2014-2016 жылдарға арналған Қызылорда қаласы деңгейіндегі
азаматтық бюджет (30.10.2014 жылы нақтыланған).
I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесіне» сәйкес Қызылорда қаласының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, мақұлданды.
Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.
Көрсеткіштер
|
2013 ж. бағалау
|
Болжам
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %
|
101,0
|
101,0
|
101,5
|
101,7
|
101,9
|
101,9
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %
|
100,1
|
100,2
|
100,3
|
100,5
|
100,0
|
100,0
|
Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %
|
129,0
|
116,0
|
120,0
|
123,0
|
124,0
|
124,6
|
2013 жылғы бағалау
Индустрияландыру картасы аясында 2014-2016 жылдар аралығында 3 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 17 млрд. 497 млн. теңгені құрайды:
-
«Жан Арай» ЖШС-нің «Құрама жем зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 280 млн. теңге. Жаңадан 18 жұмыс орны ашылады.
-
«KAZPAMP» ЖШС-нің электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру жобасы. Жоба құны 374 млн. теңге, жаңадан 61 жұмыс орны ашылады.
-
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-нің «Шыны шығару зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 16 млрд. 843 млн. теңге, жаңадан 362 жұмыс орны ашылады.
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 19 966 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 9 983 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 20 782 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 852 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 19 966 теңге.
Қала бюджетінің түсімдері және шығындары
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
2014-2016 жылдарға арналған қала бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, Қызылорда қаласының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджетті қалыптастыру Елбасының бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.
«2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №25/2 шешімімен қала бюджеті бекітілді, 2014 жылғы 18 ақпандағы 26/1 шешімімен, 29 сәуірдегі 29/1 шешімімен, 8 тамыздағы 33/1 шешімімен, 30 қазандағы 35/1 шешімімен нақтыланды.
2014-2016 жылдарға арналған қала бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
есеп
|
бекітілген жоспар
|
нақтыланған жоспар
|
бекітілген жоспар
|
бекітілген жоспар
|
Түсімдер
|
36 912 741,3
|
26 318 614
|
38 126 557,9
|
18 792 602
|
21 220 041
|
1. Кірістер, оның ішінде:
|
35 447 464,8
|
24 483 119
|
34 260 403
|
18 788 265
|
21 215 704
|
Салықтық түсімдер
|
9 387 538,8
|
15 081 387
|
13 839 354
|
17 575 502
|
19 959 417
|
Салықтық емес түсiмдер
|
219 301,5
|
202 482
|
166 439
|
216 607
|
231 719
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
902 943,3
|
969 576
|
843 618
|
996 156
|
1 024 568
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:
|
24 937 681,2
|
8 229 674
|
19 410 992
|
0
|
0
|
Субвенция
|
3 613 100
|
0
|
0
|
0
|
0
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу
|
4 099,2
|
4 337
|
4 337
|
4 337
|
4 337
|
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қарыздар түсімі
|
1 669 549
|
1 831 158
|
2 776 628
|
-
|
-
|
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары
|
-208 371,7
|
-
|
1 085 189,9
|
-
|
-
|
|
|
|
|
|
|
Шығыстар
|
36 912 741,3
|
26 318 614
|
38 126 557,9
|
18 792 602
|
21 220 041
|
Шығындар, оның ішінде:
|
34 889 526,6
|
25 692 535
|
35 287 713,6
|
18 197 681
|
20 625 120
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
446 760,4
|
408 255
|
530 244
|
402 293
|
411 391
|
Қорғаныс
|
20 229
|
5 702
|
5 810
|
5 833
|
5 971
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
489 823
|
42 331
|
91 401
|
45 294
|
48 464
|
Бiлiм беру
|
9 835 032,2
|
11 109 048
|
12 186 206
|
9 769 766
|
9 915 517
|
Денсаулық сақтау
|
0
|
207
|
207
|
221
|
236
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету
|
1 290 078,4
|
1 487 884
|
1 617 781
|
970 023
|
1 026 153
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
13 245 389,7
|
10 036 445
|
14 084 336,1
|
3 629 697
|
3 822 746
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
|
587 464,8
|
361 053
|
806 943
|
371 255
|
383 137
|
Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану
|
39 938
|
40 774
|
41 436
|
-
|
-
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
135 334,7
|
120 955
|
254 497
|
120 386
|
124 235
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
68 642,8
|
43 779
|
80 578
|
41 169
|
41 746
|
Көлiк және коммуникация
|
5 158 775
|
1 644 146
|
4 859 555
|
335 589
|
359 080
|
Басқалар
|
3 350 555,2
|
391 220
|
203 839
|
413 737
|
466 401
|
Борышқа қызмет көрсету
|
856
|
736
|
887
|
736
|
736
|
Трансферттер
|
220 647,4
|
0
|
523 993,5
|
2 091 682
|
4 019 307
|
Бюджеттік кредиттер
|
25 809,7
|
31 158
|
31 313,3
|
-
|
-
|
Қаржы активтерін сатып алу
|
1 393 352
|
-
|
2 012 610
|
-
|
-
|
Қарыздарды өтеу
|
604 053
|
594 921
|
794 921
|
594 921
|
594 921
|
Түсімдері
2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, қаланың әлеуметтік экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет кірістерін болжамдау кезінде 2013 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, нақты түскен түсімдердің бағалауы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.
2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді:
2014 жылға – 16 253 445 мың теңге;
2015 жылға – 18 788 265 мың теңге;
2016 жылға – 21 215 704 мың теңге.
Салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.
Алдағы үш жылдық кезеңге қалалық бюджеттің жоғары тұрған деңгейдегі бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар бөліну арқылы реттелуі болжамдалды.
Қалалық бюджетке түсетін жеке табыс салығы бойынша 77,6 пайыз, әлеуметтік салық бойынша 70 пайыз болып белгіленді, тиісінше облыстық бюджетке 22,4 және 30 пайыз.
Қала бюджетінің кірісін облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферт есебінен 497 993 мың теңгеге, облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінген 1 214 822 мың теңге нысаналы даму трансфертіне және 365 470 мың теңге бюджеттік кредиттерге, барлығы 2 078 285 мың теңгеге көбейтілді.
2014 жылғы 30 қазандағы мәслихат шешімімен қала бюджетінің кірісін облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінген ағымдағы және нысаналы даму трансферттері есебінен 783 933 мың теңгеге азайтып, 1 843 893 мың теңге ағымдағы нысаналы және даму трансферттеріне көбейту және 201 706 «Қарыз алушы банктерге жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар» коды бойынша 149 мың теңгеге, 201 713 «Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар» коды бойынша 2 мың теңгеге, барлығы 151 мың теңгеге көбейту жоспарлануда.
Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
Қала бюджетінің шығындары
Қалалық бюджеттің жалпы шығындар көлемі (трансферттер, бюджеттік кредит беру және қарыздарды өтеуді қоса есептегенде) 2014 жылы 25 634 150 мың теңге, 2015 жылы 18 792 602 мың теңге, 2016 жылы 21 220 041 мың теңгеге жоспарлануда.
2014 жылға арналған бюджет шығындарының көлемі 2013 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 4 400 059 мың теңгеге өскен. Бұл Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықты болдырмау және қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыру жолында жүзеге асырылған шаралар есебінен болып отыр.
2014 жылы қалалық бюджет шығындары 16 257 782 мың теңге көлемінде бекітілді. Республикалық және облыстық бюджеттерден мақсатты трансферттер бөлінуіне байланысты қала бюджеті 25 634 150 мың теңгеге артты.
2014 жылғы 18 ақпандағы мәслихат шешімімен қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің артығымен орындалуы және қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген барлығы 779 144 мың теңге және 2014 жылдың 1 қаңтарына құралған 216 мың теңге дебиторлық қарызды есепке алғанда, барлығы 779 360 мың теңге қаржы бағытталып, қала бюджетінің шығындары 33 247 664,7 мың теңгені құрады.
2014 жылғы 29 сәуірдегі мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 514 829 мың теңге қаржыны азайтылып, басқа мақсаттарға бағытталды.
2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 362 263 мың теңге қаржы азайтылып, басқа мақсаттарға бағытталды.
2014 жылғы 30 қазандағы мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 68 395 мың теңге қаржы азайтылып, басқа мақсаттарға бағытталды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ф/г
|
Атауы
|
бекітілген жоспар
|
нақтыланған жоспар
|
айырмасы
|
%
|
|
Шығыстар
|
26 318 614
|
38 126 557,9
|
11 807 943,9
|
144,9
|
|
II. Шығындар
|
25 692 535
|
35 287 713,6
|
9 595 178,6
|
137,3
|
01
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
408 255
|
530 244
|
121 989
|
129,9
|
02
|
Қорғаныс
|
5 702
|
5 810
|
108
|
101,9
|
03
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
42 331
|
91 401
|
49 070
|
215,9
|
04
|
Бiлiм беру
|
11 109 048
|
12 186 206
|
1 077 158
|
109,7
|
05
|
Денсаулық сақтау
|
207
|
207
|
0
|
0
|
06
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету
|
1 487 884
|
1 617 781
|
129 897
|
108,7
|
07
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
10 036 445
|
14 084 336,1
|
4 047 891,1
|
140,3
|
08
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
|
361 053
|
806 943
|
445 890
|
223,5
|
09
|
Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану
|
40 774
|
41 436
|
662
|
101,6
|
10
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
120 955
|
254 497
|
133 542
|
210,4
|
11
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
43 779
|
80 578
|
36 799
|
184,1
|
12
|
Көлiк және коммуникация
|
1 644 146
|
4 859 555
|
3 215 409
|
295,6
|
13
|
Басқалар
|
391 220
|
203 839
|
-187 381
|
52,1
|
14
|
Борышқа қызмет көрсету
|
736
|
887
|
151
|
1,2
|
15
|
Трансферттер
|
0
|
523 993,5
|
523 993,5
|
0
|
16
|
Бюджеттік кредиттер
|
31 158
|
31 313,3
|
155,3
|
100,5
|
17
|
Қаржы активтерін сатып алу
|
0
|
2 012 610
|
2 012 610
|
0
|
18
|
Қарыздарды өтеу
|
594 921
|
794 921
|
200 000
|
1,3
|
2014 жыл нақтыланған жоспар. шығындар 35 287 713,6 оның ішінде; мың теңге;
Жыл сайын қала бюджетінің шығындары 17 функционалдық топ бойынша жоспарланады. Қала бюджетінің шығындарында республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.
Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |