Жүрек бұлшык етінің өткізгіштігі



Дата06.10.2024
өлшемі14.74 Kb.
#504353
физио


Жүрек бұлшык еті қозғыш ұлпалардың қатарына жатады. Қозғыштық - ұлпалардың, жасушалардың кез-келген тітіркендіргіш әсеріне қозу потенциалын өндіре отырып жауап бере алу қасиеті. Қозу - бұл қызметтің негізі болып саналады.
Жүрек бұлшык етінің өткізгіштігі деп жүрек жасушаларында өздігінен туындаған электрлік потенциалдардың таралу процесін айтады. Жүрек негзінен 2 топты жүрек жасушаларынан кұралган: ырғакты жиырылу аркасында жүректің насосты функциясын жузег асырып отыратын жұмысшы миокард жасушалары ж/е өткізгіш жүйе жасушалары. Өткізгіш жүйе кұрамына енетіндер: 1) оң жақ жүрекшеде орналасқан синусты түйін; 2) жүрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасқан атриовентрикулярлы түйін; 3) қарыншалар шекарасында орналасқан Гисс шоғыры. Жүрек бұлшык етінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның жасушалары арасында айрықша байланыстардың болуы.
Журек булшык етінін автоматияс. Өткізгіш жүйені кұрайтын жасушалардың рөлі қозу генерациясы, яғни ырғақты арнайы пішінді ж/е көлемді электр тоқты импульстер туындату.
Жүрек бұлшық еті қозғыштығының кезеңінің өзерісі. Бұлшык етінің қозғыштығы қозу процесінің барысында өзгеріп отырады - ол кезеңдік өзгерістермен өтеді.Жүрек бұлшық етінің бірден-бір ерекшелігі сонда, миокард қозғыштығының кезендік өгерістері 100деген миллисекунд ішінде жүзеге асады ж/е қозу үрдісінің негізгі компоненттерімен - биоэлектрлік кұбылыстар мен жиырылу процессі - сәйкес келеді.
Бұлшык етінін жиырылгыштыгы. Жүрек бұлшык еті, жүректің насостық қызметін қамтамасыз ете отырып, үнемі бұлшык еттің дара жиырылу тәртібімен жұмыс істейді. Өзінің құрылысы мен физиологиялық қасиеттері жағынан жүрек бұлшык еті көлденен жолақты бұлшык еттер мен тамырлар мен ішкі дене мүшелерінің кабырғасын кұрайтын бірыңғай салалы бұлшык еттердің арасында аралық орын алып тұрады. Миокард талшықтары құрылысы жағынан көлденен жолақты бұлшык ет талшықтарына жакындау.
Жүрек жұмысының негізгі көрсеткіштер. Жүректің жиырылыштық іс әрекетін сипаттайтын көрсеткіштерге қан айналымының минуттық көлемі, систолалық көлем мен жүрек соғуы жилігі жатады.
Минуттық кан көлемі. Жүректің минуттык көлемі — 1 минут ішінде қарыншалардың тамырларға айдап шығаған қанының көлемі. Ересек адамда қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 4,5-5 л тең болады. Оң ж/е сол жақ қарыншалардың минутық қан көлемі шамамен теңдесті.
Систолалық қан көлемі. Жүректін систолалық қан көлемі — бір рет жиырылу барысында қарышалардың тамырларға айдап шығаратын қан көлемі. Оның көлемін жүректің минутық қан көлемін жүрек жиырылу жиілігіне бөлу арқылы тауып алуға болады. Қалыпты күйде сау ересек адамның систолалық қан көлемі орта есеппен 70-80 мл тең болады.
Жүрек соғу жиілігі. Жүрек соғу жилігі — 1 мин ішінде жүрек жиырылу жилігі. Оның көрсеткіші орта есеппен 1мин 70 тең болады. Бұлшык ет жұмысы кезінде жүрек жиырылуы жилігі 120 ж/е одан да жоғары жиілікті болу мумкін.
Электрокардиография — жұмыс істеп тұрган жүректе пб электрлік құбылыстарды графикалық тіркеу әдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет