Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
ХАНАФИ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАБІРЛЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТУ ҮШІН АРНАЙЫ САПАРҒА ШЫҒУ ТУРАЛЫ
Шариғат өз елді мекеніңнің зиратын зиярат ету мен басқа бір елді мекенге ондағы қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудың арасында айырмашылық орнатты. Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме1 және Илия2 мешітіне» (хадис сенімді (сахих); Муслим 1397).
Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1189; Муслим 1397; Абу Дауд 2033; Насаи 699; Ибн Мәжжаһ 1409; т.б.).
Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарларды үш мешіттен: осы менің мешітімнен, әл-Харам Мешітінен және әл-Ақса мешітінен – басқа мешіттерге қарай жекпеңдер», - деп айтқанын баяндаған (хадис сенімді (сахих); Бухари 1197; Муслим 828; Тирмизи 326; Ахмад 45, 51).
Бұл хадистерде өз елді мекеніңнен басқа бір елді мекенге ғибадат жасау үшін, мейлі мешітке болсын, мейлі қандай да басқа бір жерге сапарға шығуға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар.
Түркістанға және басқа да қабірлерге сапар жасауды жақтайтындар былай деп жауап айтады: «Бұл хадисте қабірлер, кесенелер және қасиетті жерлер туралы емес, дәл мешіттер туралы сөз болуда».
Жауап:
1. Абу Басра әл-Ғифаридің3 ол бірде Абу Хурайраны кездестіргендігі және одан: «Сен қайдан келе жатырсың?» - деп сұрағандығы туралы хадисі жеткізіледі. Абу Хурайра: «Тур4 тауынан келе жатырмын. Мен ол жаққа сол жерде намаз орындау үшін бардым», - деп жауап берді. Сонда Абу Басра: «Егер мен сені сен сапарға шығудан бұрын көріп үлгергенімде, сені ол жерге жібермес едім, өйткені мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естігенмін», - деп айтты (хадис сенімді (сахих); Насаи 1429; Малик «Муатта» 1/108; Тайялиси 1348; Ахмад 23848; имам Тирмизи хадисті сенімді (сахих) деді № 491; сондай-ақ шейх әл-Әлбани де «Ахкам уль-Жанаизде» 287-бет оны сахих деді).
2) Каз’а былай деп баяндайтын: «Бірде мен тур тауына баруға жиналдым да, бұл туралы Ибн ‘Умардан кеңес сұрадым, ол маған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естімеп пе едің? Мұны таста да, ол жерге барма», - деп жауап берді» (хадис сенімді (сахих); әл-Азракий «Ахбар Макка» 304-бет; Хайсами «әл-Мужма’» 4/4 және әт-Табарани «әл-Кәбир» 13283).
Сахабалардан жеткен осы екі хабарды оқып шыққан кезде, ғибадат жасау үшін сапарға шығу тек мешіттермен шектелмейтіні түсінікті болады, өйткені Тур тауы мешіт болып табылмайды. Соған қарамастан, сахабалар осы тауға онда Аллаһқа ғибадат жасау үшін баруға тыйым салатын.
Егер олар: «Бұл хадистерде мешіттер және қасиетті таулар мен жерлер туралы айтылуда, алайда оларда қабірлер мен кесенелерді зиярат етуге тыйым жоқ», - деп айтса, бұған ханафи ғалымдары былай деп жауап берген:
Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әд-Дахляуи былай деген: «Жәхилиет кезінде адамдар өздері «қасиетті» деп санайтын орындарға баруға ұмтылған, оларды зиярат еткен, олардан игілік тілеген және осы жерлерде қаншама бидғаттар мен күнәлар жасаған, бұл мәлім болғанындай. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырылған ғибадат заңдастырылмаған ғибадатпен араласып кетпеуі үшін, сондай-ақ осы Аллаһтан басқа өзгеге құлшылық етуге алып келетін себепке айналмауы үшін, осы күнәның есігін жапты. Әрі кімнің болсын қабірі немесе қандай болсын салиқалы адам құлшылық жасаған орын, сондай-ақ Тур тауы – осы жерлердің барлығы оларға ғибадат жасау үшін баруға тыйым салынғандығында бірдей екендігі ақиқат болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/192.
Ханафи мазхабының имамдарының бірі болған имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген: «Ал қабір орындарына сапарға шығып, осы орайда жол ауыртпалықтарын тарту және осымен ұлы күнә істеу туралы айтар болсақ, онда ғалымдардың басым бөлігі былай деген: «Пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың (әулиелердің) қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығу дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндайды сахабалар да, олардың ізбасарлары да істемеген. Сондай-ақ мұндайды әлемдердің Раббысының Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған, әрі мұсылмандардың имамдарынан ешкім мұны абзал деп айтпаған. Сондықтан да кім осы сапарлар Аллаһқа мойынсұну және игі амал болып табылады деген сенімге ие болса, сол мұсылмандардың бірауызды пікіріне қайшы келеді. Ал кім осы сенімге ие бола тұра осы қабірлерге сапарға шықса, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған (харам) нәрсе істейді». Қз.: «Зиярат уль-қубур» 18-22 беттер.
Бұл ханафи имамының сөздері Түркістанға, Бекет Ата мазарына және сол сияқты «әулиелі» жерлерге арнайы сапар жасап бару күнә және тыйым салынған амал болады дегенді білдіреді.
3. Егер үш мешіттен басқа қандай да нақты бір мешітке ғибадат жасау үшін сапарға шығу тыйым салынған болса, онда қабірлерге сапарға шығу тіпті тыйым салынған. Бұл қабірлердің ғибадат жасауда мешіттерден еш артықшығы жоқ болғандығы себепті, бұдан қалса мешіттердің олардан артықшылықтары
бар.
Қолданылған дерек көз: www.toislam.ws сайтының кітапханасы
Достарыңызбен бөлісу: |