Халметова гулнора эрматовна



бет1/2
Дата19.02.2022
өлшемі53.93 Kb.
#455551
  1   2
Халметова мақала эстетикалық пәндер


ХАЛМЕТОВА ГУЛНОРА ЭРМАТОВНА


Түркістан облысы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші


ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЦИКЛДАҒЫ ПӘНДЕРДІҢ ТӘСІЛДЕРІМЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.


Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу – дарындылықты дамытуғы септігін тигізетін функционалды мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
«Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз» делінген.
Сонымен, дарынды деп психология ғылымында атап көрсетілгендей, адамның бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуін айтамыз.
Дарындылықты ашудың қажетті шарттары туралы А.Владимиров «Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. Жаңа ғана «Сібір кенінен» алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп - ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз» деп жазды. Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен тапсырмалар – нағыз зертхана.
Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал кейбір адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пайда болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.
Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу-тәрбие жұмысында басты назарда ұстау керек.
Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян. Ал дарынды баланың ой-пікірімізге тиек етіп отырған психологиялық ерекшелігі өте айқын көрінеді, оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы болмайды. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі, өмірде осы сияқты жасөспірімдердің ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшырасады. Нәтижесінде, қабілетті шәкірттің дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде жетілмей қалуы мүмкін.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет.Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек.
Ертедегі грек философтарынан бастап, барлық педагог – психолог ғалымдар дарындылықтың туа біткен қасиет екенін айта келіп, оны дамытуға, ұштай түсуге оқыту мен тәрбие керектігін сан рет дәлелдеген. Бұл салада Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты ғалымдардың пікірлері бір арнада тоғысып жатыр. Бұл мәселе дамыған елдерде баяғы заманнан – ақ басталып, лайықты жемісін беріп келе жатқаны баршамызға аян.
Ғалымдардың кейбірі дарындылықты адамның көптеген қабілеттерінің жиынтығы деп санаса, кейбір ғалымдар « қабілеттілік» пен «дарындылық» ұғымдарын тең дәрежеде алып қарастырады. Ағылшын психологі Френсис Гальтон «Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде мынадай тұжырым жасайды:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет