ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
алатыны әдебиеттің бұзылмас заңы»
екенін ескертетін болсақ бұл орын-
ды да еді. Пролеткультшылардың
ниг листік көзқарасының ұлы Абай
төңірегінде қатты өріс алуына жана-
ма себептің болғанын да ашып айтқан
дұрыс. Бұл 1920 жылдары қазақ
әдебиеттану ғылымында жеке ақын-
жазушылар творчествосын зерттеуді
сөз еткенде ықтияттылықпен қарап,
басын ашып алуды қажет ететін
күрделі де мәселе.
Ол – қазақ мәдениеті мен әде-
биетіне ерекше еңбек еткен қазақ
интеллигенциясының бір тобына –
«ұлтшыл-алашордашыл» деген атақ
тағылып, әдебиет майданында олар-
ға қарсы аяусыз күрестің басталуы.
Бұл күрес белгілі бір жағдайларда
әдебиет тарихын зерттеуге өз әсерін
тигізбей қалмады. А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, С. Садуақасов, Ж. Ай-
мауытов, Х. Досмұхамедов секілді
әдебиеттің өзекті салаларына қалам
тартып, қазақ әдебиетінің тари-
хын, классикалық мұраны зерттеу-
де алғашқы мақалалар, еңбектер
жаз ған, жинақтар шығарған, қазақ
мәдениеті мен халық ағарту саласын-
да көп еңбек сіңірген осы қазақ зия-
лыларына «ұлтшыл-алашордашыл»
атақ тағылуының себептері тарихи
тұрғыда айқындалды. Қазақ әде-
биеттану ғылымында осы «ұлт шыл-
алашордашыларға» қарсы күрес
соң ғы кезге дейінгі 70 жылға тарта
уақыт бойы бір толас таппай жүріп
келді. Бір кезде «Абай туралы кім
не айтпады» десек, енді «бұлар ту-
ралы кім не демеді» дейтін дәрежеге
жетіп отырмыз. Айтпайын деген жоқ,
айтқызбады, айтса ұлтшылдықтың
қамытын киіп кете беруі оп-оңай бол-
ды.
Қазақстанда әдеби мұраға деген
пролеткультшылдық пен «тұрпайы
социологизм» көзқарасының өте қат-
ты өріс алуына осы «ұлтшылдық қа»
қарсы күрес дем беріп, қосарланып
отырды. Себебі, қазақ зиялылары-
ның әдеби мұраға деген көзқара-
сында сол кездегі әдебиеттану ғы-
лымына тән болған «бірыңғай ағым»
теориясының кейбір белгілері орын
алды. Халық ауыз әдебиеті үлгі-
лерін жинау, жариялаудың прак-
ти калық, ғылымдық мәнін жақсы
тү сінген олар бұл жұмысқа белсе-
не араласып, көптеген мұраларды
жарыққа шығарды. Қазақ поэзия-
сының дәстүрлігі мен тарихи са-
бақтастығының жаңа әдебиет жа-
саудағы әсерін тап басып танып,
өткен дәуірдің ақындарынан, әсі ресе
Абай поэзиясынан үйренуге ша-
қырып, Абай шығармаларын жинау,
жариялау жұмыстарына ерекше на-
зар аударды. Әдеби мұраны игеру,
пайдалану саласындағы жүргізілген
бұл игі істер қазақ пролеткультшыл-
дарына қатты сенімсіздік туғызды.
Олардың «Алаш» партиясында бол-
ғаны үнемі есте ұсталып, «бұлар
өткенді көксейді, үстем тап идеоло-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
155
Достарыңызбен бөлісу: |