Қхр-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері


Меншік қатынастарының өзгеруі



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#124345
1   2   3   4   5

1.3 Меншік қатынастарының өзгеруі

Көпукладты экономиканың дамуы. 1978 жылы Қытайдың 56%-ы мемлекеттік меншіктің үлесіне тиетін, коллективті 43, қоғамдық емес меншік формалары 1 пайыз.

70-ші жылдардағы экономикалық реформалар жеке шаруашылық жүргізу пайда болып және топтық шаруашылық (ауылдағы жеке мердігерлік, қала мен ауылдағы шағын кәсіпорындар) жүргізу дамыды. Салықтық және инвестициялық жеңілдіктерге ие болған мемлекеттік емес меншік формалары мемлекеттік объектілерді ығыстыру арқылы емес, оған толықтыру негізінде таратылды.

Мемлекеттік сектордағы негізгі өзгеріс болған «құқықтарды төменге қарай жылжыту», кәсіпорындарды жергілікті басқаруға көшіріп, әкімшілік басқару органдарынан бөлу және шаруашылық жүргізу құқытарын кеңейту арқылы өзіндік тауар өндірушілерге айналдыру. Мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік қаржыландыру жүйесінен шығарыла бастады, оның орнына бұл кәсіпорындарға арзан несие мен өзіндік қаражаттарды кеңейтуге мүмкіндік берілді. Экономиканы жалпы либерализациялау бағытында Қытай аумағында өндіріске шетелдік серіктестерді тарту да жүзеге асырылды.

1987 жылы мемлекеттік кәсіпорындарды мердігерлік шаруашылық жүргізу формасына көшіру де кең тарады. Ол бойынша жоғары тұрған инстанциямен өндірістің белгілі көлемі мен мемлекеттік бюджетке белгілі соманы аудару жөнінде келісім шартқа тұру қарастырылды. Шағын мемлекеттік кәсіпорындарда жалға беру енгізілді. 1988 жылы «Кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Акционерлеу мен кейбір кәсіпорындарда мердігерлік ақша аударымдарының орнына бюджетке деген аударымдардың салықтық формасын енгізу эксперименттері жүргізілді.

1992 жылдан бастап реформа одан сайын жетілідіріліп, «социалистік нарықтық экономика құру» ұранымен жалғасты. 1992 жылы жалпыхалықтық меншіктегі кәсіпорындарды басқару механизмін өзгерту бағдары қабылданды. Кәсіпорын көлемі мен оның жалпы мемлекеттік маңызына қарай оларды түрлі әдіспен басқару қарастырылды:



  • Жалпы мемлекеттік маңызы бар салалардағы кәсіпорындар (пошта, телеграф, көлік жолдары, темір жол, қоршаған ортаны қорғау, электр-, газ-бен қамтамасыз ету т.б.) мемлекеттің меншігінде қалды. Олар толығымен бюджетпен қамтамасыз етілді.

  • Монополия типтес ірі кәсіпорындар (энергетикалық өнеркәсіп, мұнай химиясы, металлургия, машина жасау т.б.) ірі корпорацияға айналдырылып, акциялардың бақылауға мүмкіндік беретін бөлігі мемлекеттің қолында қалады. Сондай-ақ бұл кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру жүйесінде жұмыс істеді.

  • «қарапайым» бәсекелестік түрлі саладағы кәсіпорындар, мысалы жеңіл өнеркәсіп, сауда және техника саласындағы кәсіпорындар т.с.с. Бұл кәсіпорындар акционерленіп, оның белгілі бір акциялар бөлігін мемлекет иемденуі мүмкін немесе мүлде мелекеттің қатысуынсыз жеке кәсіпорын түрінде құрылды.

  • Шағын мемлекеттік кәсіпорындар кооперативтер, акционерлік, пайлық серіктестіктер түріне көшірілді. Сондай-ақ жалға немесе жеке тұлғалар мен коллективтерге сатылды.

1992 жылы акционерлеу әдістері жөніндегі арнайы қаулы қабылданады. Нәтижесінде акционерлік кәсіпорындардың саны өсе бастайды (1993 жылдың бірінші жартысында олардың саны 3200-ден асты, көбінесе жабық түрдегі).

1993 жылы қабылданған мемлекеттік және партиялық шешімдер шаруашылық жүргізу формаларының нарықтық құрамын бекіту мен «заманауи кәсіпорындар жүйесін» құруға – мемлекеттік кәсіпорындарды қазіргі нарық шарттары мен қатал бәсекелестік кезінде жұмыс жасайтын корпорацияларға айналдыруға бағытталған. 1994 жылы корпорациялар туралы заң қабылданады. 1995- 1996 жылдары «чжуада, фан...» бағыты жариаланады (ірі кәсіпорындарды мемлекеттің қолында ұстап қалып, шағындарын жіберу).

1993 пен 1997 жылдар арасында мемлекет меншігінің жалпы жағдайына зерттеу жасалды, 3 жалпы мемлекеттік өнеркәсіптік тіркеу нәтижелері кең көлемде бұқаралық ақпарат құралдарында талқылауға салынды. Өнеркәсіп кәсіпорындарын басқарудың жаңа институционалды құрылымын құру бағытында нақты қадамдар келесідей схема бойынша жасалынды: үкімет – мемлекеттік меншікті басқару органдары және меншікті басқаруға құқылы ұйымдар – кәсіпорын.

Мемлекеттік секторды реформалаудағы кідірістер мен қарыздың өсуі айтарлықтай декапитализацияға әкелді.

1997 жылы мемлекеттік кәсіпорындардың 40 пайызында (жалпы саны 15 мың бірлік ішінен) пассив пен актив арақатынасы 80 пайыз болды, сондай-ақ 4,6 пайызында пассивтердің активтерден жоғары болуы байқалған.

1997 жылы өнеркәсіптің 48 пайызы мемлекеттік кәсіпорындардың үлесіне тиді, 30 – коллективті, 22 – қалған қоғамдық емес меншік формаларына тиесілі болды.

Мемлекеттік сектор басқармасы мен мемлекеттік сауда-өнеркәсіптік басқармасының 1992 жылғы қаулысына сәйкес 9 негізгі экономикалық сектор заңдастырылды (меншік формалары), олардың өзі 21 тармаққа бөлінген:


  • Мемлекттік сектор (мемлекттік кәсіпорындар мен мемлекттік аралас кәсіпорындар)

  • Коллективті сектор (коллективті кәсіпорындар және аралас коллективті кәсіпорындар)

  • Жеке сектор (жеке капиталды шаруашылықтар, жеке үлестік ұйымдар, жекеменшік жауапкершілігі шектеулі компаниялар)

  • Индивидуалды сектор (индивидуалды кәсіпорындар мен серіктестіктер)

  • Аралас экономика секторы (мемлекеттік-коллективтік, мемлекттік-жеке, коллективті-жеке, мемлекттік-коллективтік- жеке кәсіпорындар)

  • Акционерлік сектор (жауапкершілігі шектеулі акционерлік компаниялар мен жауапкершілігі шектеулі компаниялар)

  • Шетел кәсіпорындарының секторы (қытай-шетел аралас кәсіпорындары мен шетел капиталына толығымен тиесілі кәсіпорындар)

  • Тайвань, Гонконг және Макао капиталының қатысумен құрылған кәсіпорындар

  • Шаруашылық қызметінің басқа да түрлері.

1993 жылы қабылданған компания туралы заңға сәйкес корпорацияның негізгі екі түрі бар – жауапкершілігі шектеулі компаниялар(пайщиктердің саны 2 ден 50-ге дейін заңды немесе жеке тұлғалардан құралған жабық түрдегі қоғам) және жауапкершілігі шектеулі акционерлік компания (пайщиктердің саны 5 тен кем емес ашық немесе жабық түрдегі).

1997 жылы меншік қатынастарын реформалаудың маңызды кезеңі болды. Алдыңғы жасалған өзгерістердің нәтижесінің аздығы мен мемлекеттік кәсіпорындардың шығындылығының өсуі түпкілікті бұл жағдайды өзгертуді талап етті. 1997 жылы үкімет шығынды мемлекттік кәсіпорындарды жою жоспарын жасақтады. Ол бойынша орталық әкімшілік аппаратты кең көлемдегі қайта құруды қарастырды: 9 өнеркәсіптік және сауда басқармасын қысқарту; банк несиесі бойынша қарыздардың айтарлықтай бөлігін сызып тастау; банкроттық процедурасын өткізу; акционерлік жүйені кең көлемде енгізу; шығынды мемлекеттік және коллективті кәсіпорындарды жеке тұлғаларға жалға беру немесе сату. 1999 жылы кәсіпорын туралы заң қабылданады, ол жеке инвестицияларға негізделеді. 1999 жылдың 22-қыркүйегінде өткен ҚКП-ң 15-шақырылым ОК-ң 4-пленумы «мемлекттік кәсіпорындарды реформалау мен дамытудың басты мәселелері бойынша шешім» қабылдады. Ол реформалаудың алдыңғы бағытын бекітіп, XXI ғасырдың бірінші онжылдығына жаңа міндеттерді бекітті.

1999 және 2000 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды тез арада реформалаумен ерекшеленді. Ол заманауи корпорациялар режимін құру жолымен жүзеге асты. Жоспарлау мен даму істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша, 1999 жылдың соңына қарай 1994 жылдан бері шаруашылық жүргізу механизмін қайта құру басталған 2473 мемлекеттік кәсіпорынның 2016-сы компания түріне ауысты. Ал 2000 жылдың соңында алдыңғы қатарлы 520 мемлекеттік кәсіпорынның 430-ы (83,7%) корпорацияға ауысты, оның ішінде 282-сі жауапкершілігі шектеулі компаниялар немесе жауапкершілігі шектеулі акционерлік компаниялар. Олардың көбінің акциялары қор нарығында орналастырылған. [4]

2000 жылдың соңында жасалған шаралардың нәтижесінде 1997 жылмен салыстырғанда шығынды ірі және орташа мемлекеттік кәсіпорындардың саны 6,6 мыңнан 4,4 мыңға дейін қысқарды. Шағын мемлекеттік кәсіпорындар 6 жыл бойы жалғасқан таза шығындық жағдайдан шықты.

Реформа кезінде мемлекеттік сектор тез дамығанымен (жылына жалпы өнімді 9 пайызға өсірді), меншіктің қоғамдық емес формаларының тез қарқынмен дамуынан мемлекеттік және коллективті секторлардың ЖІӨ-дегі үлесі 1978 жылғы 94,7% көрсеткіштен 1997 жылы 75,8% -ға төмендеді, ал тұтынушылық тауарлардың айналымында 1978 жылғы 54,6% көрсеткішінен 1999 жылы 23,3% - ға төмендеді. Өнеркәсіп саласында мемлекеттік кәсіпорындар 1999 жылы 28,2% өндірді, ал 2001 жылы – 20,2 %.

Қайнар көзі: Китайская экономика в XXI веке. Селищев А.С., Селищев Н.А. – Питер, 2004 ж. – 202 бет.


90-шы жылдардың ортасында өнеркәсіптегі мемлекеттік кәсіпорындардың саны азайып отырды, 1994 жылы 102,2 мыңнан 1999 жылы 61,3 мыңға азайды. ҚХР-ң Мемлекеттік сектор басқармасының мәліметтері бойынша, 2000 жылы өнеркәсіпте тек 42,4 мың мемлекеттік кәсіпорын болған, ал 2001 жылы – 34,5 мың.

Жеке салалар бойынша экономиканың мемлекеттенсіздендіру дифференциацияланған. Толығымен мемлекетсіздендірілген сала теміржол, әуе транспорты және пошта-телеграфтық қызмет, ал 90 пайызға қаржы саласы.

Меншіктің мемлекеттік емес формаларының даму динамикасы. Жеке және индивидуалды сектор да тез дамыды. 1978 жылы елде 150 мыңға жуық индивидуалды кәсіпкерлік нысандары тіркелді. Олардың көбі жөндеу, қызмет көрсету салаларында болды. Жеке сектор болмады десе де болады. Қазіргі таңда Қытайда 30 миллионнан астам индивидуалды шаруашылықтар тіркелген, оладың жартысынан көбі қызмет көрсету саласында шоғырланған. 2000 жылдың соңына қарай қалаларда 6 миллионнан астам индивидуалды өнеркәсіптік және 1 миллионнан астам жеке кәсіпорындар тіркелді.

2001 жылы шамамен «ірі масштабты» өнеркәсіптің барлығының 1/5 бөлігі бір жыл ішінде 22 мыңнан 36 мыңға өскен жеке кәсіпорындардың үлесіне тиеді. 1999 жылы енгізілген және тек жеке инвестицияларға негізделген «Кәсіпорындар туралы заңға» сәйкес 450 жеке кәсіпорындарға өздігінен экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу құқығы берілді (мұндай құқық бұрын тек мемлекеттік кәсіпорындарға ғана берілетін).

Жеке сектордың өсуі волостық-ауылдық кәсіпорындардың осы категорияға ауыстырылуынан болды. Бұрын олар коллективті ретінде қарастырылатын.

Шетел капиталының да позициялары күшейе бастады. 2000 жылы 180 елден шетел салымшыларының 353 мыңнан аса кәсіпорындары тіркелді. Олардың келісім-шарттық инвестициялар сомасы 641,7 млрд.долл.-дан асып түсті, ал шын мәнінде пайдаланылған капитал салынымдарының сомасы 327,7 млрд. долл. құрады. 2001 жылы 31,4 мың «ірі масштабты» шетел капиталының кәсіпорындары осы категориядағы өнеркәсіптік фирмалардың жиынтық өнімінің 28,5% өндірді. Олардың үлесіне елдің импорты мен экспортының жарты көлемі келеді, сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологиялар мен басқару тәжірибесін таратуда, жоғары маманданған жұмысшыларды дайындауда олардың алатын орны ерекше.

1978 жылға дейін Қытайда қоғамдық меншік экономикасы болды: мемлекеттік кәсіпорындар 77,6%, коллективті сектор кәсіпорындары 22,4 %-ды құрады. Реформалар экономиканың барлық секторларының бірге дамуына кең жол ашты, шетелдік, яғни Сянган, Аомэнь және Тайвань капиталы мен инвестициялары негізінде өнеркәсіп, жеке кәсіпорындар және жеке сектор, т.б. экономикалық секторлар тез дамыды.

Кәсіпорындарды реформалау – Қытай экономикалық реформасының негізгі бөлігі. Үкімет мемлекеттік кәсіпорындардың ұзақ мерзімді және кең көлемдегі рентабельсіздігі мәселесін шешу үшін түрлі тәжірибелер жасады. 2003 жылдың соңына таман Қытайдың 4371 басты кәсіпорындарының 80%- ы компанияларға ауысты, кіші және орта мемлекеттік кәсіпорындардың 90%-ы компанияларға ауысты. Акционерлік режимге көшіру реформасы жасалған мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі тұрақты өсуде, мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы потенциалы өсуде, бұл олардың халық шаруашылығына бақылау, әсер ету және ынталандыру ролін күшейтуде. 2003 жылы мемлекеттік және акциялардың қадағалау пакеті мемлекеттің қолындағы кәсіпорындары жылдық тауар айналымы 5 млн. юань және оданда жоғары мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі барлық кәсіпорындар өндірілген барлық өнеркәсіптік қосымша құнның 47,3%-ын берді, коллективті сектордағы кәсіпорындар – 6,8%-ын, қалған бөлігін қоғамдық емес меншіктегі кәсіпорындар, сондай-ақ Сянган, Аомэнь және Тайваньның шетелдік капиталы мен инвестициялары негізіндегі кәсіпорындар, индивидуалды және жеке сектор кәсіпорындар берді. Осылайша, экономиканың түрлі секторларының бірге даму құрылымы қалыптасты[5].

Мемлекеттік емес кәсіпорындарға активтерді басқарудың негізгі құқығы орталық үкіметке тиесілі емес кәсіпорындар жатқызылады.Мемлекеттік емес сектор қауымдастықтар (коллективті меншік) меншігіндегі кәсіпорындардан, кооперативтерден және индивидуалды меншіктен, сондай-ақ жеке кооперациялардан және шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындардан тұрады.


2. Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы

2.1 Экономикалық реформа нәтижелері

Елдің экономикалық өмірінде маңызды орын алатын нарықтық механизм қалыптасты. Мемлекет тарапынан реттеліп отыратын өнеркәсіп өнімдерінің түрлерінің үлесі 1978 жылғы 95%-дан қазіргі таңда 6%-ға дейін төмендеп кетті. Мемлекет тікелей реттеу механизмдерінен бас тартып, біртіндеп жанама әдістерді пайдалана бастады (салықтар, пайыздық қойылым, валюта курсы, ақша массасы). Қытай 2001 жылдың қарашасында ДСҰ-на кіру кезінде елдің экономикасын либерализациялау қажеттігі туды. Кедендік салықтарды төмендетуге және шетелдік серіктестердің тауарлары импортталған уақытта шектеулерді азайту керек болды. Дегенмен, ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қытай көптеген артықшылықтарға ие болып, оның сыртқы сауда көлемі тез өсіп, 2001 жылғы 510 млрд. долл.-дан 2003 жылы 851 млрд. долл.-ға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде 4-ші орынға шықты. Оның алдында тек АҚШ, ЕО және Жапония болды. Сондай-ақ елде тікелей шетел инвестициясының көлемі де артты: 2001 жылы 46,9 млрд. долл.-дан 2003 жылы 53,5 млрд.-ға жетті. Осы мәліметтерге қарағанда Қытай тек әлемдік экономикаға интеграцияланып қана қоймай, белгілі бір артықшылыққа ие болып, экономикасын дамытуда. ҚХР-ның экономикалық дамуының нәтижелері көрсеткендей ДСҰ-ға кірген уақыттағы 2002-2003 алғашқы екі жылда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз деп танылған көлік өнеркәсібі, керісінше тез қарқынмен дами бастаған. Автокөлік саудасының қарқыны 2002-2003 жылдары ішкі нарықта алдыңғы жылдармен салытырғанда 50 пайызға өсті[6].

Жыл сайын халықтың өмір сүру сапасы да өсуде. Шаруаның табысы 1978 жылғы 134 юаньнен 1995 жылы 1578 юаньге дейін өсті, жұмысшының жалақысы 615 юаньнен 3893 юаньге өсті. Шаруалардың табысының нақты (бағалардың жоғарлауын ескерген кездегі) орташа жылдық деңгейінің өсу қарқыны 7%-ды құраса, жұмысшылардікі – 5% болды. Осылайша әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті болғандығын көруге болады[7].

Көптеген социологиялық зерттеулер көрсеткендей, 90-жылдары нарықтық қатынастардың дамуымен қатар, әлеуметтік дифференциацияда күшейді. Бір жағынан, бүкіл ел бойынша орташа табыс деңгейі өсті – 1978 жылғы 184 юаньнен 2003 жылы 4058 юаньге дейін өсті, сондай-ақ қалада 1978 жылғы 405 юаньнен 2003 жылы 8265 юаньге жетті, ал ауылда 1978 жылғы 138 юаньнен 2003 жылы 2399 юаньге жетті. Екінші жағынан, кедейлер мен байлар арасындағы табыс алшақтығы өсіп отырды. Нәтижесінде, Қытайда орта таптың қалыптасуы өте баяу жүріп жатыр. Батыстық әлеуметтік стратификация теориясы талаптарына жүгінсек, Қытайдағы халықтың көпшілігін орта тапқа жатқызу мүмкін емес, ең көп дегенде тек төменгі орта тапқа ғана жатқызуға болады.

Дегенмен, Дүниежүзілік Банк мамандарының бағалауы бойынша, кедей халықтың саны азаюда. Мысалы, 1990 жылы 360 млн., 1999 жылы 223 млн., 2003 жылы 151,9 млн. Жалпы Қытайдың демографиялық жағдайына келсек, 1995 жылы ҚХР халық саны 1,21 млрд. адамды құраған(әлем халқының 1/5 бөлігі). Елдің бір отбасыға бір бала саясатына қарамастан, Қытай халқы жыл сайын 10 млн. адамға өсіп отыр[8]. Жалпы Қытай халқының болжанған өсім динамикасы мына кестеде көрсетілген:

Кесте 1


ҚХР-ң халқының өсу динамикасы мен процестері





1995 жыл

2000 жыл

2010 жыл

2030 жыл

2050 жыл

Халық саны млн. адам

1211,0

1280,0

1380,0

1480,0

1560,0

Табиғи өсім, % жылына

1,055

1,00

0,8

0,5

0

Қалалық және ауылдық халық үлесі

29,5:70,5

30:70

35:65

50:50

70:30

Сауатсыздар саны, %

25,5

22,5

18,5

8,5

0
Қайнар көзі: Китайская экономика в XXI веке/Селищев А.С., Селищев Н.А. - Питер, 2004. – 224с.

Сурет 2-Қытайдағы халық санының өсу динамикасы, 1978-2002 жж. (млрд. адам)



Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com

Сурет 3 - Ауыл мен қаладағы халық санының өзгеру динамикасы(%)


Қаладағылар үлесі

Ауылдағылар үлесі

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com

90-жылдары ЖІӨ құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Мысалы, қызмет және өндірістік емес салалар жататын 3-сфера үлесі өсті, 1-сфера болып есептелетін ауыл шаруашылығының үлесі азайды. Ал 2-ші болып есептелетін өнеркәсіп саласы тұрақты күйінде қалды.
Кесте 2

Өнім құны % шұғылданатын адам саны(%)



Жыл

1-кәсіп

2-кәсіп

3-кәсіп

1-кәсіп

2-кәсіп

3-кәсіп

1975

32,6

46,1

21,3

77,1

13,3

9,6

1980

30,1

48,5

21,4

68,7

18,3

13,0

1985

28,1

43,1

28,5

62,4

20,9

16,7

1990

27,1

41,6

31,3

60,0

21,4

18,6

1996

20,2

48,0

31,8

50,5

23,5

26,0

Қайнар көзі: Құйғанбай Қ. ҚХР нарықтық экономиксындағы дамыған сыртқы сауда//Ағайын-2001жыл-№1 - 45-бет.

Дегенмен, дамыған және дамушы елдердің ЖІӨ құрылымын Қытаймен салыстырғанда бұл елдегі 1-ші және 2-ші сфера үлесі айтарлықтай үлкен екендігін көруге болады. Қытайдағы реформадан кейінгі өзгерістерге көз жүгірттік, алайда реформаның негізгі ерекшелігі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер арқылы көрініс табады. Сондықтан жұмыста ауылдың өсу динамикасына көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ Қытай экономикасындағы ең маңызды орындардың бірі өнеркәсіп саласынағы реформа нәтижелеріне тереңірек үңілейік, әсіресе оның ішінде энергетика саласына.

Отбасылық мердігерлік жүйесі мен тікелей нарықтық сатып алуларға көшу ауылдағы жағдайды түбегейлі өзгертті, адам факторының белсенділігі артты және ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісінің тез өсуіне ықпал етті. Шаруалар қайтадан жерді пайдалану құқығына ие болды, ауыл шаруашылық жұмыс пен ауыл шаруашылық өнім сипатын еркін анықтай алатын болды. Сондай-ақ мемлекет шарулар мен сатылатын және сатып алынатын өнімдерге «баға қайшысын» жоюға шаралар ұйымдастырды. Бірегей сатып алу мен жеткізу тәжірибесі алынып тасталынды, ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген түрлеріне баға түсірілді. Бұрынғы көптеген шектеулер қысқартылып, шаруаларға көп салалы шаруашылықты дамытуға және ауылдық-волостық кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. Бұл ауылдағы өндірістік белсенділікті арттырды. Реформалар өндіргіш күштерге ерік беріп, оларды дамытты, ауыл шаруашылығының тез дамуын және оның құрылымының үздіксіз оңтайлануын қамтамасыз етті. Ал бірер мезгілден соң аграрлық салаға капиталдың құйылуын өсірді. Мұны ең алдымен несиелік мекемелер арқылы жүзеге асырды.

Ауыл шаруашылығына бұл шаралар тез, әрі оң әсерін берді. Өндірістің елеулі өсімі байқалды. Қытай өзінің өте үлкен халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өнеркәсіпке шикізатты жеткізуді өсіре алды. Ауылда жасалған реформалар ауыл шаруашылығындағы бір реттік жылдам өндірістің өсуіне ықпал етті және бұл реформалар өзінің тарихи тенденцияларына сай даму үстінде. Мемлекеттік сектордың сақталуына қарамастан мемлекеттік емес сектор өсуде. Негізінде тез экономикалық өсімді мемлекеттік емес ауыл шаруашылықтық емес секторлар қамтамасыз етіп отыр. Қытайдағы ауыл шаруашылығының дамуының елеулі көрсеткіштерін келесі кесте көрсетеді.



Кесте 3

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі (млн. тонна)



Өнім түрі

1978

1990

2000

2002

2003

Астық

304,77

446,24

462,18

457,06

430,7

Мақта

2,167

4,508

4,417

4,916

4,86

Майлы шикізаттар

5,218

16,132

29,548

28,972

28,11

Қант құрағы

21,116

57,62

68,28

90,107

90,24

Қант қызылшасы

2,702

14,525

8,073

12,82

6,18

Отқа кептірілген темекі

1,052

2,259

2,238

2,135

2,015

Шәй

0,268

0,54

0,683

0,745

0,768

Жеміс

6,57

18,744

62,251

69,52

145,174

Ет

8,563

25,135

61,254

65,865

69,329

Қайнар көзі: Справочник - Китай//издательство “Синь син” - 2004 жыл - 102 бет.
1990-жылдың басында Қытай ауыл шаруашылығы және ауыл экономикасы көптеген қиындықтармен кездесті, алайда дамудың оң үрдістерін сақтай білді. 1996-2000 жылдарда ауыл шаруашылығының ЖҰӨ бойынша қосылған құны 5 жыл бой 7,12918 трлн юаньді құрады. Салыстырмалы бағалар бойынша, орташа жылдық өсім 3,5% құрады, тұрақты даму тенденциясы сақталынды. Бірнеше жыл қатарынан астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері жақсы алынды. 2003 жылы егіс алқаптарының азаюы және табиғи апаттардан астық өндірісі белгілі бір дәрежеге қысқарды, дегенмен 430,70 млн. тоннаға жетті. Қазіргі таңда Қытай астық, мақта, рапс, арахис, ет, жеміс өндірісінен әлемде бірінші орынға шықты.

Өндірістің дамуымен ауыл шаруашылық өнімін адам басына шаққандағы көлемі өсті. 2003 жылы орта есеппен адам басына 334 кг астық, 42,7 кг ет, 13,6 кг сүт және 36,5 кг акваөнімдерді құрап, орташа әлемдік деңгейден асып түскен. Қазіргі таңда Қытай ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне ұзақ уақыт бойы дефицит кезеңінен жаңа кезеңге өтеді - өнімнің жалпы балансы және бай өнім көлемі кезіндегі артықшылықтар.

Ауылдық-волостық кәсіпорындар ауылды аудандардағы шаруалардың кәсіпорындары болып табылады. Ауылдағы реформа және ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресс өндірістің тиімділігін үлкен дәрежеде жоғарлатты, нәтижесінде ауыл жұмыс күшінің көп бөлігі алқаптық жұмыстардан босап, ауылдық-волостық кәсіпорындардың дамуына жол салды. Бүгінгі күні олардың төмен бағамен ерекшеленетін өнімдері бүкіл мемлекетте таралады.

Ауылдық-волостық кәсіпорындардың сферасы кең, олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік және тасымалдау, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану және қызметті қамтиды. 2003 жылы елде 21,85 млн-нан аса ауылдық волостық кәсіпорын болды. Оларда 135,73 млн. адам жұмыс істеп, олардың қосымша құны 3,67 трлн юаньді құрады, ал бұл алдыңғы жылдан 13,3%-ға көп.

Ауылдық-волостық кәсіпорындар шаруалардың табыстарының өсуінің және ауыл экономикасы дамуының басты қайнар көзі болды. 10 мың кәсіпорынның тауар айналымы жылыны 50 млн. юаньнан асып түседі, 5 мың кәсіпорын – 100 млн. юань; осы кәсіпорындардың 30 түрлі өнімдеріне.

Қытай ауыл шаруашылық саласында дамыған елдермен ғылыми техникалық айырмашылықты азайтуда, қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің ауыл шаруашылығындағы тиімділігі 42%-ға жетті. Ауыл шаруашылықтық ғылыми-техникалық ведомстволар биоинженерияда, ғылыми сыйымдылығы жоғары техникада, фундаменталды зерттеулерде үлкен жетістіктерге жетті. Қытай мата мен өсімдік жасушаларын өсіру, гүл мен емдік өсімдіктерді өсіру, гаплойдтық селекция мен қолданбалы зерттеу салаларында әлемде алдыңғы қатарларда келеді. Күріш пен жүгеріні басқа культуралармен будандастыру және топырақты жете тазалап, культураларды жылына бірнеше рет өсіру техникасы әлемдік алдыңғы қатарлы деңгейге жетті. 1949 жылы Қытай ғалымдары агрономиялық культураның 40 түрін, шамамен 5 мың ауруларға төзімді және жоғары өнімді жаңа сорттар мен комбинациялар шығарды, 4-5 есе алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық культуралары жаңартылды, әр жаңарту өнімділікті 10-30 %-ға жоғарлатты. Қазіргі таңда Қытайдағы астық өнімділігі 4,82 тонна/га-ға жетті.

Мемлекеттік ведомстволар бірнеше ғылыми-техникалық жоспарлар орындауда – «Ұшқын» бағдарламасы, нақты өндіріске ірі жетістіктерді енгізу жоспары, «Өнімділік» және «Жалын» жобалары тікелей ауылдағы экономиканы құруға бағытталған. Бұлар ауылдарға алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникаларды енгізуге мүмкіндік береді, оларды әр отбасыға жеткізеді, сол арқылы ауылдың ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлатуда маңызды роль атқарды.

2001 жылы Қытай ДСҰ-ға ресми мүше болған соң, ауыл шаруашылық бәсекелестігін арттыру үшін үкімет ауыл шаруашылығын қайта құру стратегиясын жүзеге асыруда, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы, ғылыми-техникалық жаңалықтар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік бағытқа көшіру үшін қаржы мен материалдық ресурстар құйылуда. Ғылым мен техника министрлігінің ұсынылған негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жобасы 10-бесжылдықтың басты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қатарына енгізілді. Ол бойынша астық, май шикізаты, жеміс, көкөніс, мал шаруашылық өнімдері, орман шаруашылығы өнімдері және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған маңызды технологиялар мен құрал-жабдықтарды зерттеуді жалғастыру, процесс сапасы мен ауыл шаруашылық өнімдерін экспресс-сараптамасына арналған технологиялар мен құрал-жабдықтарды қадағалау жүйесін жасақтау қарастырылған[5].

1979 жылы Қытайдың реформа мен ашықтық саясаты басталған соң, өнеркәсіп те жоғары қарқынмен дамуда. 2003 жылы тауар айналымы 5 млн. юань және одан да жоғары барлық өнеркәсіптік мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындардың қосымша құны 4,1045 трлн. юань құрады, пайда 815,2 млрд. юаньнан асты, сәйкесінше алдыңғы жылдан 17% және 42,7%-ға жоғары, сондай-ақ сапа мен тиімділік қарқындарының синхронды дамуына жақсы жағдайлар туындағаны байқалды. 1996 жылдан бері болат, көмір, цемент, химиялық тыңайтқыштар және телевизорлар өндіріснен Қытай әлемде бірінші орынға шықты

Өнеркәсіптік салалардың ішінде қарқынды дамып жатқан электрэнергетикасы, оның ішіне жылу, гидро- және атом энергетикасы кіреді. 1990 жылдан бастап барлық энергоблоктардың қуаты 100 млн. кВт-тан 300 млн. кВт-қа дейін өсті, 2003 жылдың аяғына таман 385 млн. кВт-қа жетті, электр қуатын өндіру 1,9108 трлн. кВт-ты құрады. Қазіргі таңда Қытай әлемде энергоблоктардың қуаттылығы мен электр қуатын өндіруден екінші орында.


Кесте 4

Өнеркәсіптік тауарлардың негізгі түрлерінің өсімі



Өнім

Бірлік

1978

1990

2000

2002

2003

Көмір

Млн.тонн

618

1080

998

1380

1670

Мұнай

Млн.тонн

104,05

138,31

163

167

169,6

Электр қуаты

Млрд. кВт/сағ

256,6

621,2

1355,6

1654

1910,8

Болат

Млн.тонн

31,78

66,35

128,5

182,37

222,34

Цемент

Млн.тонн

65,24

209,71

597

725

862,27

Автокөлік

Мың. дана

149,1

514

2070

3251

4444

Ауыр және орташа тракторлар

Мың. дана

113,5

39,4

41

45,4

48,8

Түсті теледидарлар

Мың. дана

3,8

10330,4

39360

51550

65414

Химиялық талшықтар

Мың. тонна

284,6

1654,2

6940

9912

11811

Иірілген жіп

Мың. тонна

2382

4626

6570

8500

9836

Мата

Млрд.м

11,03

18,88

27,7

32,24

37,46

Қант

мыңтонна

2270

5820

7000

9260

10840

Күкірт қышқылы

мың тонна

6610

11970

22270

30500

33710

Химиялық тыңайтқыштар

мың тонна

8693

18797

31860

37910

42009

Этилен

мың тонна

380

1572

4700

5430

6118

Чиптер

Млн. дана

30

110

5880

9630

14830

Бағдарламалық коммутаторлар

мың дана

-

-

71360

58607

73799

Ұялы телефондар

Мың дана

-

-

52479

121646

182314

Микро-ЭЕМ

Мың дана

-

82

6720

14635

32167

Қайнар көзі: Справочник - Китай//издательство “Синь син”-2004 жыл-113 бет.
Электр желілерін салу Қытай тарихында ең тез даму сатысында тұр; масштабы жағынан әртүрлі электр желілері қалалар мен ауылдың көпшілігіне таралған. Қазіргі таңда Қытайдың солтүстік батыс бөлігін есептемегенде, 6 провинция аралық және аймақ аралық электр желілері және 5 провинциялық деңгейдегі 500 кВт-тық дербес электр желілері салынды. Осының барлығы электр энергетикасындағы жаңа кезеңді сипаттайды. Яғни ол дегеніміз ірі агрегаттар, ірі станциялар, ірі желілер, аса жоғары қуат және автоматтандыру.

Нарықтағы электр энергиясының жеткілікті ұсынысына көмір өнеркәсібіндегі өндіріс қуаттарының қарқынды өсімі септігін тигізді. 80-ші жылдардан бастап Қытай үкіметі ірі заманауи көмір шахталарының құрылысына қомақты қаржы бөлуде. Бұл көмір өндірісіндегі өндіріс қуатының біртіндеп жоғарлауына септігін тигізуде. 1989 жылдан бері Қытай жылына 1млрд. тонна деңгейінде көмір өндірісін ұстап келе жатыр, сәйкесінше бұл халық шаруашылығының даму қажеттіліктерін қанағаттандырады. Көмір өнеркәсібінің техникалық деңгейі де үздіксіз жоғарлауда, нәтижесінде қазіргі таңда Қытайдың ондаған миллион тонна өндірісі бар ірі көмір кеніштерін, сондай-ақ ірі және орташа шахталарды проектілеу, салу, жабдықтау және басқару потенциалы бар. Көмірдің түрлі сорттарын байыту технологиялары мен әдістері үздіксіз жақсаруда. XXI ғасырдың басында көмір экспорты 80 млн. тоннадан асты. Қытай әлемдегі көмір жеткізуден 2-ші орынға шықты.

Мұнай және газ Қытайдың маңызды энергия ресурстары болып табылады. 1995 жылы мұнай өндірісі 150 млн. тоннадан асып түсті, 1997-2003 жылдары өндірістік қуат жеті жыл қатарынан жылына 160 млн. тоннаны асып түсті. Бұл әлемде бесінші орын. Мұнай өнеркәсібінің дамуы жергілікті экономика мен аралас салалардың дамуын ынталандырды – машина жасау, болат балқыту, көлік. 1996 жылы табиғи газ өндірісінің қуаттылығы 20 млрд. куб. м.-ден асып түсті, 2003 жылы ол 35,02 млрд. куб. м.-ге жетті[5].

Қытай экономикасы дамуындағы айтқысыз жетістіктер - әлемдік тарихтың соңғы онжылдықтардың маңызды құбылыстарының бірі. Реформалар кезінде (1979-1999 жж.) ЖІӨ көлемі 5,7 есеге өсті, яғни орта есеппен 9,6 пайызға жыл сайын өсіп отырды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісі 4,4 есеге өсті, еңбек өнімділігі (бір жұмысбастыға ЖІӨ) 3,6 есеге өсті. 1999ж. ЖІӨ көлемі 1 трлн. АҚШ долларынан астам болды[9].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет