Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы Требования промышленной безопасности в химической промышленности Астана 2009



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі306 Kb.
#132933
  1   2   3



Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы


Требования промышленной безопасности

в химической промышленности

Астана 2009

ӘОЖ


ББК
Шығаруға жауапты:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы

«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК. Астана, 2009. – 38 б.


ISBN
Осы Талап Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы негізінде заңнамалық актілер, мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке ала отырып өңделді.

Талап басшы қызметкерлер мен мамандардың күкірт қышқылы, фосфор тыңайтқыштары; күрделі тыңайтқыштар, күшейтілген тыңайтқыштар, тукосместерде; экстракциялы бор қышқылы;фосфор қышқылы; бор; бор тыңайтқыштары; фтор қосындылары өндірістерінде пайдалануына арналған.

УДК

ББК
Ответственные за выпуск:


Республиканское государственное предприятие «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства чрезвычайных ситуаций Республики Казахстан
Правила промышленной безопасности в химической промышленности
РГП «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности». Астана, 2009. – 38 с.
ISBN
Настоящие Требования разработаны на основании Закона Республики Казахстан «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» с учетом требований законодательных актов, государственных стандартов и иных нормативно-технических документов.

Требования предназначены для использования руководящими работниками и специалистами на производствах серной кислоты, сложных удобрений, концентрированных удобрений, тукосмесей, экстракционной фосфорной кислоты, борной кислоты, буры, борных удобрений и фтористых солей.

РГП «ННИЦ», 2009
ISBN
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы

1 тарау. Жалпы талаптар
1. Талап мына өндірістерде қолдануға арналған:

1) күкірт қышқылы өндірісінде (колчедан, күкірттер, күкірт газынан шығатындар, сулфид кені және күкірт сутегі күйігінен алынатындар);

2) фосфор тыңайтқыштары өндірісінде;

3) күрделі тыңайтқыштар (аммофос, нитроамофос, нитрофоски және тағы басқалар);

4) күшейтілген тыңайтқыштар (қос суперфосфат, қос фторенді фосфат және тағы басқа);

5) тукосместерде;

6) экстракциялы фосфор қышқылы;

7) бор қышқылы;

8) бор;

9) бор тыңайтқыштары;



10) фтор қосындылары.

2. Химия өндірісін жобалау, құрылыстарын жүргізу және қайта салу жұмыстары тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі. Жобалық және техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары, жобалаушы ұйыммен келісе отырып, жобалау құжаттарына өндірістік қауіпсіздік бойынша сараптау қорытындысының оң шешімі бойынша жүргізіледі. Енгізілген шешімдер жалпы технологиялық жүйенің қауіпсіздігіне, жұмысына кері әсерін тигізбейді.

3. Өндірістің қосалқы ғимараттары мен бөлмелерін жобалау және пайдалану (тұрмыстық, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, мәдени қызмет көрсету және басқа да) тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.

4. Әрбір өндіріс жобалық құжаттармен қамтамасыз етіледі.

5. Әрбір жұмыс істеп тұрған және жаңадан қосылған өндірістерге технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ереже, апаттарды жою жоспары және қауіпсіздік декларациясы дайындалып бекітіледі.

6. Өртке қарсы жабдықтар қалыпты түрде және ыңғайлы жерде орналасады. Өртке қарсы жабдықтарды өрт сөндіруден басқа мақсаттарға қолдануға болмайды.

7. Әрбір технологиялық жүйеге оның технологиялық бөліктерінің жарылыс қауіптілігін барынша азайту шаралары қарастырылады:

1) технологиялық жабдықтардың ішкі жарылыстары мен өрттерін болдырмау;

2) технологиялық жабдықтарды қираудан сақтау және апаттық ашылу кезінде олардан жанғыш немесе улы заттардың шығуын барынша шектеу;

3) өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрт шығу мүмкіншіліктерін болдырмау;

4) өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрттерден кейінгі салдарын азайту.

8. Шылым шегуге рұқсат етілген жерлерге сәйкестендірілген плакаттар ілінеді.

9. Барлық жарылыс қауіпті, химиялық өндірістерде технологиялық процесс барысында бөгде санкциясыз килігулердің алдын алатын шаралар дайындалады.

10. Өндіріс бөлмелеріндегі агрессивті сұйықтықтар төгілуі мүмкін едендер мен алаңдар борт немесе пандустармен жабдықталып, тоттануға қарсы қабатпен қабатталады. Ылғалды өндіріс бөлімшелеріндегі едендер траптар немесе зумпфқа қарай еңкіш болады және ылғал төзімділігі берік болады.

11. Еденді тазалау кезінде төгілген агрессивті сұйықтықтар міндетті түрде залалсыздандырылады.

12. Еденді тазалау және төгілген қышқыл сұйықтықтарды залалсыздандыру әк ұнтағымен жүзеге асады (құрғақ жинау).

13. Жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарындағы жылу өткізгіш едендерге (тас, кірпіш, бетонды және басқа да) төсеніштер немесе тор шарбақтар төселеді.

14. Ылғал технологиялық процесті жұмыс орындарын басқару бекеті орналасқан бөлмелердің үстіне орналастыруға, мұндай жұмыс орындарының үстіне немесе астына, нольдік деңгейде орналасқандардан басқа, желдету жабдықтарын қондыруға рұқсат етілмейді.

15. Өндірістік процестерді басқару бекетін зиянды және жарылыс қаупі бар, булар, газдар және шаңдар бөлінуі мүмкін өндірістермен, дірілдеуі жоғары технологиялық жабдықтары бар өндірістермен бір жерде орналастырмайды.

2 тарау. Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
16. Киім ауыстыратын және душ бөлмелеріндегі жылыту құбырларына ұйым қызметкерлерінің денелері күйіп қалмауы қарастырылады.

17. Жылытылмайтын өндірістік нысандарда (уату-майдалау бөлімінде, колчедан қоймаларында, фосфат шикізаты және басқа да) жұмысшыларды қыс мезгілдерінде жылытуға арналған қондырғы орналастырылады.

18. Зиянды газдардың және шаңдардың шығуы мүмкін жерлер жабулармен (қаптамалармен) және оларды атмосфераға шығарып тастаудың алдында санитарлық нормаларға сәйкес зиянды газдардың алдын ала тазалау жүйесімен жабдықталады.

19. Желдету жүйелерінің тиімділігін аспаптық тексеруден өткізу, оларды күрделі жөндеуден немесе қайта жабдықтаудан өткізгеннен кейін жылына бір рет жүргізіледі.

20. Ауаның шаңдылығына және газдылығына сараптамалар ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

21. Желдету, ауа кіретін және ауа сорылатын тесіктердің ысырмаларын жабу, желдеткіштерді тоқтату және қосу, бұл қондырғыларға қатысы жоқ қызметкерлерге рұқсат етілмейді.

22. Жұмыскерлердің киімдерінің тұтануы немесе химиялық күйіктер алуы мүмкін (пештерден жалын атқылауы, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс кезінде және басқалар) өндірістік орындарда апаттық душтар мен жуғыштар немесе суы бар ванналар және жуғыштар орналастырылады. Апаттықтар душтар, ванналар және жуғыштар шаруашылық, ішу су кұбырына қосылады, ашық орындарда, апатты жерден ара қашықтықтары 25 м алыс емес жерге орналастырылады. Апаттық душтарды калий, натрий және сумен қосылғанда жарылатын басқа да химиялық заттар қолданылатын өндіріс орындарында орналастыруға жол берілмейді.

23. Душтар мен жуғыштардан алыс орналасқан қышқылдар жүретін құбырларды жөндеу жұмыстары кезінде, жөндейтін жұмыскерлер өздерімен бірге жұмыс кезінде күйдіріп алған жерлеріндегі қышқылды залалсыздандыру және жуып тастау үшін бір шелек таза су мен ас содасын алып жүреді.

24. Өндіріс суларының желі крандарында, бұл суды шаруашылыққа және ішу мақсатында пайдалануға тыйым салатын тақтайша іліп қойылады.

25. Жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды жалпы зауыттық ағын су құбырына төгуге рұқсат етілмейді. Бұл сұйықтықтар шекті мүмкін концентрацияларға дейін зиянсыз етіп өңдеуге немесе регенерациялауға ұшырайды.

26. Апат болған жағдайда жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды қотаруға және залалсыздандыруға арналған құрылғылар қарастырылады.

27. Ұйым өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазалау тиімділігін жүйелі қадағалаумен қамтамасыз етіледі.

28. Жалпы зауыттық ағын су құбырларын қадағалау және тазалау жұмыстары, ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

29. Әрбір өндірістік цехтың ағын суларының сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі.

30. Жарылыс қауіпті және зиянды булардың ағын су құбырларынан өндірістік орындарға таралуын болдырмау үшін технологиялық аппараттардың ағын су құбырымен қосылатын жерлеріне гидравликалық бекіткіш орналастырады.

3 тарау. Электротехникалық бөлім
31. Қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін өндіріс бөлімшелері учаскелері жұмыс кезіндегі және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

32. Электрлік пісіру жұмыстарына арналған негізгі өндірістік орындарда электрлік пісіру аппараттарын қосу қондырғысы бар электр жүйесі салынады.

33. Толассыз жүйедегі тасымалдау қондырғыларының электрлік қозғалтқыштары, жүйедегі бір қондырғының тоқтап қалуы кезінде кедергі үйінділердің пайда болуын және қондырғылардың тасымалданып жатқан материалдармен толып қалуын болдырмау үшін реттегіш тетікпен қамтамасыз етіледі.

34. Жобада қозғалтқыштарды іске қосқан кезде олардың қосылуынан одан 3-5 секунд алдын-ала қосылатын дыбыс және жарық арқылы сақтық белгісін беру құралдары және қозғалтқыштардың апаттық сөндіру мүмкіншілігі ескеріледі. Барлық ленталық конвейерлер олардың ұзындығына тәуелсіз, оның ұзындық бойының кез келген жерінен өшіріп тоқтату құрылғылармен жабдықталады.

35. Транспортерлерді және пневмотранспорттық құрылғыларды жүк тиеу арқылы іске қосу, олардың жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі. Бөтен заттардың болмауын, зырылдауықтарының және редукторларының майлануын, оларды жүксіз, бос іске қосып көру кезінде тексеріледі.

36. Тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрізді) өнімдермен құрылғылардың басылып немесе бітеліп қалуын болдырмас үшін, транспортерлерге немесе пневмотранспорттарға апаттық тоқтату құрылғылары орнатылады.

37. Транспортерлердің, норийлардың, өздігінен ағатын және пневматикалық құбырлардың тасымалдануы кезінде қақпақтарының, бөліктерінің тығыз жабылуы, шаң шығатын орындарының жабық түрде сорғылармен тиімді қамтамасыз етілуі қадағаланады.

38. Химиялық жарылыс қауіпті өндірістердегі жалпылай жарықтандыру химиялық ортаға бейімді, тоттануға төзімді қалыптары бар шамдармен, ажыратқыштармен және штепсельдік қосқыштармен жүзеге асырылады.

39. Технологиялық жабдықтар мен сыйымдылық ыдыстары орнатылған барлық өндіріс орындары, бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарық беру үшін кернеуі 12 Вольттық, дербес шамдарға жалғанатын сымның ұзындығы 10 м аспайды, жылжымалы шамдарға қосылу үшін қосқыштардың қоректену желісі стационарлық трансформаторлардан алынады.

40. Трансформаторлар алғашқы және екінші қайтара кернеу беретін сым орамдармен жабдықталады. Бұл мақсатқа автотрансформаторларды қолдануға рұқсат етілмейді. Трансформаторлар алғашқы кернеу жағынан және екінші қайтара кернеу беру жағынан да қорғалады.

41. Электрлі қорғағыш сүзгілерді және кернеуді жоғарылатқыш – реттегіш аспаптарды пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

4 тарау. Технологиялық бөлім.

Технологиялық жабдықтар
42. Өндірістік агрегаттарды, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоршауларсыз, дыбысты немесе жарық белгілерін беру және бақылау - өлшеу құралдарынсыз, бөлектеуіштерсіз пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді.

43. Барлық технологиялық аппараттарға, технологиялық сызбадағы нөмірге сәйкес келетін нөмір ілінеді.

44. Егер өндіріс шарттарына сәйкес қондырғыларды жиі тоқтата отырып, әрдайым бекітпелер орнатуға тура келетін болса (мысалы, катализаторды ауысымда алмастыру және тағы басқалар), онда оларды орнату жобамен анықталады, оларға еркін жол ашылып және жұмыс алаңы бекітпелерді орнатуға немесе шешіп алуға ыңғайлы болады.

45. Бекітпелерді орнату немесе шешіп алу жұмыстары арнайы журналға жазылып, қол қойылады. Барлық бекітпелер нөмірленіп, жұмыс қысымы есептеледі. Нөмір және есептелген қысым, бекітпеге ұрылып жазылады.

46. Технологиялық жабдықтарды қарау, жөндеу және тазалау алдында олардың электрлік сызбалары бойынша электр қабылдағыштарына тоқ беру тоқтатылады. Қосқыш құрылғыларға «Қоспаңдар, адамдар жұмыс үстінде» деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Аппараттар мен резервуар ыдыстардың ішіндегі жөндеу жұмыстарын технологиялық регламентке сәйкес екі жұмыскер жүргізеді.

47. Жұмыс орнынан алыс қашықтықта орналасқан, температуралары және қысымдары үнемі бақылауды талап ететін аппарат пен агрегаттар температура мен қысым мәндері жұмыс орнында көрсетіліп тұратын қашықтықтан басқару аспаптарымен жабдықталады.

48. Химиялық агрессивті ортада қолданылатын аппараттарды жасайтын материалдар осы химиялық агрессивті ортаға төзімді болады. Аппараттардың тоттануға қарсы қорғанышы жобаға сәйкес жүргізіледі.

49. Ішкі байқауды талап ететін аппараттар, ыдыстар және олардың коммуникациялық жүйелері, жөндеудің алдында үрленіп, жуылып тазартылады және буланады.

50. Қышқылдарға (азот, күкірт, фосфор, кремнийлі - фторсутек қышқылдары) және сілтілерге (күйдіргіш және кальцийленген сода) арналған резервуарлар және жинағыш ыдыстар герметикалық түрде орындалады, деңгей көрсеткіштерімен, құрылғылармен, сұйықтықтардың еденге және алаңға төгілуіне жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады. Сұйықтықтарды максималды жоғарғы деңгейден асыруға рұқсат етілмейді. Резервуардың және жинағыш ыдыстар қақпақтары ауа сорғыш құбыршалармен жабдықталады.

51. Химиялық агрессивті сұйықтықтарды тасымалдап айдайтын сальниктік сорғылардың сальниктерді жауып тұратын, тоттануға қарсы материалдан жасалған қорғағыш қаптамалармен жабдықталады.

52. Қосқыш құрылғылар олардың сақтандыратын және қоршаушы құрылғылары алынып тасталған кезде іске қосу мүмкіншілігі болмайтындай етіліп бекітпелермен жабдықталады. Құрылғылар мен механизмдердің, агрегаттардың қайтадан жөнделген қоршаумен жұмыс істеуіне жол берілмейді.

53. Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан улы, зиянды және өрт - жарылыс қауіпті заттарға арналған қондырғылар ауа шықпайтындай етіп бекітіледі.

54. Агрессивті сұйықтықтарға арналған резервуар ыдыстар (қойма есебінде) борттың биіктігі 15 см кем емес поддондарға қондырылады. Поддондар төгу келте құбырымен немесе төгілген сұйықтықтарды тиісті жинағыштарға (ыдыстарға) сорып айдайтын құрылғылармен жабдықталады. Поддондар бір ғана немесе топ ыдыстардың астына орнатылады.

55. Өндіріс орындарында жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды қысымсыз немесе вакууммен жұмыс істейтін ыдыстармен араларына берік қабырға тұрғызбай-ақ, қатар орнатуға рұқсат етіледі.

56. Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін жабдықтар мен вакуумды-қайнатқыш бу аппараттарының құрылысын куәландыру және қауіпсіз пайдалану жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысына және оларды қауіпсіз пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптарына сай жүргізіледі.

Құбыр желілері және олардың тетіктері
57. Құбыр желілері мен олардың тетіктерінің құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану бу және ыстық су құбырларының құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану туралы Талапқа сай жүргізіледі.

58. Құбыр желілері мен олардың тетіктері құрылымы, жасалған материалдары және механикалық беріктіктілігі тасымалданатын өнімдердің ерекше қасиеттеріне және олардың тасымалдау кезіндегі жұмыс шартына сай болады.

59. Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған пісірілген құбыр желілері фланецтік жалғау тек тетіктері қойылған немесе жабдықтарға қосылған жерлерде ғана қолданылады.

60. Агрессивті сұйықтықтар, ыстық ерітінділер және бу жүретін құбыр желілерінің фланецтік қосылыстары қорғағыш құрылғылармен қамтамасыз етіледі (қаптамалар, науалар және басқалар).

61. Барлық бекіткіш тетіктер, кері итергіш және сақтандырғыш қалпақшалар құбыр желілеріне орнатылар алдында тегіс тексеруге және механикалық беріктіктері мен ауа жібермейтін нығыздығын байқау үшін гидравликалық сынақтан өтеді. Сынақ нәтижелері арнайы журналда тіркеледі.

62. Сақтандырғыш қалпақшалар іске қосар алдында арнайы құрылғыда жұмыс қысымына реттеледі және белгі салынады. Тартқыш білікті сақтандыратын қалпақшалардың жүктері белгіленеді және бекітіледі.

63. Құбыр желілеріне қондырылған бекіткіш және реттеуіш тетіктер, оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жерлерге орналастырылады; егер тетіктер 1,8 метр биіктікте орнатылған болса, онда оларды бақылап, қадағалауға арналған алаңдар мен сатылар алдын ала ескеріледі. Жиі ашылып, жабылатын тетіктерді еденнен немесе алаңнан 1,6 метр жоғарырақ орналастыруға рұқсат етілмейді.

64. Реттегіш тетіктерді бекіткіш тетіктер ретінде қолдануға рұқсат етілмейді; реттегіш тетіктерден басқа қосымша бекіткіш тетіктер орнатылады.

65. Конденсаттың бөлінуі мүмкін газ тасымалдағыш құбырлар сұйықтарды құйып алатын тетікпен жабдықталынады. Бу тасымалдағыш құбырлар желісі гидравликалық соққылар мен дірілдеулерді болдырмау үшін еңкіш орнатылады.

66. Өрт және жарылыс қауіпті, зиянды және улы заттарды тасымалдайтын құбырлар желісін тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық орындар арқылы, электр бөліп тұратын құрылғылар, электрлік бөлмелер, бақылау-өлшеу аспаптарына арналған және желдеткіштер орнатылған бөлмелер арқылы жүргізуге болмайды.

67. Қышқылдар және басқа да зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілерінің фланецтік қосылыстарын цехтың ішіндегі есіктер мен негізгі өтетін жерлердің жоғарғы жағына орналастыруға жол берілмейді.

68. Адамдардың және көліктің қозғалыс орындарынан (жолдардың, өткелдер, асу жолдарының үстінен) өтетін фланецтік қосылыстары бар зиянды агрессивті сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр желілері қаптамалармен тартылады, төгілген сұйықтықтарды қауіпсіз орынға құятын ақпа жолы болады.

69. Эстакадаларда басқа көміртекті болаттан жасалған құбырлардың үстінен қышқылдар тасымалданатын құбыр желілерін салуға рұқсат етілмейді.

70. Барлық құбыр желілеріне ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрдегі байқау және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

71. Құбырлардың түс айыру бояуын МСТ 14202 сәйкес орындалады.

72. Барлық бекіткіш крандар анық белгілеумен қамтамасыз етіледі, кран тығындары сызық түрінде сыртқы жағы егеліп, ақ бояумен боялады. Діңнің сыртқы жақтарындағы тіліктердің көмегі арқылы жапқыштардың және шиберлердің жайы белгіленеді. Автоматты түрдегі бөлектегіштердің шеткі жайлар нұсқаулармен («ашық», «жабық») жабдықталады.

Егер жоғарыда көрсетілген тәсілдермен бекіткіш тегірлердің тығындарының орнын белгілеу мүмкін болмаса, онда олардың орнын белгілеу үшін сілтеме тілдер - көрсеткіштер немесе жазулар қолданылады.

73. Жоғарғы қысымдағы, температурадағы, сұйықтар толтырылған және технологиялық газдардан босатылмаған немесе жұмыс істеп тұрған аппараттарды, құбырларды, құрылғыларды және олардың тетіктерін жөндеу, реттеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

74. Биікте орнатылған құбырлар мен жабдықтарды ажырату, монтаждау жұмыстары жан-жақтары бортпен қоршалған, ағаштан жасалған сатыларды пайдаланып жүргізіледі.

75. Жанатын заттарды оттықтарға беруші құбырлар оттықтағы жалын өшіп қалған жағдайда және оттықтың бақылау - өлшеу және автоматты құралдарының электрлі (ауалы) қосылыстарының үзілуі кезінде тез арада жанатын заттарды беруді тоқтататын бекіткіш құрылғылармен жабдықталады.

76. Сұйық және газ тәрізді жанатын заттарды (мазутты, табиғи газды, күкіртті сутегіні және сол сияқтыларды) жағуға арналған газ құбыры желілерінің, мазут құбыры желілерінің және күкірт құбыры желілерінің құрылымы мен оларды пайдалану газ шаруашылығындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.

77. Аппараттар мен құбырларда, олардағы сұйықтықтардың айналуын бақылауға арналған байқау шынылы терезесі бар болса, онда ол қорғаныш торлармен және «көмескі жарықпен» жабдықталады.

78. Жұмыс істеп тұрған құбыр желілерін блоктарды, сатыларды және басқа заттарды бекітуге рұқсат етілмейді.

79. Құбыр желілері арқылы өтетін жүргінші жолдар екі жағында ұстағыш қоршаулары бар металл сатылармен (кішкене көпіршелермен) жабдықталады.



Бақылау - өлшеу, өндірістік белгі беру және байланыс құралдары
80. Барлық бақылау-өлшеу құралдарын жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүйелі тексеруден өткізіп тұрады.

81. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық технологиялық үрдістер бақылау-өлшеу аспаптарымен, үрдістерді, сараптаманы, белгі беруді, бекітулерді логикалық басқарумен жабдықталады.

82. Бақылау-өлшеу құралдары олардың көрсетулерін жазып алуға, тексеруге немесе ауыстыруға ыңғайлы орындарға орнатылып бекітіледі.

83. Өлшеу және автоматтандыру құралдарына технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес құрғатылған және сығылған ауа жіберіледі.

84. Жарылыс қаупі бар өндірістік орындардың сығылған ауа жүйелері 1 сағат ішінде автоматтық жүйелеу құралдарымен жұмыс істеуге арналған сығылған ауамен қамтамасыз ететін буферлі ыдыстармен жабдықталынады. Бұл талаптар, ауаның немесе рессивердегі газдың қысымына байланысты автоматты түрде іске қосылатын компрессорлары бар қондырғыларға таралмайды.

85. Барлық өндірістер телефондық қатты дауыспен сөйлейтін байланыспен қамтамасыз етіледі.



Технологиялық процестерді автоматтандыру
86. Өндірістерді автоматтандыру технологиялық көрсеткіштердің шекті мәндеріне жетуіне және апаттық, технологиялық белгі берулерге байланысты бекітпелердің іске қосылуын, қорғаныс шараларының қолданылуын және технологиялық, апаттық, ескерту белгі берулерді қарастырады.

87. Күкіртті сутегі, күкіртті газ, көміртек тотықтары, фторлы газдардың бөлінуі мүмкін өндірістік орындарында шекті концентрацияларының автоматты белгі беру аспаптары орналастырылады. Өндіріс орындарының атмосферасын бақылау лаборатория ұйымының техникалық бастығы бекіткен сызбаға сәйкес жүргізіледі.

88. Радиоактивтік сәулелері бар реттеуіш құралдарды пайдалану оларды шығарған ұйымның техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

89. Технологиялық үрдістерді автоматтандыру сызбасы автоматиканың бөлек құрылғыларының істен шығуы немесе олардың бүлінуі апаттар, инцинденттер туғызбайтындай етіп жасалынады.

90. Жарылыс және жарылыс-өрт қауіпті өндірістердің бөлімшелері мен учаскелеріне арналған басқару бекеттерін орналастыру химиялық және мұнайхимиялық өндірістердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

91. Технологиялық процестерді автоматтандыру құрылғыларын электр энергиясымен қоректендіру тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.

92. Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылып және ажыратылатын әрбір агрегат жарықпен жазылған «Сақ бол! Автоматты түрде жұмыс істейді! Дабылсыз қосылады!» деген жазулары бар тақтайшалармен жабдықталады.

93. Автоматты немесе дистанциялық түрде қосылатын агрегаттарға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралар технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.



Ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыру
94. Механикаландыруға мыналар жатады:

1) шикізаттарды түсіру;

2) шикізаттарды қоймаларға тиеу;

3) қоймалардан шикізатты технологиялық өңдеуге жіберу;

4) шикізаттардың, жартылай өнімдердің, дайын өнімдердің және қалдықтардың барлық цех ішінде тасымалдануы;

5) дайын өнімдерді қаттау, өлшеу, тігу, қоймаға жіберу, көлікке жақындатып тиеу;

6) қаттау агрегаттарына керек ыдыстарды беру;

7) тазалау және жөндеу жұмыстары.



Тоттанудан қорғау
95. Агрессивті орталардың әсеріне ұшырайтын аппараттар, коммуникациялар және олардың қосылыстары тоттануға төзімді материалдардан жасалады немесе арнайы жабулармен қорғалады.

96. Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан барлық жабдықтар, коммуникациялар және болат конструкциялар жобаға сәйкес сыртқы тоттанудан қорғалады.

97. Тоттануға ұшырайтын ортада жұмыс істейтін аспаптардың жағдайын жүйелік регламенттік тексеру және аппараттардың қабырғаларының қалыңдығын және оның тозу мөлшерлерін анықтау үшін (ұйымның техникалық бастығы бекіткен кестеге сәйкес) бақылау жүргізіледі. Аппараттардың жағдайын тексеру нәтижелері арнайы журналда тіркелінеді.

5 тарау. Газ қауіпті жұмыстар
98. Газ қауіпті орындардың тізімін ұйымның техникалық бастығы бекітеді. Газ қауіпті орындардың тізімін барлық жұмысшы және инженер - техникалық қызметкерлер хабардар етіледі.

99. Газ қауіпті орындардағы жұмыс технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

100. Барлық жұмыскерлер жеке сүзгіш противогаздармен қамтамасыз етіледі.

101. Қауіп - қатерлі жұмыстарға цех басшысы немесе оның орынбасарының (механикпен) наряд - рұқсатнамасымен жіберіледі. Жөндеуші тұлғаға берілген наряд - рұқсатнамада жөндеуге дайындау және жұмыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады.

102. Аппараттардың, резервуарлардың, өлшегіш-ыдыстардың, цистерналардың, құдықтардың және тағы басқалардың ішінде жүргізілетін жұмыстар технологиялық регламентте көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

6 тарау. Өндірістердегі ерекше талаптар
103. Жарылыс қауіпті және жарылыс өрт қауіпті заттарды пайдаланатын бөлімшелер мен цехтарды жобалау, пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

104. Сұйық аммиак қоймаларын жобалау және оларды пайдалану олардың нормативтер және құрылыс талаптарына сәйкес іске асырылады.

105. Сұйық аммиак құйылған теміржол цистерналарын қабылдау, оны қоймалық резервуарларға (ыдыстарға) құйып алу және босатылған цистерналарды жүруіне дайындау технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

106. Нитрофосфат және нитрофосфаттың басқа да қосындылары өндірісінің цехтары үшін азот қышқылы қоймаларының құрылғысы мен жобасы Азот өндірісін өндіру қауіпсіздік талабына сәйкес жүзеге асырылады.

107. Теміржол құрамы қоймаға кірер алдында және қоймадан шығар кезде ескерту мақсатымен алдын ала дыбыс белгісі, ал түн мезгілінде қосымша жарық белгісі беріледі.

108. Фосфатты, бор және магнезитті шикізаттарды және соданы шикізаттарды қабылдауға және оларды өндіріске жіберуге арналған тасымалдау құрылғыларымен жабдықталған, жабық ыдыстарда (силостар, бункерлер) немесе шикізаттар қаптарда болса шатыр түріндегі қоймаларда сақтайды. Фосфат, бор шикізаттарын және соданы кәсіпорын аймақтарында ашық алаңда сақтауға рұқсат етілмейді.

109. Силостық тік қоймалар атмосфералық жауындардың және ылғалдардың, бөгде заттардың түсуінен қорғайды.

110. Силостық тік қоймалардың жоғарғы жақтары барлық люктері мен тесіктерін жабық ұстайды және кез келген санкциясыз ашылудан сақтандырады.

111. Фосфатты шикізат салынған бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды түсіру үшін арнайы құрылғымен жабдықтайды. Бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды қолмен түсіруге болмайды.

112. Апатиттік концентрат, фосфорит ұндарын, бор және магнезитті шикізаттарды сақтайтын қоймалардағы қабылдау траншеялары құрылғылармен жабдықталып, толық жарықтандырылады, қоршалады және өтетін кішкене көпірлермен және вагон едені деңгейінде жүк түсіру алаңымен жабдықталады.

113. Жүк тасымалдағыш құрылғылардың қозғалысы басқару орнынан қарағанда машинистің көзіне толық көрінуін қамтамасыз етеді.

114. Сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған ұңғылы пневмосорғылар шекті қысымға реттелген бақылау-өлшеу және автоматты аспаптармен жабдықталады.

115. Компрессорларды, пневмосорғыларды және пневмалық тасымалдағыштардың тасымалдағыш құбырларын орнату және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және компрессор құрылғыларының, ауа құбыры желілерінің және газ құбыры желілерінің құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес іске асырылады.

116. Шаң-тозаңданушы немесе зиянды газдар бөлінетін заттарды тасымалдаушы барлық транспорттық құралдар атмосфераға шығарар алдында бөлінген ауаны шаң мен фторлы газдардан тазалайтын құрылғысы бар, ауа сорғыштармен жабдықталынады.

117. Фосфат шикізаттарын соңғы өңдеу бөлімшесінде және дайын өнім қоймаларын өніммен, ғимараттардың құрылыс құрылымымен және кран астылық жолдардың тіреу құрылымымен басып, жабуға жол берілмейді.

118. Фосфат және басқа фосфатты тыңайтқыштарды қазуға, қоймаларды толтыруға арналған аспалы жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сай жүргізіледі.

119. Жабдықтарды жұмыс істеп тұрған аспалы жүк көтергіш кранның астына орналастырған кезде тұрақты жұмыс орны аспалы жүк көтергіш кранның астында болмауы қадағаланады.

120. Кесек - кесек күкіртті ашық қоймада сақтаған кезде олар қабатталып жиналады.

121. Кесек күкіртті өңдейтін және тасымалдайтын жұмыс орындарында ұшқын шашпайтын және үйкелуші бөліктері қызбайтын құралдар мен аспаптар пайдаланылады.

122. Балқытқыш, сүзгі, балқытылған күкірт жинағыштары және күкірт құбыры желілері, сыртқы жақтарынан жылуды шығармайтын қаптамамен қамтамасыз етіледі.

123. Барлық күкірт құбыры желілері сыртқы бу жылытумен жабдықталады.

124. Балқыту және пеш бөлімшесіндегі сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары булы жылытқышы бар ауа шығарғыштармен жабдықталады.

125. Сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары және балқытылған күкірт тұндырғыштары сұйық күкірттің асып төгілуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

126. Сұйық күкіртті құйып алу, құю және тасымалдау сұйық күкіртті электрлі жылыту жүйесі бар теміржолдық цистерналарда құйып алу, құю және тасымалдау туралы технологиялық регламенттің талаптарына сай іске асырылады.

127. Жанатын газдарды пештерге жіберу және оның өртенуін дайындалған және арнайы оқытылған, сәйкес куәліктері бар жұмыскерлер қадағалайды.

128. Күкірт қышқылы өндірісіндегі күкіртті сутекті өртеуге арналған пештер күкіртті сутек көлемнің немесе қысымының өзгеруі немесе ауа жіберетін желдеткіштердің істен шығуы туралы белгі беретін арнайы дабыл қаққышпен жабдықталады.

129. Олеум қоймасындағы сорғы бөлмелері жылу жүйелерімен жабдықталады.

130. Қышқылдарға арналған резервуарлар құрылымы резервуар ыдысты барлық жағынан қарап, қышқыл аққан жерлерді жоюға ыңғайлы фундаменттерге (биіктігі резервуардың түп деңгейінен санағанда 1 м кем емес) орналастырылады.

131. Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, резервуар-ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың төбелерімен жүруге рұқсат етілмейді.

132. Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, резервуар - ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың қақпақтарының құрылымы қақпақтың үстіңгі жағынан істелінеді.

133. Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған ыдыстардың қақпағындағы бақылау-өлшеу құралдары, келте құбырлар, люктар қақпақтың шет жақтарына орналастырылады және қоймалардың қақпақтарынан төмендігі 0,7 - 0,9 м болатын бір немесе бірнеше қоймалардың алаңдары екі жақты сатылармен, олар екі жақты ұстағыштармен жабдықталған арнайы алаңда қызмет көрсетіледі.

134. Химиялық агрессивті сұйықтықтар және газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, бактардың жоғарғы қақпақтарында орналастырылған араластырғыштар мен батырмалы сорғыларға қызмет көрсету үшін сақтағыш ыдыстардың, бактардың (ыдыстардың) қаңқаларына немесе беріктік конструкцияларына бекітілген арнайы алаңдар қарастырылады. Футировкалы ыдыстар болатын болса алаңқайларды футеровка жасамай тұрып қаңқаға бекітеді.

135. Сақтағыш ыдыстардың, резервуар-ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың төбелеріндегі люктардың қақпағы келте құбырларға бекітіледі және жұмыс істеушінің сол немесе оң жағына қарай ашылады.

136. Ашық алаңдарда орнатылған қышқылдар тасымалданатын құбыр желілері мен олеумге арналған қойма өнім қатып қалмау үшін жылытушы құрылғылармен жабдықталынады.

137. Цистерналарға қызмет етуге және қышқыл құюға арналған платформаның ұзындығы бір мезгілде қышқыл құюға дайындалған цистерналардың ұзындығымен сәйкестендіріледі. Платформада екі жағында ұстағыштары бар, платформаны цистернаның қақпақты келте құбырымен жалғастыратын, аспалы кішкене көпір орнатылады.

138. Қышқылдарды қоймаға қабылдау және теміржол цистерналарына құюды арнайы белгіленген және нұсқау берілген жұмысшылар орындайды.

139. Барлық күкірт қышқылы құйылған сақтағыштардағы «ауалық» келте құбырлары тоқтаусыз жұмыс істейтін газ сорғыш құбырға қосылады.

140. Барлық күкірт олеумінің абсорбері мен күкірт олеумі жинағышы «ауалықты» моногидрат құйылған саптамалары бар арнайы аулағышқа қосады.

141. Реттегіш және бүріккіш бак ыдыстар гидравликалық бекітпелері бар мұнара мен жинағышқа жалғанған құйылу келте құбырымен жабдықталынады.

142. Қышқылдарға арналған резервуарлар – сақтағыштар жабық болады, оларға «ауалық» орнатылып және оның ауа шығаруына арналған құрылғылармен жабдықталынады.

143. Айналымдағы қышқылдардың жинағыш-ыдысы жүйе тоқтатылған кезде бүкіл айналымдағы қышқылдар сыятындай көлемге есептелінеді.

144. Ленталық конвейерлерді пайдалану белгіленген тәртіп бойынша бекітілген химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында ленталық конвейерлерді пайдаланудағы техникалық қауіпсіздік Типтік нұсқаудың талаптарына сәйкес іске асырылады.

145. Нығыздаулары талапқа сай келмейтін суперфосфат камерасын пайдалануға рұқсат етілмейді.

146. Суперфосфат камерасындағы суперфосфатты кесетін кескіштің білігі (айналмалы) камераның іске қосу білігімен сөнеді.

147. Суперфосфат камерасының төбесіндегі барлық тесіктер мен люктер жұмыс кезінде тығыз жабық болады.

148. Жай және екі еселенген суперфосфат, экстракциялық фосфор қышқылдары, басқа да фосфорқұрамдас тыңайтқыштар өндірісінің технологиялық сызбасы өндірістен шығатын газдарды, фтор-кремний-көмірсутекті қышқыл ерітіндісін абсорбциялау кезінде пайдаланылады, оны ағын су суаттарына төгуге жіберуге жол берілмейді.

149. Екі еселенген суперфосфат және аммофос өндірістеріндегі бүрікпелі кептіргіш және оның қосалқы жабдықтары олардың температурасын, қысымын және басқа өлшемдерін өлшейтін, сенімді жұмыс істейтін, автоматты реттеуіш құрылғылармен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталады. Барлық құралдар басқару орталығына орналастырылады.

150. Бүрікпелі кептіргіштерді оның кейбір бөліктерінде пайда болатын келеңсіздіктердің (кептіргіштің алдында немесе одан кейінгі жағатын газдардың температурасының күрт жоғарылауы, ұнтақтардың берілуінің тоқтап қалуы және басқалар) алдын алу үшін сақтық және апаттық белгі беретін, апатқа жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.

151. Фторлы газдарға арналған абсорбциялық агрегаттар регламентке байланысты абсорбциялық көрсеткіштерінің тұрақтылығына кепілдік бере алатын және сыртқа шығарылатын газдарды санитарлық нормалардың талаптарына сай фторлы қоспалардан тазалайтын сенімді су бүрку жүйесімен жабдықталынады.

152. Араластырғыштар мен экстракторлар іске қосу білігіне қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жан-жағынан ұстағыштармен жабдықталған алаңдармен және сатылармен жабдықтайды.

153. Регламент талаптарына сәйкес келмейтін цехтардың газдануына әкеліп соқтыратын құрамында зиянды газдар көлемі жоғары қышқылдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

154. Вакуум - сүзгілердің жоспарлы тоқтатылуы қысым багындағы ұлпаның барлық көлемін өңдеп болғаннан кейін, сүзгіні қалдықтан босатып және оны тазартқаннан кейін ғана іске асырылады.

155. Зиянды заттар бөлінетін процесстер және реакциялар жүретін аппараттар тығыз жабылатын қақпақтармен және булар мен газдарды сорып шығаратын құбырлармен жабдықталады. Аппараттардан шыққан газдар зиянды қоспадан тазалау үшін абсорбциялық құрылғыға жіберіледі.

156. Бор қышқыл өндірісіндегі вакуум - кристализаторлардың мерзімді тазалануы бор қышқылының ыстық ерітіндісімен жүргізіледі. Вакуум – кристализаторларды тазалау қолмен жүргізуге рұқсат етілмейді.

157. Өнімдері ыдырауға ұшырамау үшін (аммиактың, фторлы газдардың немесе азот тотықтарының бөлініп, регламентте белгіленген температураның артуы салдарынан), кептіргіш барабандар, бүріккіш кептіргіштер және БҰК аппараттары (барабандық ұсатқыш-кептіргіштер) апаттық белгі беретін және оттықтарға отынды автоматты түрде тоқтататын сақтандырғыш құрылғымен жабдықталады.

158. Центрофугалар жылдам және бір қалыпты тоқтататын, сақтандырғыш қаптамалармен және механикалық тежеуіш құрылғыларымен жабдықталады.

159. Центрофуга корпусының көрінетін жеріне шығарылған мерзімін, зауыт-әзірлеушіні, барабанның айналу жиілігін (айн/мин), сыйымдылықтың максималды көрсеткішін (кг) және барабанның қабырғасының минималды қалыңдығын (мм) жазып, тақтайша іліп қойылады.

160. Кремний фторсутекті қышқыл ерітінділеріне арналған жинағыш-ыдыстарда және қысым бактарында кремнегел тұнбаларын қол еңбегін қолданусыз қозғайтын аспап қарастырылады.

161. Шикізаттардан, аралық өнімдерден және дайын өнімдерден сынама алу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету аспаптармен жабдықталады.

162. Фторлы тұздарды өлшеп қаттау олардың сақталуынан бөлек бөлмеде жүргізіледі. Қаттау механикаландырып, шаңсыз және санитарлық ережелердің талаптарын қанағаттандырарлықтай етіп жүргізіледі.

163. Алюминийдің тотық гидраты жабық және жылытылатын (+5ºС) қоймаларда (бөлмелерде) сақталады.

164. Күрделі тыңайтқыштарды сақтау және тасымалдау кезінде өздігінен ыдырауды болдырмау үшін олардың жылытқыш құралдармен және ашық отпен түйісуіне жол берілмейді.

165. 1-тармақта тізбектелген өндірістердегі цехтардың жабдықтарын бақылаусыз қалдыруға немесе жауап беру құқы жоқ азаматтарға сеніп қалдыруға болмайды.

166. Цехтарда жұмыс істеуші қызметкерлерді сұйық және газ түріндегі аммиак, күкірт, фосфор, кремний-фтор-сутекті және азот қышқылдарының, аммиак селитрасының, аммиак селитрасы ерітіндісінің қасиеттері туралы жақсы хабардар етеді.



7 тарау. Қорғаныстың жеке құралдары
167. Өндіріс цехтарында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер штаттық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және оларды пайдалану ережелеріне оқытылады.

168. Жеке қорғаныс құралдары жоқ қызметкерлерге жұмысқа рұқсатнама берілмейді.

169. Цех әкімшілігі противогаздардың берілуін және олардың жарамды мезгілдерін бақылайды, сонымен қатар оларды сақтаудың санитарлық шарттарын, противогаздардың бет бөлімдерінің дезинфекциясын, қораптарының дұрыстығын тексеруді, сақтандыру (құтқару) белдіктерінің сенімділігін және тағы басқаларды қамтамасыз етеді.

170. Әрбір цехта апаттық аспаптардың және аккумуляторлық шамдардың сақталуын жүзеге асырады.

171. Цехтың әрбір қызметкері апаттық сүзгі, бөлектеуші противогаздар және басқа да қорғаныс құралдары тұрған кебеженің, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәріқұтының, кішкене фонтандардың және апаттық душтардың орындарынан хабардар болады.

172. Арнайы қорғаныс киімі, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары белгіленген тәртіпте бекітілген нормамен беріледі.

173. Берілетін арнайы киім және арнайы аяқ киімдер стандарт талаптарына сәйкес келеді және өлшемдері шақ болады.

174. Тегін арнайы қорғаныс киімінің, арнайы аяқ киімнің және жеке қорғаныс құралдарының берілу, сақтау және пайдалану реті, оларды жуу, дезинфекциялау және жөндеу белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

175. Шикізаттардың, аралық өнімдердің және дайын өнімдердің шаңы бөлінетін өндірістерде арнайы киімдерді шаңдардан тазалайтын арнайы механизмдермен және киімдерден шаңды сорып алатын сорғыш желдеткіштермен жабдықталған арнайы бөлме қарастырылады.

________________



Мазмұны


Тарау, бөлім,

параграф


Атаулары

Бет саны

1 тарау

Жалпы талаптар

1

2 тарау

Жылыту, желдету, су құбырлары және ағын су жүйелері

2

3 тарау

Электрлік техникалық бөлім

3

4 тарау

Технологиялық бөлім

Технологиялық жабдықтар



5




Құбыр желілері және олардың тетіктері

6




Бақылау - өлшеу, өндірістік белгі беру және байланыс құралдары

8




Технологиялық процестерді автоматтандыру

9




Ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыру

9




Тоттанудан қорғау

10

5 тарау

Газ қауіпті жұмыстар

10

6 тарау

Өндірістердегі ерекше талаптар

11

7 тарау

Қорғаныстың жеке құралдары

16




Мазмұны





Құрметті әріптестер!
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «ҰҒЗО» РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысымен құрылды.

«ҰҒЗО» РМК құрамына келесі еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (ЕМК) кіреді:

«Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ЕМК, Қарағанды қаласы, тел. 8 (7212) 56 00 05;

«Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Шымкент қаласы, тел. 8 (7252) 53 03 13;

«Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Өскемен қаласы, тел. 8 (7232) 22 51 90;

«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ саласы бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК, Атырау қаласы, тел. 8 (7122) 36 39 98.

«ҰҒЗО» РМК қызметінің мәні мен мақсаты ғылым саласында қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады;

қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ғылыми-әдістемелік, нормативтік және сараптамалық қамтамасыз ету;

техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің алдын алу мен жою сұрақтары бойынша бірыңғай ғылыми-зерттеу жүйе қалыптастыруға қатынасу;

нормативтік-құқықтық актілер, техникалық регламенттер, әдістемелік ұсыным, талап, норма, нұсқаулық және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалар өңдеуге және басып шығаруға қатынасу;

техникалық құрылғыларды, материалдарды, технологияларды пайдалануға сараптама жұмыстарын жүргізу;

өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарды орындау;

қауіпсіздік жабдықтары мен авариядан қорғану құралдарын жетілдіру және модернизациялау бойынша ғылыми зерттеу жүргізу, оларды өндіріске енгізу бойынша ұсынымдар дайындау;

өндірістердің технологиялық жабдықтарды пайдалануының, қалдық ресурсты зерттеудің қолданыстағыларын жетілдіру мен жаңа әдістерін әзірлеу;

өнеркәсіп персоналын белгіленген тәртіпте даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру оқу бағдарламаларын дайындау;

қауіпті өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік декларациясын дайындау және оның сараптамасы.

Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 58, «ҰҒЗО» РМК (е-mail: rgpnnic-mchs@mail.ru) тел./факс: 8 (7172) 39 40 07, 49 32 22, 49 32 23


Сіздерге қауіпсіз еңбек пен табысты нәтиже тілейміз!

Утверждены

приказом Министра по

чрезвычайным ситуациям

Республики Казахстан

от «29» октября 2008 года

№ 189

Требования промышленной безопасности

в химической промышленности



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет