Холинергиялық заттардың жіктелуі. М және н – холиномиметиктер немесе ахэ заттар: м-холиномиметиктер


Антихолинэстеразалық заттардан М- холиномиметиктердің айырмашылығы



бет11/25
Дата11.09.2022
өлшемі59.24 Kb.
#460535
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
СЕССИЯ ФАРМА-шпор

Антихолинэстеразалық заттардан М- холиномиметиктердің айырмашылығы.Антихолинэстеразалы препараттардың әсері эндогенді (өзіндік) ацетилхолин арқылы жүзеге асады.М-холиномиметиктер парасимпатикалық нейрондардың постганглийлік ұштарының синапстарында орналасқан М-холинорецепторларды стимуляциялап, парасимпатикалық нерв жүйесінің қозуы кезінде байқалатын әсерлерді туындатады.
b) Антибиотиктердің жіктелуі. Рациональды антибиотикотерапия қағидалары. АБ тобтың ішінде пенициллиндердің әсер ету спектрі, әсер ету механизмі. жанама және токсикалық әсерлері. 
Антибиотиктердің классификациясы
1. Құрылымында бетта-лактамды сақинасы бар антибиотиктер – пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар.
2. Макролидтер – құрылымында макроциклдік лактонды сақинасы бар антибиотиктер эритромицин және азалидтер (азитромицин).
3. Тетрациклиндер – құрылымдық негізі 4-конденсациялық 6-мүшелі циклдан тұратын антибиотиктер.
4. Феникол тобының антибиотиктері (левомицетин).
5. Аминогликозидтер: стрептомицин, гентамицин, изепамин, амикацин, тобрамицин.
6. Пептидті құрылымды АБ: линкозамидтер, полимиксиндер, гликопептидтер (полимиксиндер).
7. Әр түрлі топтағы АБ: рифампицин, циклосерин, фузидин,, фузафунгин, фосфомицин трометанины.
Әсер ету механизмі бойынша :
1 . Микроб қабырғасының түзілуін бұзатын ( бета - лактамды антибиотиктер ; циклосерин ; гликопептидтер : ванкомицин , тейкоплакин ) .
2 . Цитоплазмалық мембрананың қызметін бұзатын ( циклді полипептидтер , полиенді антибиотиктер ) .
3. Нәруыз және нуклеин қышқылының түзілуін бұзатын (левомицетин , тетрациклин тобы , макролидтер , линкозамидтер , аминогликозидтер . фузидин , анзамициндер ) .
Микроорганизмге әсер ету түрі бойынша :
1. Бактерицидті әсері бар антибиотиктер ( жасуша қабырғасына және цитоплазмалық мембранаға әсер ететін ) .
2. Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер ( макромолекуланың түзілуіне әсер ететін )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет