Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында»



Дата16.07.2016
өлшемі108.2 Kb.
#203784
Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының 5 тараудың бірінші тараушасында «Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі» (1) - деп көрсетілді. Бұдан Елбасының сыртқы саясатта Қытайға ҝлкен маңыз бергендігін аңғаруға болады. Өйткені, Қытай Еліміздің дипломатиясында Ресейден кейінгі маңызды орынды ұстауға тиісті. Олармен болған көршілік, тарихи мәдени байланысты айтпағанда, Қытайдың жаңа ғасырдан бастап, өзінің әлеуметтік даму стратегиясының басым бағытын батыс бөлігін игеруге аударуы, Елімізді бей-жай қалтырмауға тиісті. Ендеше осы мәселеге тоқталайық.

Қытайдың Батыс бөлікті игеру стратегиясы - Қытай Халық Республикасының жалпы әлеуметтік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Қытайдың «Ши бу - Батыс бөлік» дегені - Қытайдың жерінің орта-батыс өңірін меңзейді. Онда қытайдың жалпы жер көлемінің 50 пайызын, жалпы тұрғындар санының 22 пайызын, Қытайдағы аз санды ұлттар халқының 80 пайызын қамтыған он провинция мен автономиялы райондар орналасқан.
Қытай Халық Республикасы өзінің «Батыс бөлікті қауырт игеру» стратегиялық жоспарын 2000 жылдан жҝзеге асыра бастады. Бұл Қытайдың кезек-кезегімен, рет-ретімен іске асырылып келе жатқан әлеуметтік даму бағдарламаларының аса зор көлемдегі ең кҝрделісі болып табылады.

Әлемге аян, Қытай Компартиясы 1978 жылы желтоқсан айында өткен ХІ кезекті ІІІ пленумында қабылдаған «әлеуметтік реформа жҝргізу, есікті ашық ұстау» деген бас бағдарламасы бойынша, жоспарлы тҝрде алдымен аграрлық салаға, одан соң сауда-өнеркәсіп саласына, одан соң білім-ғылым саласына реформа жҝргізу арқылы қытай қоғамын жоспарлы экономикалық жҝйеден нарықтық экономикалық ҝрдіске аустырды. Сонымен қатар, Шығыс Оңтҝстік теңіз жағалауындағы аудандарды, одан соң Шығыс Солтҝстік пен Яньцзы өзені бойындағы Орталық аймақтарды дамыту жоспарын іске асырды. Соның нәтижесінде, Қытай әлемдегі ең қуатты мемлекеттер қатарынан орын алды. Бірақ қытайдың ішкі әлеуметтік дамуында аймақтық айырмашылықтар пайда болып, қоғамдық қайшылықтар белең алды. Өйткені, әлеуметтік-экономика және ғылым-техника саласында Қытайдың Шығыс оңтҝстік және Шығыс солтҝстік аймақтарының дамуы қарқынды болды да, Батыс және Батыс оңтҝстік аймақтары салыстырмалы тҝрде баяу дамып, олардан артта қалып қойды. Соның салдарынан әртҝрлі әлеуметтік қарама-қайшылықтар орын алды.

Біртұтас елдің әлеуметтік дамуында аймақтық айырмашылықтардың тым алшақтап кетуінің соңы жақсылыққа апарып соқпайтыны белгілі. Сондықтан Қытай басшылары, ондай қайшылықтарды шешудің жолын Батыс бөлігін дамытудан қарастырды.

1999 жылы науырызда Пекинде өткен Бҝкіл мемлекеттік Халық құрылтайының (Бҝкілқытайлық халық өкілдері жиналысы кеңесінің) ІХ кезекті ІІ пленумында сөйлеген сөзінде Қытай Президенті Цзян Цымин (қазақ тілі фонотикасы бойынша транскрипциялағанда - Жаң Зымин болып дұрыс аталады): «Орталық Комитет орталық – батыс бөлікті игеруді тездету бағдарламасын анықтады. Сондай-ақ оған ел ішіндегі қажетсінуді экономикалық дамудың басты шарты ретінде қабылдап, белсенді тҝрде қаржы саясатын қолданады. Бұл біздің дамуымыздың ұлы стратегиялық идеясы болып табылады» (2) - деді. Содан кейін Қытай Мемлекеттік жоспарлау комитеті Батыс аймақты игерудің нақтылы жоспарларын жасауға кірісті.

1999 жылдың маусым айында Қытайдың Батыс аймағындағы бес провинция мен автономиялы райондардың басшыларының қатысуымен Ши ань қаласында өткен конференцияда Цзян Цзымин сөз сөйлеп: «... Батыс бөлікті қауырт игерудің экономикалық, мәдени, саяси, әскери және әлеуметтік маңызы айтып тауысқысыз ерекше. Батыс бөліктің орнықтылығы болмаса, бҝкіл елде тұрақтылық болмайды. ... Батыс бөлікті игеруді тездету – ұлы жҝйелі құрылыс, сондай-ақ ол бұрын-соңды болмаған машақатты тарихи міндет. ... Біз белді бекем байлап, бірнеше он жылда, тіпті толық ХХІ ғасыр бойы кҝрес жҝргізу арқылы, шаруашылығы шалқыған, қоғамы дамыған, тұрмысы орныққан, ұлттары ынтымақтасқан, тау - өзендері жайнаған Батыс аймақ құрамыз» (3) -деп атап көрсетті. Міне, бұдан Қытай ҝкіметі Батыс өлікті игеру әрекетін өзінің ең маңызды жұмысы ретінде ХХІ ғасыр бойы жҝргізетінін аңғаруға болады. Алдына ұзақ арман қою, оған ғасырлық жоспарлар жасау, және оны бес, он жылдық бағдарлама бойынша біртіндеп іске асырыу – қытай еленің дәстҝрлі ерекшелігі болып табылады.

2000 жылы 16 қаңтарда ҚХР ҝкіметінің қасынан Батыс аймақты игеру басшылық тобы құрылды. Оның жетекшісі болып сол кездегі Қытай ҝкіметінің премьер-министрі Чжу Жунцуи (Жоу Роңжи), оның орынбасары болып сол кездегі премьер-министрінің орынбасы, қазіргі премьер-министр Вэнь Цзябао (Ҝн Жябау) тағайындалды. Соған сәйкес, орталық – батыс бөліктегі провинциялар мен автоноимиялы райондық ҝкіметтердің қасынан да Батыс бөлікті игеру басшылық топтары құрылып, ұлы стратегиялық жоспарды іске асырудың нақтылы бағдарламаларын жасауды қолға алды. 2000 жылы қазанда «Қытай ҝкіметі Батыс аймақты игерудің саясаттық шараларын» (2000 ж. № 33 қаулы) жариялады. Сондай-ақ Батыс бөлікті игеруге жұмсалатын қаржыны жергілікті ҝкіметтерге бөліп беріп, игеру жұмысын бастап кетті.

Қытайдың Батыс аймақты игеру стратегиялық жоспары экономиканың белгілі бір саласын ғана дамыту емес, жалпы қоғамды комплексті тҝрде ілгерлетуді көздеген. Жҝйелеп айтқанда, ол әлеуметтік кешенді құрылыстарды, экологияны қорғауды, экономикалық секторларды реттеуді, ғылым техника мен білім беруді дамытуды толық қамтыған әлеуметтік прогрессивті тездетудің нақтылы шаралары қарастырылған кҝрделі жоспар. Бұған қытайлар ойланып толғанып, ҝлкен дайындықпен келді. Қолда бар деректерге жҝгінсек, Қытай ҝкіметі алғашқы ҝш жыл ішінде мемлекттік бюджеттің құрылыс қаражатынан Батыс аймаққа 270 миллиард юань жұмсаған. Бұдан сырт инфрақұрылымға 200 миллиард юань, әлеуметтік істерге 10 миллиард юань қаржы істеткен (4) көрінеді. Одан кейінде жұмсалатын қаржының көлемі жыл сайын өсіп отырғандығы белгілі. Демек, Батыс бөлікті игеру науқаны жыл сайын қарқын алып бара жатыр.

Дегенменде, Қытай ҝкіметі өзінің Батыс бөлігін қауырт игеру стратегиясындағы «маңыздыларының ішіндегі маңыздысы – Шыңжанды қауырт игеру» деп санайды. Өйткені Шыңжан Қытайдың ең батысындағы жері кең (1.6 млн. шаршы км. асты), тәбиғи ресурстары мол, аз санды ұлттары көп, шетелдермен іргелескен өлке. Сондықтан Шыңжанды қауырт игерудің Қытай ҝшін саяси стратегиялық маңызы айрықша болмақ. Ал Шыңжанның әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарына әсер етуі сөзсіз. Сондықтан Шыңжан ұйғыр автономия районының әлеуметтік дамуындағы жағдайларға көбірек назар аударуға тиіспіз.

ҚХР ҝкіметінің Батыс бөлікті игеру стратегиясына сәйкес 2000 жылы Шыңжан ҝкметінің жанынан «Шынжаң Батыс бөлікті қауырт игеру кеңсесі» құрылды. Ол «Батыс бөлікті игеру – Шыңжанды қауырт игеру жоспарын» дайындады. Осы «Жоспар» негізінде Шыңжан ҝкіметі «Инвестиция тартудың саясаттық белгілерін», «Шетелден инвестиция тартудың бірнеше саясаттық белгілемелері» қатарлы бірқатар заң-ережелік кҝші бар шешімдерді қабылдады. Сондай-ақ Шыңжанды қауырт игерудің басты мақсаттарын анықтады. Онда Шыңжан «ХХІ ғасырдың алғашқы он жылында әлеуметтік дамуға қолайлы орта жарату; ішкі дамудың қуатын арттыру, өзін-өзі игеру мҝмкіндігін жоғарлату және қауырт игерудің жақсы механизмін қалыптастыру; қауырт игеру арқылы Шыңжанды бҝкіл мемлекет көлемінде ең ҝлкен сапалы мақта өндірісі, мақта-мата өндірісі, астық өндірісі, мал шаруашылық өндірісі, жеміс-жидек, қант қызылшасын өндіретін және оларды өңдейтін базаға айналдыру; мұнай-газ өндірісі және мұнай-газ химия өнеркәсіп өндірісі базасына айналдыру арқылы, бҝкіл ұлттық экономиканың дамуының тың тірегі етіп құру» көзделген. Бұл мақсатты олар алты тҝрлі жетекші бағдарлама бойынша іске асырылмақшы. Солардың алғашқы ҝш бағдарламасын атап айтуға тұрады. 1- Табиғи ресурстық потециалды негіздік өнімдер рыногін кеңейту стратегиясына өзгерту, негіздік инфрақұрылымдық құрылыстарды жақсатру, өндіріс құрылымдарын оңтайландырып, рыног сұранысы бойынша экономикалық қимылдарды жҝргізу. 2– Экономикалық өнімділікті жоғарлатуды шаруашылық істердің басты мақсаты ету. 3 - Әлеуметтік жҝйеге жаңалықтар енгізіу. Сыртқа есік ашуды кеңету арқылы Шыңжанды игеруге кең бостық орта қалыптастыру (6). Осы мақсатқа жетудің нақтылы жоспарлары да жасалған. Мысалы, Шыңжан ХХІ ғасырдың алғашқы ҝш жылында халық шаруашылығының даму қарқынын 8 пайызға жеткізу. Ал 2004 жылдан 2010 жылға дейін ішкі өндірістің жылдық өсу қарқынын 10 пайыздан асыру. Сол ҝшін Шыңжан ҝкіметі су құрылысы, көлік қатнасы, энергетика, байланыс коммуникациясы қатарлы аса маңызды кешендік инфрақұрлымдарды салу арқылы, Шыңжаңды аса зор көлемде игерудің негізін мықтап орнату жоспарын жасады. Сонымен қатар, Шыңжан тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жоғарлатудың нақтылы көрсеткіштері де жариялаған. Атап айтар болсақ, қала тұрғындарының адамбасындық жылдық табысын 7 пайызға көтеру; ауыл-қыстақтағы шаруалардың адамбасындық жылдық таза табысын 150 юань көлемінде жоғарлату жоспарланған.

Қазір осы жоспардың алғашқы ҝш жылындағы орындалу жағдайын ҝкіметтік мәліметтерге сҝйеніп айтар болсақ: Қауырт игеру жоспары іске асырыла бастаған бергі Шыңжанның 2000, 2001 және 2002 жылдағы ішкі өндірісінің жалпы құны 136.5 миллиард юань, 148.5 миллиард юань және 159.8 миллиард юань болған. Яғни ішкі өндірістің жалпы құнының артуы 8.2 пайыз, 8.1 пайыз және 8.1 пайыз (7) . Ал қала тұрғындарының 2000 жылғы табысы 5817 юань –7.2 пайыз, 2001 жылғы табысы 6590 юань – 13.3 пайыз, 2002 жылғы табысы 6941 юань – 14.4 пайызға өскен. Ауыл-қыстақ тұрғындарының адамбасындық таза кірісі 2000 жылы 1618 юань – 9.8 пайыз, 2001 жылғы таза табысы 1710 юань – 5.7 пайыз, 2002 жылы таза табысы 1863 юань – 8.9 пайызға көтерілген (8). Егер соңғы жылдардағы Шыңжандағы қала-қыстақтардың бет-бейнесінің шыт-жаңа өзгергенін, көлік жолдары мен телефон байланысының жақсаруы мен арзандауын, қытай тұрғындарының беттері ажарланып, жҝздерінің жадырап қалғандығын ескеретін болсақ, жоғарыда келтірген биліктің сандық мәліметтерінің шындыққа жақын екендігіне сенгіңіз келеді.

Демек, бұл Қытайдың Батыс бөлікті игерудің алғашқы сатысындағы жетістігі. Зор көлемдегі қауырт игеру осы жылдан (2005 жылдан) басталмақ. Оның дайындық құрылыстары қарқынды жҝрілуде. Солардың ішінде тек су құрылыстарын атап айта кетейік. Шыңжан ҝкіметі жаңа су құрылыстарын салуды басты орынға қойды. Олар 2010 жылға дейін бірнеше өзендерді арнасынан бұрып ағызатын ірі каналдар мен су қоймаларын салу жұмысын жҝргізіп жатыр. Атап айтқанда, Ҝрімші қаласы мен Қарамайлы қаласының су проблемасын тҝбегейцлі шешу ҝшін, Қара Ертістен Жоңғар ойпаты арқылы Қарамайлы қаласына баратын канал іске қосылды. Енді Қара Ертіске құйятын Буыршын өзенінен Ҝрімші қаласына бағытталған ірі канал құрылысы қолға алынды. Сонымен қатар, ол шөлейт жерлерді басып өтетін бұл каналдың бойын жағалатып, тез өсетін ағаштар егіп, құмдауыт даладан жасыл белдеу жазира қалыптастырып, оны ағаш материалдары базасы мен сҝтті сиыр өсіру базасына айналдыру шаралары да қатар жҝргізілуде.

Ал Іле аймағында Іле өзенін бұру каналы мен ҝлкен су құймасын салу құрылысы өзінің алғашқы жоспардағы жұмысын аяқтап қалды. Бұл құрылыс Іленің Тоғызтарау ауданы мен Текес ауданның қиылысқан қысаңында салынуда. Олардың Іле өзенін белгілі мөлшерін бұрып ағызатын канал салудағы мақсаты екеу. 1 - Іле өңірінен 120 мың гектар тың жер игеріп, оны Шыңжан биязы жҝнді қойын өсіретін және ет пен сҝтті бірдей беретін сиыр өсіретін базаға айналдару. 2 - Іле өзенінің негізгі қайнар көзінің бір саласы болған Көксу өзенін Тянь-Шань тауының аржағына тесіп өткізіп, онда суалып баражатқан Әйбиху көлінің экологиялық пробелемасын шешуге пайдалану. Демек, Қытайдың Батыс аймақты игеруде немесе Шыңжанды қауырт игеруде трансшекаралық Қара Ертіс пен Іле өзендерінен жаңа каналдар салу мен ірі су құймаларын жасуы, қалайда ол өзендерден Қазақстанға келетін су мөлшерін азайтатындығы сөзсіз. Тек су мөлшері азайып қана қоймайды, сонымен қатар, ол өзендер бойындағы кәсіпорындардан шығарылатын ылас сулар ол өзендерге құйылып кетпеуіне кепілдік жасалмаған. Сонда одан келетін зардапты алдымен Қазақстан тартады. Бұл мәселе екі ел қатынастарына жағымсыз жағдай тудыруы әбден мҝмкін. Оны Қытай басшылары жақсы тҝсінеді. Сондықтан өткен жылы мамырда Қазақстан Республикасының призеденті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барып Ху Цзинтаомен (Ху Жинтау) кездескенде, Қытай президентінің: «Қытай трансшекаралық су ресурстарын әділетті әрі тиымды пайдану жағында» (9) деп, алдын-ала ескерткендей болуы сол себептен екені белгілі. Әрине бұл мәселе Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан қашанда тыс қалған емес. Осы реткі тарихи сапарында трансөзен мәселесін «Елбасы ҚХР төрағасы Ху Цзинтаомен болған жоғары дәрежелі кездесуінде көтерген» (10). Бұл мәселе бойынша екі жақты келісімді жҝзеге асыру ҝшін құрылған арнайы комиссия жұмыс істемек көрінеді. Оның нәтижесін уақыт өзі көрсетер. Илайым Қазақстанға келер зардап аз болғай деп тілейік.

Дегенмен Қытайдың Батыс аймақты игеруі немесе Шыңжанды қауырт игеру жоспарының іске асырылуы Қазақстан ҝшін де көптеген тиымды орайлар әкеліп отырғандығын ескеруіміз және одан пайдалана білуіміз керек деп ойлаймын. Шыңжан ҝкіметі ішкері өлкелерден және шетелдерден инвестиция тартудың заңдық негіздерін жариялады. Қазір Шынжаңға Орталық ҝкіметтің бюджетінен тыс, жергілікті ҝкіметтер мен ірі компаниялар және жеке саудагерлердің қаржысы құйылуда. Сонымен қатар Шыңжана жҝз мыңдаған еңбек кҝштер де ағылып келуде. Соның нәтижесінде, қазір Шыңжана өндіріс қызып, базар қайнай бастады.

ҚХР Шыңжан ұйғыр автономиялы районы ҝкіметі 2000 жылы 30 тамызда «ШҰАР шетел инвестрларын инвестиция салуға ынталандырудың бірнеше саясаттық белгілемерін» мәліәмдеді. Ол жалпы 25 тараудан тұратын белгілемеде, инвестиция салатын жетекші өндіріс секторлары, жеңілдік саясаттары және тартылған инвестицияға кепілдік беру мәселелері нақтылап айқындалған. Аталмыш белгілеменің 5–ші тарауында: Шетел кәсіпкерлерінің инвестициясымен құрылған кәсіпорындардың он жылдан артық жұмыс істегендеріне, шетел инвестициясы кәсіпорындары мен шетелдік кәсіпорындарының пайдасынан алынатын жергілікті салықтан босатылады» (11) - деген сияқты кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер көрсетілген. Соған орай, шетелдік кәсіпкерлер Шыңжанға инвестиция әкеле бастады. Демек, Шыңжанды қауырт игеру науқаны және соған сәйкес қабылданған заң ережелер мен саясаттық белгілемер қазақстандық кәсіпкерлердің Шыңжанға инвестиция салуына өте қолайлы болып отыр деп санаймын. Өйткені, Қытай ҝкіметі Шыңжан тұрғындарының жалпы саны таяуда 30 миллионға жетеді деп отыр (іс жҝзінде одан да көп болмақ). Адамның көп болуы әлеуметтік сұранысты көбейтеді, яғни оның өзі ҝлкен рыног. Оның ҝстіне Қытайдағы еңбеккҝштің арзандығы өндірген тауардың өзіндік құнының жоғары болмауына кепілдік береді. Қазірдің өзінде Қазақстан өндірген азық-тҝлік пен сусындықтар Шыңжан базарында жоғары бағада сұранысқа ие. Сондықтан отандық азық-тҝлік, компит және сусындық өнімдерін Шыңжанға экспорт етуге бағыттан пайдалы болмақ.

Бұл бағытты Елбасының өзі нұсқап отырғандығын атап айту артық болмас. Өткен жылы мамырда Ҝрімжі қаласында өткен «Қазақстан мен Қытай – сауда және инвестиция әріптестер» атты бинес-форумда сөйлеген сөзінде Президент: «қазақтандық және қытайлық кәсіпкерлердің бірлесіп қатысуы екі жаққа да тиімді, әрі пайдалы болатынын алға тарты. Сондай-ақ, Елбасы, осы мақсатқа қазақстандық кәсіпкерлердің инвестиция салуға қазірдің өзінде дайын екендігін жеткізді» (12). Сондай-ақ оның нақтылы мысалы ретінде, Елбасы Ҝрімшідегі арнайы экономикалық ауданға орын тепкен, шырын өндіретін «Райымбек – фуд» кәсіпорынның шымылдығын ашып берді. Бұл Қытайда ашылған ең алғашқы кәсіпорын болды. Ендігі жерде осындай ынтымақтастықты дамытатын 30-дан астам келісімге қол қойылғандығы – екі ел кәсіпкерлерінің өзара істестігі әлі кең көлемде дами тҝстіндігінен дерек береді.
Елбасының осы реткі сапарында қол қойылған Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын тарту, жҝк тасымалы көлемін арттыру сынды келісімдерге негізделсек, ҝстегі жылы екі елдың өзара барыс-келісі анағұрлым арта тҝспек. Нақтылап айтқанда, Қытай азаматтарының ресми келісім-шарт бойынша Қазақстанға келетін жұмысшылардың саны еселеп артады. Әрине олардың уақыттық шектемесі болуы керек.

Ал Қытайдың Қазақстаннан астық алуға аса зор ынта байқатып отыр. Олардың ойынан Қазақстан астығын екі тҝрлі жолмен алғысы келетіні байқалады. Біріншіден, өндірілген дайын астықты тікелей сатып алу; екіншіден, өздеріне жақын облыстардан жерді жалға алып, астық егіп оның өнімдерін Қытай рыногіне шығару. Егер екінші тҝрдегі ойлары іске асатын болса, онда еліміздің шығыс жақ шекара аудандарындағы тұрғындары сиреп қалған жерлерге қытай дихандары «уақытша» орын теуіп, астық өндірісімен шұғылданатын болады. Бір елде екінші елдің азаматтарының «уақытша» ұзақ мерзім отбасмен тұрақтап тұрып жұмыс істеуі, қашанда әлеуметтік мәселелерді келтіріп шығармай қоймаған. Ондай тарихи мысалдар өте көп. Сондықтан ондай оқиғаларды болдырмаудың шараларын алдын-ала қарастырған, екі ел арасында қалыптасқан тату көршілік қатынастарды сақтауға пайдалы деп ойлаймын.



Қортып айтқанда, ҝстегі жылдан бастап Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары бұрынғыдан жоғары деңгейде дами тҝседі. Дегенмен даму барысындағы бҝркемеленіп жатқан жағымсыз факторлардың екі ел қатынастарына болашақта кері әсер етуінен осы бастан сақтанған жөн. «Сақтықта қорлық жоқ» демей ме халқымыз.

1. Егемен Қазақстан. Ас., 19 ақпан, 2005.
2. Зы
ң Фейюань. Го жа ши бу кай фа бау гау – Мемлекеттік Батыс бөлікті игеру жөніндегі есеп-материалдары. Пекин, 2003 ж. 555 б.
3. Бұл да сонда. 556 б.
4. Бұл да сонда. 4 б.
5. Шынжа
ң нянь жиян – Шынжаңның жылдық мәліметтер жинағы. Ҝрімжі, 2001 ж., 30 б.
6. Шынжа
ң нянь жиян. 30 б.
7. Го жа ши бу кай фа бау гау – Мемлекеттік Батыс б
өлікті игеру жөніндегі есеп-материалдары. 416 б.
8. Бұл да сонда. 418 б.
9. Асар Қазақстан. А., 24 мамыр 2004 ж.
10. Егемен Қазақстан. А., 21 мамыр 2004 ж.
11. Шынжа
ң нянь жиян. 41 б.
12. Егемен қазақстан. 21 мамыр 2004 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет