Хх ғасырдың басында әліпби алмасуына байланысты пунктуация мәселесі жиі талқыға түсті



Дата19.10.2023
өлшемі14.32 Kb.
#481173
термин


ХХ ғасырдың басында әліпби алмасуына байланысты пунктуация мәселесі жиі талқыға түсті. Бұрынғы араб жазуында пайдаланылып келген бірқатар емле ережелерінен бас тартып, жаңа қағида ұстанушылардың қатары көбейді. Осыған байланысты А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» атты мақаласында: «Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді.
Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі емес пе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші едік пе? Бұрынғы емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл – бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей, ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық деп аламыз?
Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін» [2].
ХХ ғасырдың басында аударма ісі ерекше жанданғаны мәлім. Сол кезде орыс тілінен аударылған мәтіндердегі тыныс белгілері де қазақ тіліне сол күйінде өзгеріссіз көшкен. Бұған қазақ зиялылары қарсылық танытқаны белгілі. Бұл бағыттағы қайраткерлерді «өзгерісшілер» деп атаған.
Осыған байланысты Телжан Шонанов «Орыс емлесі мен әліпбесін өзгерту мәселесі» атты мақаласында: «Өзгерісшілер төрт нәрсені талап етіп отыр: 1) орыстың осы күнгі емлесін оңайлатуды, 2) тыныс белгілерін оңайлатуды, 3) бас әріпті құртуды, 4) латын әліппесін алуды, бірақ біреу ол өзгерісті тілесе, біреулер бұл өзгерісті тілейді» [3].


Дөңгелек үстел. Ойталқы.
Сәуір 2024ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет