Мен және менің мамандығым (Эссе)
«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер.» З. Фрейд
Мен, ...., дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, ата-анамыздың тәлім-тәрбиесін алып, тәрбиелі отбасында өсіп-өніп, оқып-тоқып, психолог мамандық иесі болған күннен өз-өзімді жеке тұлға ретінде танып, тәрбиелей бастадым. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым-мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық-жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.
Ата –баба дәстүрінен бастау алған жан-жарастығы мен жайсандығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасына қалыптастыру үшін ақын Шәкәрім сөзімен айтсақ, ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Мектеп ұжымдарының зор табыстарға жетіп, береке бірліктерінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына мектеп психологтарының үлесі бар деп есептейміз. Еліміз егемендік алғаннан бері оқу тәрбие саласында көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға дұрыс негіздерін беру және олардың психологиялық тұрғыда қалыптасу мәселесі де көрнекті орында тұр. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі.
Халқымыз қашаннан еркіндікті аңсаған, ой еркіндігі бар, адал, арлы халық. «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын, дұшпан сөзі басымнан асып кетсе сен түгіл ханыңа да бас ұрмаймын» деген. Осында ұлт болашағы – балаларын да отбасында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа, береке , бірлікке тәрбиелеген, «баланы жастан» деген даналық сөзі бар.
«Балаларға оқу-білім берілсін. Сонымен қатар сұлу мінез, әртүрлі өнермен өрілсін»,- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүр мен ұлттық тәрбие бүгінгі күнде де оқу - тәрбие саласында тиімді қолданылуда. Елбасымыз: «Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты , ынтымағы жарасты болады деп есептеймін. Өйткені ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ»,- деген.
Ерте замандарда халқымыз балаларын дәстүр бойынша дуалы ауыз би шешендер мен көсемдердің, даналардың қасына отырғызып, сөздерін тыңдатқан. Бұл дана адамдардың жақсы қасиеттері жұғысты болсын деген ниеттен туған. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ұлттық тәлім берудің этнопсихологияның маңызы зор.
Халық ауыз әдебиеті этнопсихологиямен өте тығыз байланыста. Дана Абай, ақындар Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан, т.б. шығармаларынан байқауға болады. Әсіресе, Абайдың өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі даналық, қанатты сөздерді көп қолданылады. Мысалы, Абай психолог ақын ретінде қазіргі түсінік бойынша, жан деп адамның рухани күшін айтқан. Адамның білсем, үйренсем деген ой, сезім, тілек мүдделерін өсіру қажет, сол жолда қажымай, талмай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма жыл . Абай.
Бірінші сынып оқушыларының білім алуының табыстылығына әсер ететін басты фактор мектеп жағдайына бейімделуі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір өзгермелі кезеңі болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған «Мен – оқушымын» арнайы бағдарлама құрастырдым, оның жаңа келген оқушылармен жұмыста психолог үшін де, мұғалім үшін де, ата-ана мен бала үшін де маңызы зор.
Мектепке алғаш келген жас мамандармен де жан жақты жетілу мақсатында психологиялық ұзақ мерзімді тренинг, сабақтар жүргізіліп келеді.
Тренингтерден жас ұстаздар жұмыс істеу әдістерін үйренеді. Атап айтқанда:
1. Өзіндік психологиялық жұмыс ;
1. Әлеуметтік ортаға бейімделу, жұмыс уақытында шаршауды болдырмау,алдын –ала
шаралар ұйымдастыру;
2. Оқушылармен сабақ беру кезінде тиімді әдістермен жұмыс жүргізе білу.
3. Оқушының ой-өрісінің даму деңгейін білу.
4. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда үнемі назарда ұстау.
Іс-тәжірибеде мектеп ұжым мүшелері мен оқушылар арасында жаңа заманға сай жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолданыста болу керек. Сондай әдістердің бірі- «Өнер терапиясы». «Өнер терапиясының білім сапасына тигізетін әсері мол және керекті психологиялық қызметтер атқарады.
Кедергілерді жою үшін қолданылатын -« Дөңгелек стол» ұйымдастыру. Бұл сабақ берудің алғашқы сатыларында мұғалім мен оқушылар арасында жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін қолданылады.
Психологиялық жұмыс-адам жанымен жұмыс, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс.
Бүгінгі біздің қоғамда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Көгілдір экранды жаулап шетелдік фильмдер, түрлі діни бірлестіктер шетелдік арзанқол музыкасы т.б. жастарымызды улап жатқаны жасырын емес.
Олардың бәрі жастардың көңіл күйіне, психикасына әсер етуде. Яғни, тәрбие жұмыстарындағы мәселелер бәрімізге ортақ. Бұндай келеңсіз істермен күрес жүргізу бірінші кезекте тұр. Халқымыз көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» даналық сөзін ұмытпауымыз керек. Ендеше сіз бен біздің жұмыстарымыз нәтижелі болып, жаңа табыстарға жетейік, сіздерге әрқашан да шығармашылық табыстар тілейміз, береке- бірлігіміз жараса берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |