Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы



Дата13.06.2016
өлшемі186.26 Kb.
#133665
Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 302 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 17, 134-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 28 шiлде N 218-221


МАЗМҰНЫ

      Осы ЗаңҚазақстан Республикасының аумағында адамныңөмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау үшiн химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiңқұқықтық негiздерiн белгiлейдi.



1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ескертпелiк таңбаланым - химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес өнiмге және (немесе) орамаға жапсырылатын химиялықөнiмнiңқауiптi қасиеттерi туралы және онымен жұмыс iстеу кезеңдерiндегi қауiпсiздiк шаралары туралы ақпарат;
      2) қатердi бағалау - химиялықөнiмнiң адам денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға мүмкiн болатын әсерiн анықтауға бағытталған, қауiп деңгейiн, дозасын (концентрациясын) айқындауды қамтитын шаралар кешенi;
      3) қауiптi химиялықөнiм - осы Заңның 5-бабының 4-тармағында тiзiп көрсетiлген санаттардың бiрiне жатқызылған, құрамына кемiнде бiр химиялық зат кiретiн химиялықөнiм;
      4) орама - химиялықөнiмдi және қоршаған ортаны бүлiну мен ысырап болудан қорғауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ химиялықөнiмнiң тасымалдануын, сақталуын және өткiзiлуiн жеңiлдететiн құрал немесе құралдар кешенi;
      5) өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) - химиялықөнiмдi белгiленген тәртiппен тiркеудi және олардың сәйкестiгiн растауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      6) техникалыққұжаттама - қатердi бағалау үшiн қажеттi ақпарат жазылған, барлыққолжетiмдi тиiстi деректерi бар, соның iшiнде зерттеудiңәдiстерi мен нәтижелерi толық сипатталып көрсетiлген немесе оларға библиографиялық сiлтеме жасалған құжаттар;
      7) химиялық зат - табиғатта бар немесе технологиялық операциялардың нәтижесiнде алынған элемент немесе түзiлiм;
      8) химиялықөнiм - табиғи ресурстардан бөлiнудiң және (немесе) химиялық реакцияларды пайдалана отырып, шикiзатты түрлендiрудiң технологиялық сатыларынан өткен және адамныңқажетiн қанағаттандыруға немесе дайындаушы кәсiпорын шығарған күйiнде өндiрiске пайдалануға жарамды өнiм;
      9) химиялықөнiмдi жiктеу - химиялықөнiмдi адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қасиеттерiн анықтау үшiн химиялық заттардыңқауiптiлiк түрлерi және санаттары бойынша бөлу;
      10) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) - химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын берiлген өкiлеттiктер шегiнде қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар;
      11) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспорты - химиялықөнiмнiң сипаттамалары және онымен жұмыс iстеудiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
      12) химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклi - химиялықөнiмдi өндiру, қолдану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
      13) ыдыс - ашық немесе тұйыққуыс корпус түрiнде жасалған, химиялықөнiмдi орналастыруға арналған бұйым болып табылатын ораманың элементi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiң


              қауiпсiздiгi туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Осы Заңныңқолданылу аясы

      1. Осы Заң адамныңөмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау үшiн химиялықөнiмнiң және оныңөмiрлiк циклi процестерiнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау жөнiндегi, сондай-ақ химиялықөнiмнiң
қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды адастыратын iс-қимылдардың алдын алу жөнiндегi қоғамдыққатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заңның талаптары:
      1) кен қабатындағы пайдалы қазбаларға;
      2) дайын дәрiлiк препараттарға;
      3) радиоактивтi заттарға, материалдар мен қалдықтарға;
      4) тағамдықөнiмге;
      5) парфюмерлiк-косметикалықөнiмдердi және тұрмыстық-химия өнiмдерiн қоспағанда, пайдалану процесiнде өзiнiң химиялыққұрамы мен агрегаттық жай-күйiн өзгертпейтiн және концентрацияларда адамныңөмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер ете алатын қауiптi химиялық заттар бөлiп шығармайтын бұйымдарға қолданылмайды.

      4-бап. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы


              техникалық реттеу объектiлерi

      Химиялықөнiм және оныңөмiрлiк циклiнiң процестерi химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      5-бап. Химиялықөнiмдi жiктеу

      1. Химиялықөнiмдi жiктеу адамныңөмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi.


      2. Химиялықөнiмдi жiктеу химиялық заттар қауiптiлiгiнiң түрлерi мен санаттары бойынша жүзеге асырылады.
      3. Химиялықөнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн:
      1) өрт қаупiн;
      2) жарылысқаупiн;
      3) коррозиялық активтiлiктi;
      4) уыттылықты төндiруi мүмкiн.
      4. Адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi:
      физикалық-химиялыққасиеттерi бойынша:
      1) жарылғыш заттар;
      2) тез тұтанатын газдар;
      3) тез тұтанатын сұйықтар;
      4) тез тұтанатын қатты заттар;
      5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;
      6) уытты заттар;
      7) коррозиялаушы заттар;
      уыттылыққасиеттерi бойынша:
      1) күштi әсер ететiн улы заттар;
      2) улы заттар;
      3) зиянды заттар;
      4) күйдiргiш заттар;
      5) көздiң және (немесе) терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар;
      6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар;
      адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша:
      1) канцерогендер;
      2) мутагендер;
      3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар;
      қоршаған ортаға әсер етуi бойынша:
      1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар;
      2) қоршаған ауа ортасы және топырақүшiн қауiптi заттар.
      5. Химиялықөнiмнiң санаттары, қауiптiлiк түрлерi және химиялықөнiммен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы ақпарат химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық  регламенттерде белгiленедi.
      6. Химиялықөнiмдi сынаудың критерийлерi мен әдiстерi, оның физикалық-химиялық және уыттылыққасиеттерi, адамның денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға ерекше әсерi химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес айқындалады.
      7. Химиялықөнiмдi химиялық заттардың санаттары бойынша
жiктеудi өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) оны
нарықта орналастыру үшiн тиiстi құжаттарды ресiмдеуi кезiнде көрсетедi.

2-тарау. ХИМИЯЛЫҚӨНIМНIҢҚАУIПСIЗДIГI САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      6-бап. Уәкiлеттi органдар

      1. Мыналар уәкiлеттi органдар болып табылады:
      1) индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi орган;
      2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi орган;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган;
      4) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган;
      5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
      6) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган;
      7) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкiлеттi орган;
      8) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
      9) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган.
      2. Уәкiлеттi органдар химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудi салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асырады.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiңқұзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiңқұзыретiне мыналар жатады:
      1) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту; P080515, P081031, P081331
      3) салалық бағдарламаны бекiту;
      4) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде консультациялық-кеңесшi органдарды құру және тарату;
      5) химиялықөнiмдi тiркеудiң және оны есепке алудың тәртiбiн бекiту;
      6) уәкiлеттi органдардың арасынан салалық бағыттылығына сәйкес химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы салааралықүйлестiру жөнiндегi мемлекеттiк органды айқындау;
      7) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Уәкiлеттi органдардыңқұзыретi

      Уәкiлеттi органдар:
      1) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды;
      2) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi мәселелерi бойынша халықаралықұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етудi;
      3) өз құзыретi шегiнде осы Заңда және химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды;
      4) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласында техникалық регламенттер әзiрлеудi;
      5) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласында техникалық регламенттер жобаларын әзiрлеу және химиялықөнiмдi техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
      6) осы Заңның және химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн химиялықөнiмдi анықтау мақсатында тұтыну нарықтарына мониторинг жүргiзудi және оны сатуға жол бермеу жөнiнде шаралар талдап жасауды;
      7) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалыққұжаттамаларды келiсудi;
      8) химиялықөнiмнiң жекелеген түрлерiн тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн бекiтудi;
      9) химиялықөнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тiркеудi және оның есебiн жүргiзудi; P080572
      10) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласында салалық бағдарламалар, соның iшiнде химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi проблемалары бойынша зерттеулердi көздейтiн бағдарламалар әзiрлеудi және iске асыруды;
      11) өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) ұсынған ақпарат негiзiнде химиялықөнiмнiң адам денсаулығы мен өмiрi, қоршаған орта үшiн қатерiн бағалауды тексерудi;
      12) осы Заңмен және техникалық  регламенттермен белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклiнiң бiр немесе бiрнеше процестерiн тоқтата тұру туралы нұсқама берудi;
      13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеудi және бекiтудi;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасыныңөзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы


              мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      1. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiңқаулыларының химия өнiмдерi қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.


      2. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.
      3. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудыңөзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. ӨТIНIМ БЕРУШIЛЕРДIҢ (ӨНДIРУШIЛЕРДIҢ, ӨНIМ
БЕРУШIЛЕРДIҢ, ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) ХИМИЯЛЫҚӨНIМНIҢҚАУIПСIЗДIГI
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      10-бап. Өтiнiм берушiлердiң (өндiрушiлердiң, өнiм


               берушiлердiң, импорттаушылардың) химиялық
               өнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы құқықтары

      Өтiнiм берушiнiң (өндiрушiнiң, өнiм берушiнiң, импорттаушының) жүзеге асыратын қызметiне сәйкес:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, техникалық  регламенттер әзiрлеуге қатысуға;
      2) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiн өндiрiстiк бақылау бағдарламаларын әзiрлеуге;
      3) химиялықөнiмнiң сапа менеджментi мен қауiпсiздiгi жүйелерiн енгiзуге;
      4) ұйымдардыңҚазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының мiндеттi талаптарына сәйкес келетiн стандарттарын әзiрлеуге және бекiтуге;
      5) адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға терiс әсер етуi мүмкiн химиялық заттар туралы дұрыс ақпарат алуға;
      6) химиялықөнiмнiңқатерлерiн бағалауға зерттеу жүргiзу туралы уәкiлеттi органдарға жүгiнуге құқығы бар.

      11-бап. Өтiнiм берушiлердiң (өндiрушiлердiң, өнiм


               берушiлердiң, импорттаушылардың) химиялық
               өнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы мiндеттерi

      Жүзеге асырылатын қызметiне сәйкес өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы):


      1) Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклi сатыларындағы қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылауды қамтамасыз етуге;
      3) осы Заңның және химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына химиялықөнiмнiң және оныңөмiрлiк циклi процестерiнiң анықталған сәйкессiздiгi туралы уәкiлеттi органдарға хабарлауға;
      4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклiнiң бiр немесе бiрнеше процестерiн тоқтатуға;
      5) тұтынушыларға және уәкiлеттi органдарға олардың талап етуi бойынша химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы дұрыс ақпарат беруге;
      6) уәкiлеттi органдарға мемлекеттiк бақылау жүргiзуге қажеттi ақпаратты: химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспортын, тiркеу туралы куәлiктi, сәйкестiк сертификатын немесе декларацияны, техникалық сипаттағы басқа да құжаттар мен мәлiметтердi (жоспардан тыс тексеру кезiнде) беруге;
      7) химиялықөнiмнiңқатерiн мiндеттi түрде бағалауды жүзеге асыруға (адамныңөмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн химиялық заттардың зиянды әсерлерiн, олардың зиянды әсерiнiң таралу аясын айқындауға) мiндеттi.

4-тарау. ХИМИЯЛЫҚӨНIМНIҢҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI
ТАЛАПТАР

      12-бап. Химиялықөнiмдi тiркеу

      1. Өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) химиялықөнiмдi тiркеуге мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тiркелмеген химиялықөнiм айналысқа жiберiлмейдi.

      13-бап. Химиялықөнiмнiңқатерiн бағалау

      1. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолдану қатердi бағалауға негiзделуге тиiс. P071398
      2. Өтiнiм берушiнiң (өндiрушiнiң, өнiм берушiнiң, импорттаушының) қатерге бағалау жүргiзуi барлық химиялықөнiм үшiн мiндеттi.
      3. Химиялықөнiмнiңқатерiн бағалау:
      1) химиялықөнiм қауiптiлiгiнiңтүрлерiн анықтау;
      2) адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiп немесе ықтимал қауiп төндiретiн химиялықөнiмнiңәсерiн талдау;
      3) анықталған қатерлердi шектеу жөнiндегi шараларды айқындау арқылы жүзеге асырылады.
      4. Химиялықөнiм қауiптiлiгiнiңқатерiн бағалау кезiнде қолда бар техникалыққұжаттамалар, ғылыми деректер, талдау және зерттеу әдiстерi, библиографиялық сiлтемелер, iрiктеп бақылау деректерi пайдаланылуға тиiс.
      5. Уәкiлеттi органдар осы Заңның 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес адамныңөмiрiне және (немесе) денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру фактiлерi туралы ақпарат алған жағдайда қатердi бағалауға тексеру жүргiзудi ұйымдастырады.
      6. Өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) қатерлердi бағалауды химиялықөнiмдi тiркегенге дейiн жүргiзедi. P071398
       7. Қауiптi немесе ықтимал қаупi бар химиялықөнiммен байланысты мүмкiн болатын қатердi бағалау үшiн өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) мыналарды:
      1) қауiптi химиялық заттардың бар екенiн;
      2) қауiптiлiк көрсеткiштерiн;
      3) қауiптi әсер етудiң түрлерi мен олардың туындау жағдайларын;
      4) физикалық-химиялыққасиеттерiн;
      5) қоршаған ортаға әсер ету факторларын көрсетедi.
      8. Уәкiлеттi органдар қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуға немесе химиялықөнiмге сынақ жүргiзуге құқылы.

      14-бап. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiне қойылатын


              талаптар

      1. Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгiне және оныңөмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын талаптар өтiнiм берушiлердiң (өндiрушiлердiң, өнiм берушiлердiң, импорттаушылардың) орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.


      2. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi:
      1) өтiнiм берушiлердiң (өндiрушiлердiң, өнiм берушiлердiң, импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының  талаптарын сақтауы;
      2) химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклi процестерiнiңҚазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасына сәйкестiгiне өндiрiстiк бақылау жүргiзу;
      3) химиялықөнiмнiңҚазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн растау;
      4) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, уыттылық сараптамаларын және өндiрiстiк қауiпсiздiк сараптамаларын жүргiзу;
      5) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiледi.
      3. Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының  талаптарына, соның iшiнде мынадай көрсеткiштер бойынша:
      1) адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға анық зиян келтiретiн белгiлерi бар;
      2) осы Заңның 5-бабының 4-тармағында көрсетiлген химиялық заттардың радиологиялық көрсеткiштерi мен санаттары бойынша қойылатын талаптарға сай келмейтiн;
      3) оныңқауiпсiздiгiн куәландыратын және шығу тегiн растайтын құжаттары жоқ
      4) Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген мәлiметтер қамтылған таңбаланымы жоқ
      5) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес химиялықөнiм өмiрлiк цикл процестерiне жiберiлмейдi.
      4. Әзiрленетiн, жасалатын және айналысқа шығарылатын химиялықөнiм химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес болуға тиiс.

      15-бап. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспорты және оған


               қойылатын талаптар

      1. Химиялықөнiмдi нарықта орналастыру үшiн беретiн өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) оған қауiпсiздiк паспортын қоса беруге мiндеттi.


      2. Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспортында химиялықөнiм туралы мынадай ақпарат болуға тиiс:
      1) химиялықөнiмнiң (заттың, препараттың және өндiрушiнiң) айқындамасы;
      2) қатердiң (қатерлердiң) айқындамасы;
      3) құрамы, химиялық заттар туралы ақпарат;
      4) алғашқы көмек көрсету шаралары;
      5) өртке қарсы шаралар;
      6) төтенше жағдайлар кезiндегi шаралар;
      7) айналысы және сақталуы;
      8) сәулеленуден қорғау, жеке қорғану;
      9) физикалық және химиялыққасиеттерi;
      10) тұрақтылық және реактивтiлiк;
      11) уыттылық туралы ақпарат;
      12) экологиялық ақпарат;
      13) қалдықтарды меңгеру;
      14) тасымалдау туралы ақпарат;
      15) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы техникалық  регламенттерде белгiленген химиялықөнiмнiң жекелеген түрлерi туралы ақпарат.
      3. Тұтынушының сұратуы бойынша оған химиялықөнiм және оның адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiптi қасиеттерiнiңәсерiнен қорғану шаралары туралы қосымша ақпарат берiледi.
      4. Химиялықөнiмге iлеспе құжаттарда қауiптiлiк қатерiн азайту үшiн жiктеме және алдын ала сақтық шаралары туралы ақпарат болуға тиiс.

      16-бап. Химиялықөнiмдi өндiру және қолдану кезiндегi


               қауiпсiздiк талаптары

      Химиялықөнiмдi өндiру және қолдану кезiнде уәкiлеттi органдар бекiткен нормаларға сәйкес қауiпсiздiк шаралары қамтамасыз етiлуi қажет, олар:


      1) химиялықөнiмдi өндiру кезiнде қатерлердiңқауiптiлiгiн барынша азайтатын технологиялар мен жабдықтарды, еңбек тәсiлдерi мен әдiстерiн таңдауды;
      2) химиялықөнiмдi өндiру және қолдану кезiнде пайдаланылатын техникалыққұралдар мен қорғану құралдарын пайдалануды және тиiсiнше күтiп ұстауды;
      3) қауiптi немесе ықтимал қаупi бар екенiн көрсететiн сақтандыру белгiлерi мен таңбаланымдарын пайдалануды; P071398
      4) жеке гигиенаны сақтауды және персоналда жеке қорғану құралдары мен арнайы киiмдерiнiң болуын;
      5) авариялық жағдайларды болғызбауды және оларды жою құралдарының болуын қамтиды.

      17-бап. Химиялықөнiмдi тасымалдау және сақтау кезiндегi


               қауiпсiздiк талаптары

      1. Химиялықөнiмдi сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес оныңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.


      2. Адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiптi химиялықөнiмдi тасымалдау үшiн осындай мақсаттарға арнайы жабдықталған көлiк құралдары пайдаланылады. P080515
      3. Химиялықөнiмдi сақтау және тасымалдау қорғау шаралары сақтала отырып жүзеге асырылады, олар:
      1) тасымалдауға және сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;
      2) химиялықөнiм орамасының рұқсат етiлген массасын және оның сақталу мерзiмiн;
      3) сақтау және тасымалдау кезiнде өнiмнiң химиялықөнiмнiң басқа түрлерiмен сыйысымдылығын;
      4) тасымалдауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);
      5) өздiгiнен жануға және өздiгiнен ыдырауға, оның iшiнде қауiптi өнiмдер түзей отырып ыдырауға бейiм химиялықөнiмге қолданылатын арнайы шараларды;
      6) орамасын, ыдысын қауiпсiз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды;
      7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды;
      8) персоналдың жеке қорғану құралдарын;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда әскерилендiрiлген күзеттi пайдалануды қамтиды.
      4. Химиялықөнiмдi тасымалдау және сақтау оның тұтыну қасиеттерiн және адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiптi қасиеттерiнiңәсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн орамада жүзеге асырылады.
      5. Химиялықөнiм массасының жол берiлетiн нормасы оныңәсер етуi немесе түрлену өнiмдерi қауiпсiздiгiн белгiленген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге тиiс.
      6. Химиялықөнiмдi тасымалдау кезiнде ораманың, сондай-ақ көлiк құралдарыныңөзiнiң химиялықөнiмге санкциясыз қол сұғуды болғызбайтын бүтiндiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануға тиiс.
      7. Қос орама пайдаланылған жағдайда iшкi ыдыс сыртқы ыдысқа тасымалдау кезiнде бұзылмайтындай етiп салынуға тиiс. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және iшкi ыдыстың арасына қаптама материал салынуға тиiс. V095697
      Химиялықөнiмдi көлiктiң алуан түрiнде тасымалдауға арналған орамаларды қолдануға қойылатын талаптарды тиiстi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      8. Егер, олар бiр-бiрiмен қауiптi реакцияға түсетiн және:
      1) жанатын және (немесе) едәуiр жылу бөлiп шығаратын;
      2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдар бөлiп шығаратын;
      3) басқа да химиялық активтi және қауiптi, соның iшiнде корродирлейтiн заттардың түзiлуiн туғызатын химиялықөнiмнiң екi және одан да көп түрлерiн бiр ыдысқа орналастыруға жол берiлмейдi.
      9. Сұйытылған газдарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      10. Негiзгi химиялықөнiмнiңқауiптiлiк қасиеттерiн арттыра түсетiн, жаңа қосылыстар түзу қабiлетi бар химиялықөнiмдi сақтау кезiнде осындай түрлену мүмкiндiгiн болғызбайтын барабар қорғау шаралары қамтамасыз етiлуге тиiс.
      11. Ұқсас заттар үшiн ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Химиялықөнiмдi сақтау шарттары оның кездейсоқ араласып кету мүмкiндiгiн болғызбауға тиiс.
      12. Орама әзiрленген материал оның iшiндегi заттармен химиялық реакцияға түспеуге тиiс.
      13. Химиялықөнiмнiңәкелiнуiн, әкетiлуiн және транзитiн қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Химиялықөнiмдi таңбалауға қойылатын талаптар

      1. Барлық химиялыққауiптi өнiм оныңқауiптi қасиеттерi туралы хабардар ететiн ескертпемен таңбалануға тиiс. P071398
      Химиялықөнiмдi ескертпелiк таңбалау кезiнде көрсетiлетiн стандарттыққауiптiлiк нышандарының тiзбесi халықаралық талаптарға сәйкес белгiленедi және оны техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Химиялықөнiмнiң орамасындағы немесе ыдысындағы ескертпелiк таңбаланым:
      1) өтiнiм берушiнiң (өнiм берушiнiң, өндiрушiнiң, импорттаушының) атауын және телефон нөмiрiн, факсiн, телексi мен электронды мекенжайын қоса, толық мекенжайын;
      2) атауын (атауларын);
      3) қауiптiлiк түрiн;
      4) массасын немесе көлемiн;
      5) партиясының нөмiрiн;
      6) дайындалған (шығарылған) уақытын және жарамдылық мерзiмiн;
      7) стандарттыққауiптiлiк нышандарын қамтуға тиiс.
      3. Ескертпелiк таңбаланым жуғанда кетпейтiн айқын әрiптермен және (немесе) нышандармен жазылады.
      4. Химиялықөнiмдi ескертпелiк таңбалаусыз нарыққа шығаруға және сатуға жол берiлмейдi.

      19-бап. Химиялықөнiмге нарықтағы айналысы кезiнде


               қойылатын талаптар

      1. Химиялықөнiм, егер ол Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келсе, нарыққа шығарылуы және қолданылуы мүмкiн.


      2. Өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) химиялықөнiмнiң нарықтағы қауiпсiз айналысына қажеттi барлық жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
      Бөлшек саудада өткiзу кезiнде химиялықөнiмге нұсқаулыққоса берiлiп, онда мынадай ақпарат:
      1) химиялықөнiмнiң арналған мақсаты;
      2) қолданылу шарттары;
      3) сақтау шарттары;
      4) қауiптi қасиеттерiнiң бар екендiгi;
      5) қауiпсiз қолдану жөнiндегi шаралар;
      6) алғашқы көмек көрсету шаралары қамтылуға тиiс.

      20-бап. Химиялықөнiмнiң бiр немесе бiрнеше өмiрлiк


               циклi процестерiн тоқтатуға қойылатын талаптар

      1. Өтiнiм берушi (өндiрушi, өнiм берушi, импорттаушы) химиялықөнiмнiң осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған кезден бастап немесе уәкiлеттi органның нұсқамасы негiзiнде осындай химиялықөнiмнiң бiр немесе бiрнеше өмiрлiк циклi процестерiн тоқтатуға мiндеттi.


      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      21-бап. Химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклiнiң барлық


               сатыларында персоналдыңқауiпсiздiгiн қамтамасыз
               ету жөнiндегi талаптар

      1. Химиялықөнiмдi өндiру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өндiрiстiк персоналдыңөмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаны қорғаудыңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн нормалар белгiленуге тиiс.


      2. Химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклiнiң сатыларында еңбек ететiн персоналдыңқажеттi бiлiктiлiгi, қауiпсiз жұмыс тәсiлдерi туралы бiлiмi болуға, бақылау мен қорғаудыңқажеттi құралдарымен қамтамасыз етiлуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген  тәртiппен химиялықөнiммен жұмыс iстеуге тиiстi рұқсаты болуға тиiс.
      3. Химиялықөнiмнiңөмiрлiк циклiнiң барлық сатыларында жұмыс iстейтiн персоналдыңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:
      1) адамныңөмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауiптi химиялықөнiмнiңәсер ету қатерiн болғызбайтын еңбектi қорғаудың тәсiлдерi мен әдiстерiн пайдалану;
      2) жеке гигиенаныңқажеттi құралдарын, жеке қорғану құралдарын беру;
      3) ескертпелiк таңбаланымдарды пайдалану;
      4) персоналды химиялықөнiммен қауiпсiз жұмыс iстеудiң шараларымен таныстыру;
      5) авариялық жағдайларды болғызбау және жою жөнiнде шаралар әзiрлеу шарттары сақталуға тиiс.
      4. Өтiнiм берушiлер (өндiрушiлер, өнiм берушiлер, импорттаушылар) қауiптi немесе ықтимал қаупi бар химиялықөнiммен жұмыс iстейтiн персоналды алдын ала және мерзiмдi тексерулерден өткiзумен және оқытумен қамтамасыз етуге тиiс.

      22-бап. Химиялықөнiмнiң сәйкестiгiн растау

      1. Химиялықөнiмнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. P050367
      2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде оны таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп саналады.

      23-бап. Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiң


               қауiпсiздiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      Қазақстан Республикасының химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.



5-тарау.ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      24-бап. Өтпелi ережелер

      1. Химиялықөнiм қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мемлекеттiк реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы Заңқолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және өткiзiлетiн химиялықөнiм үшiн оның сәйкестiгiн растайтын құжаттар оларда көрсетiлген қолданыс мерзiмiнiң iшiнде күшiн сақтайды.

      25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет