – 18 жұмыс күні.

Орташа жалақы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептелген орташа күндік жалақыны 2015 жылғы 4 ақпаннан бастап 27 ақпанды қоса алғандағы демалыс кезеңіне сәйкес келетін 18 жұмыс күніне көбейту жолымен айқындалады.

2-мысал. Бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы кезінде жұмыскерге 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанды қоса алғанда 24 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы есеп айырысу кезеңінде жұмыскер 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 19 сәуірді қоса алғанда өткен жылға еңбек демалысында болды, 2014 жылғы 20 шілдеден бастап 25 шілдені қоса алғанда ауру себебі бойынша жұмыста болмады.

Есеп айырысу кезеңі үшін есептелген жалақының сомасы айқындалады. Бұл ретте, есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт пен жұмыскерге орташа жалақы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін аталған кезеңде есептелген сома алып тасталады:

Ай

Жұмыс күндері

Жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақы сомасы


2014 жылғы қаңтар

20

90000,00

2014 жылғы ақпан

20

90000,00

2014 жылғы наурыз

17

90000,00

2014 жылғы сәуір

9

31000,00

2014 жылғы мамыр

19

90000,00

2014 жылғы маусым

21

90000,00

2014 жылғы шілде

17

81000,00

2014 жылғы тамыз

21

90000,00

2014 жылғы қыркүйек

21

90000,00

2014 жылғы қазан

23

90000,00

2014 жылғы қараша

20

90000,00

2014 жылғы желтоқсан

20

90000,00

Жиыны:

228,00

1012000,00

Орташа күндік жалақыны айқындаймыз, 1012000 теңге/ 228 күнге = 4438,6 теңге;

2015 жылғы 28 қаңтардан бастап 20 ақпанды қоса алғанда демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің санын айқындаймыз: 18 жұмыс күні;

демалыс кезеңінде сақталатын орташа жалақы:

4438,6 теңге * 18 күн = 79894,8 теңге.

6. Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі

 

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.



Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.

Бұл ретте, еңбек демалысына құқық беретін кезеңдер Кодекстің 91-бабында айқындалған.

Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндерінің саны жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі.

Еңбек шартын тоқтатқан немесе бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері жұмыскер жұмыстан босатылған күннен кейінгі бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады.

1-мысал. Жұмыскер 2014 жылғы 11 тамыздан бастап жұмысқа қабылданды. Кәсіпорынның жұмыс режимі бес күндік сегіз сағаттық жұмыс аптасы. Жұмыскер еңбек шартын 2015 жылғы 11 ақпанда тоқтатады (соңғы жұмыс күні).

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.

Еңбек шартының талабы бойынша жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбелік 30 күнді құрайды. Осыған байланысты жұмыскерге жұмыс істелген кезеңге пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күнтізбелік 15 күніне өтемақы төленеді.

Пайдаланылмаған демалыстың күнтізбелік 15 күні еңбек шартын тоқтатқан күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап саналады. Көрсетілген кезеңде жұмыс күндері алынады. Бұл осы мысалда кәсіпорынның жұмыс режимі ескеріле отырып айқындалған 11 жұмыс күні.



Осылайша, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес есептелген орташа күндік жалақыны 11 жұмыс күніне көбейту жолымен айқындалады.
________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет