Химиялық өндірістерде пайдаланылатын жабдықтарды тиімді пайдалану консепциялары
Концепция технологиялық құрал жабдықтардағы процестерді барынша қарқынды жүргізу жолдары арқылы капиталдық шығындарды барынша азайтуға бағытталған.
Процесті таңдау. Капиталдық шығынды азайту үшін, үлкен жылдамдықпен жүретін барынша қарқынды процестерді таңдау қажет. Осының бір мысалы көмірсутектердің гидрокрекинг процесінде алюмосиликат катализатордың орнына цеолитті катализаторға көшу – процестің жылдамдығын 300 есеге арттырады.
Пропесті оптимизациялау – процестің қарқындылығын арттыру тәсілдері. Очевидный
Аппараттарда процесті ұйымдастыру. Әр уақытта бір процесті әр түрлі әдістермен жүргізуге болады: жылуалмасу және фазалардың жанасуы – тура ағында немесе қарама қарсы ағындарда; гетерогенді катализді реакциялар – катализатордың қозғалмайтын немесе қозғалатын қабаттарында; сұйықтарды бөлу – ректификация немесе дистилляция т.б. Жылуалмастырғыштың шығынын азайту үшін жылутасығыштардың қарама-қарсы ағындарын пайдалану тиімдірек әдіс.
Газдардың сұйықпен жанасуы әр түрлі тәсілдермен жүзеге асады. Газсұйық процестерінде жылдамдық фазалардың арасындағы массаауысумен анықталады және мұндай жағдайда фазалардың жанасу тәсілдері де әсер етеді. Массаауысу коэффициенттері β : барботаж қабатында 0,1-0,2 с-1 , насадкалы аппараттарда 0,5 с-1 дейін , газсұйықағындарында 1,2 с-1 дейін болады. Егер реакциянң жылдамдығы үлкен болса, процесті газсұйықағынды реакторларда жүргізу тиімді болады.
Газ-қатты процесінде жылдамдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан қатты реагенттерді ұсақтаудың маңызы бар. Ұсақ болшектерді қозғалмайтын қабатта пайдалануға болмайды.Өйткені олар бір-бірімен жабысып процестің жүруіне кедергі жасайды.
ХТЖ процесті ұйымдастыру. ХТЖ бір элементті жетілдіру арқылы бүкіл процестің тиімділігін арттыруға болады. Бұған көрнекті мысал ретінде үздік-үздік процесті уздіксіз процеспен алмастыру.
Аппараттардың конструкциялық шешімдері. Бұл шешімдер бойынша аппараттардың өнім өндіруге қатыспайтын бөлшектерінің көлемін азайту.
Достарыңызбен бөлісу: |