Химия және Химиялық технология факультеті



Дата21.09.2022
өлшемі18.09 Kb.
#461064
Кадырбай И есебі (1)


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Химия және Химиялық технология факультеті,
«6В07140-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының»
3 курс студенті
Кадырбай Индираның өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ

Өндірістік тәжірибені Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығында («ҚР МШКҚӨ ҰО»РМК) 2022 жылдың 30 мамыр мен 25 маусым аралығында өттім.


Тәжірибе барысында ең алдымен Ұлттық Орталықтын құрылымымен және мамандандырылған салаларымен таныстық.
«ҚР МШКҚӨ ҰО»РМК құрамына осы мекемеге қарайтын жетекші зерттеу институттары мен тау-кен және металлургия саласының кәсіпорындары кіреді:
Геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты, Алматы қаласы;
Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты, Алматы қаласы;
Ж.Н. Әбішев атындағы Химимя-металлургия институты, Қарағанды қаласы;
Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты, Өскемен қаласы;
«Қазмеханобр» мемлекеттік өндірістік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі, Алматы қаласы;
Металлургия орталығы;
«Казчерметавтоматика» АҚ, Қарағанды қаласы;
Астанада филиал.
Тәжірибе барысында «ҚР МШКҚӨ ҰО» ғылыми-зерттеу лабораторияларында, тәжірибе-сынақ кешенінде, конструкторлық –жобалау бөлімінде болып жұмыстарымен таныстық.
Сонымен қатар «ҚР МШКҚӨ ҰО»РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркісіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінде болдық.
«Казмеханообр» алтынқұрамды кендерді зерттеу, технологиялық зерттеу, жартылай өндірістік сынақ жүргізу, сирек металдар (осмий, рений т.с.с) зертханасы мен асыл металдар зертханаларың жұмысы, экологиялық зерттеулер бойынша мамандандырылған орталықтың жұмысымен, жұмысшылар құрамымен таныстым.
ҰО-да кенді алу, оны сынамаға дайындау, кенді байыту жұмыстарының қалай жасалатынын үйрендім. Сонымен қатар, сирек металдар (осмий, рений, титан ) және де асыл металдардың( алтын, күміс, платина, палладий) кендерде кездесуі, анықтау жолдары, қолданылатын қондырғыларымен таныстым.
Тәжірибеге берілген уақыт аралығында атомды-абсорбциялық спектроскопия, рентген құрылымдық анализ, жартылай өндірістік сынақ, конструкторлық жұмыстар, тәжірибелік сынамалар дайындау және сынақтан өткізу, жаңа өндірістердің жобалық-сметалық құжаттары мен техника-экономикалық негіздемелерін жасау, инновациялық жобалауды әзірлеу, технологиялық жобаларды жасау секілді қызметтерді атқаратынымен таныстық. Ерітіндідегі ванадийді анықтау, титанды анықтау, осмий, рений элементтерін фотоколориметрмен анықтау, электротұндыру процесі секілді бағалы металдар лабораториясы мен таза элементтер лабораториясының жұмыстарымен таныстық.
Өндірістік тәжірибе кезінде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына барып, кітапхана құрылымымен танысып, химиялық әдебиеттерге, мақалаларға шолу жасадық. Ғылыми әдебиеттерді алдағы жазатын дипломдық жұмыс, диссертациялық жұмыстарға қалай пайдалану керек екендігін үйрендім.

Өндіріс орнынан практика


жетекшілері:
х.ғ.д., профессор Мырзалиева С.К.
т.ғ.к. Багашарова Ж.Т.

Факультеттен практика жетекшісі: Керимкулова М.Ж.




Студент: Кадырбай И.А

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет