І- БӨЛІМ. ПӘНГЕ КІРІСПЕ.
1-Тақырып. Анатомия және физиология пәндеріне кіріспе. Организм – біртұтас жүйе. Жасуша. Ұлпалар.Мүше. Мүшелер жүйесі. Адам денесінің бөліктері, жазықтары мен біліктері.
Дәріс жоспары:
1.Анатомия туралы түсінік 2.Физиология туралы түсінік
2. Физиология пәні мақсаты, міндеттері
3. Даму тарихы, зерттеу әдістері
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Адам анатомиясы дененің және мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейді.
Физиология бір тұтас дененің, мүшелердің, тіршілік әрекеттерін және олардың сыртқы ортаның әсерінен, организмнің түрлі жағдайында өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Адам анатомиясы және физиологиясы гистология пәні менде тығыз байланысты. Гистология – бұл ұлпалардың құрылысы, тіршілік әрекетін, тірі денедегі (жасушалардағы) зат алмасуын зерттейді. Histos – ткань, ұлпа деген мағынаны білдіреді.
Анатомия пәнінің алғашқы даму кезінде тек адам мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген.
Себебі ол негізде анатомияның негізгі әдісі өліктерді (труп) кесу, жару болған. Осыдан «anatemne» - грек сөзінен алынған болып, «кесу» , «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде анатомия ілімінін бірнеше салалары дамыған, олардан:
Жүйелі анатомия – адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын зерттейді.
Топографиялық анатомия – бұл мүшенің денедегі орнын дәл анықтайды. Осы саланың дамуы нәтижесінде күрделі хирургиялық емдеулерге жол ашылды.
Функциональдық анатомия – дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейді.
Адамның жас ерекшелігіне байланысты оның дене және мүшелерінің пішінін,құрылысын, оған сыртқы ортаның тигізетін әсерін зерттейтін саласы.
Адамдар ежелден-ақ адам денесінің, мүшелерінің құрылысына назар аударған. Бұған дәлел біздің эрамызға дейінгі 2550 жылдардағы ежелгі Египетте өмір сүрген Эверстің «Құпия дәрігер» кітабында адам жүрегі мен қан тамырларының құрылысы жөнінде деректер бар.
Анатомия ілімі ежелгі Грецияда жақсы дамыды. Бұл жерде дәрігерлерге құрметпенен қарады. Олардың құрметіне дәрігерлік құдайын Асклений деп атап, дәрігерлердің өздерін «асклениадалар» деп атады. (Эскулана-Аполон-ның ұлы). Біздің эрамызға дейінгі 460-370 жылдары ежелгі Грецияда өмір сүрген дәрігер әрі ғалым Гиппократ анатомияны медицинаның негізі деп есептеді. Ол адам денесіндегі бұлшық еттердің, жүрек қабырғасының
құрылысын, ми сауытының қақпық сүйектерін, ішкі мүшелердің орналасуын, адам қаңқасының құрылысын анықтады.
Мүше деп белгілі бір құрылысқа, пішінге, өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатысады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады, осы ұлпа мүшенің негізгі қызметін атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екі-үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады, мысалы, асқазан мен ішектер.
Барлық мүше құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді:
Қимыл жүйесіне барлық сүйек олардан жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді.
Ас қорыту жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Несеп-зәр шығару жүйесі
Жыныс жүйесі
Ішкі секреция бездері
Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Сезім жүйесі
Жүйке жүйесі
Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Адам денесінің бүтіндігін сақтауда қан айналу жүйесінің маңызы зор. Қан мен лимфа тамырлары арқылы, қан бүкіл денеге жайылып, қоректік заттарды, гармондарды, ферменттерді, жүйелер мен мүшелердің қызметін реттейтін заттарды тасымалдайды. Денеге қажетті заттардың қан арқылы тасымалдануы – гуморальдық жолмен тасымалдану деп аталады. Гуморальдық жолмен гармондар метоболиттер, медиаторлар тасымалда-нады. Сондай-ақ адам денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Жүйке жүйесі мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді, сыртқы ішкі ортаның тітіркеністерді қабылдайды, денені орта-ның өзгерісіне бейімдейді. Адам құрылысын үйренгенде мүшелердің орнынын, олардың өзара қатынасын, топографиялық орналасуын анықтаудың үлкен маңызы бар.
Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз.
Іш қуысы 2 горизонталь сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы 12 қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын төмегі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосады. Олар жоғарғы құрсақ үсті,ортадағы құрсақ, төменгі құрсақ асты. Іштің тік бұлшық еттің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үшке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы – оң, сол және ортаңғы, құрсақ аймағы – оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.
Кеуде қуысындағы мүшелердің шекарасын анықтау үшін тік сызықтар жүргізіледі. 1) Орталық төс сызығы төс сүйегінің екі шетінен.
2) Бұғананың орталық сызығы – бұғана сүйегінің ортасынан басталып төменге қарай бағытталады. 3) Алдыңғы, ортаңғы, артқы қолтық асты сызығы – қолтық асты шұңқырының алдыңғы, ортадағы, артқы шетінен.
4) Жауырын сызығы жауырынның төменгі бұрышынан.
5) Омыртқа маңы сызығы омыртқа жотасының екі жағынан өтеді.
Мүшелердің орнын, бағытын көрсететін атаулар бар, оларға сагитал, фронталь, горизонталь жазықтықтар жатады. Горизонталь жазықтығы денені жоғары және төменгі бөлшіктерге бөледі. Фронталь жазықтық маңдайға параллель сызық, ол дененің алдыңғы және артқы бөлшіктерге бөледі.Сагиталь жазықтық денені симметриялық оң және сол бөлшіктерге бөледі. Жазықтық ортасына жақын болса медиал, алыс болса – латериал, мүшенің басталған бас жағы болса- проксимал, алыстау соңы болса – дисталь деп аталады. Дененің алдыңғы бетіне жақын орналасқан бөлігі – вентраль, арқаға жақындауы – дорсаль деп аталды.
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне əсерін, өзара байланысын жəне сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мəселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның əр бөлігінің мəнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай əрекеттеседі жəне сол қатынасу нəтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия жəне гистологиямен байланысты.
Физиологиялық зерттеу əдістері:
1. бақылау
2. эксперимент;
Бақылау құбылыстың мəнін аша алмайды,сондықтан негізгі əдіс - эксперимент. Ол жіті жəне созылмалы болады. Вивисексия - тəнтілу. Жетіспеушілігі - көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалай жібереді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт ағза қызметін зерттеуге мəжбүр береді (фистула əдісі). Н.П.Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Физиологияның негізгі зерттеу əдісім- эксперимент. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Физиология адам жəне жануар организмінде жүретін өмір сүру процестерін тікелей зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дəрігері Уильям Гарвей. Аналитикалық физиологияның негізгі əдісі жекеленген ағзаларға эксперимент немесе жедел зерттеулер жүргізу. Белгілі бір ағзаның немесе жүйені зерттеу үшін физиолог вивисекция жасау керек. Кез-келген ішкі ағзаның жəне жүйенің қызметін, жəне оларда өтетін процестердізерттеу үшін организмге терең ену керек. Бұл əрекеттің өзі ағзадағы процестердің жүру қалпының бұзылуына алып келеді. Сондықтан да созылмалы эксперимент əдісі енгізу қажет болды. Созылмалы эксперимент əдісі.Аналитикалық физиология мен жедел эксперименттің кемшіліктері И.П.Павловты қатты толғандырды. Ол организмнің біртұтастығын бұзбай , терең еніп зерттеу жүргізу əдісін тапты. Физиологиялық хирургияға негізделген - созылмалы эксперимент əдісі. Наркоз салынған жануарға асептика жəне антисептика жағдайында белгілі бір ағзаға эксперимент жасау мүмкіндігін алу үшін алдын-ала күрделі операция жүргізіледі. Қуысты ағзаға терезеше орнатып, ол жерге фистула түтікшесін енгізіп немесе сыртқа шығарылып, бездің түтігі теріге тігіледі. Эксперименттің өзі жара жазыла бастағанда, бірнеше күн өткеннен кейін барып жүргізіледі. Мұндай эксперимент жүргізгенде физиологиялық процестер қалыпты жағдайда жалғаса береді. Қойылған фистуланың арқасында белгілі бір процесті ұзақ мерзім зерттеу мүмкіндігі бар. Физиология дамуының қысқа тарихы. Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп əсер етті. А.Везалийдің Адам денесінің құрылысы туралы деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, жəне Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX жəне XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды. И.М.Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды.
Бақылау сұрақтары:
1.Адам анатомиясы нені оқытады?
2.Анатомия қандай пәндермен тығыз байланысты? 3.Анатомия пәнінің дамуына үлесін қосқан ғалымдар?
4 Топографиялық анатомия дегеніміз?
5. «anatemne» сөзінің мағынасы?
6. Физиология қалыптасуы, даму тарихы.
7. Физиология ғылым ретінде дамуына үлес қосқан ғалымдар
8. Физиологиядағы Павловтың еңбегі.
Достарыңызбен бөлісу: |