1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару
№ 1
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 10 12/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., АЛТ – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 2
Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., АЛТ – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 519-555
-
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 411-420
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
-
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516
-
Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 155-172
Қосымша
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
-
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2 С. 273-291
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.576 – 595
-
Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.
-
Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195
№ 5 тақырып. №3 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Үшінші кредитке енген практикалық сабақтың, СОБӨЖ, СӨЖ тақырыптары
Мақсаты:
-
Өтілген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау
-
Теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдану дағдысын бағалау
Бақылау міндеті:
Студенттер білімін бақылау сұрақтары:
-
Анемия, анықтамасы, жіктелу ұстанымдары. Эритроциттердің анемия кезіндегі сапалық өзгерістері.
-
Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы мен патогенезі.
-
Гемолиздік анемиялар, этиологиясы мен патогенезі. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған гемолиздік анемияларда эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс гемолізі және штекері қандағы өзгерістері.
-
В12 витамині-фолий, темір тапшылықты анемиялар, себептері, даму жолдары. Аплазиялық анемиялар, себептері, даму жолдары, қан түзілуі мен қан көріністерінің сипаттамасы.
-
Лейкоцитоздар, жіктелуі, патогенезі. Жекелеген түрлерінің сипаттамасы.
-
Лейкопениялар, себептері, патогенезі. Агранулоцитоз, себептері, даму жолдары, салдарлары, організм үшін маңызы.
-
Лейкоз, анықтамасы, жалпы сипаттамасы. Лейкоздардың жіктелуі.
-
Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі.
-
Лейкоздардағы анемиялық, интоксикациялық, геморрагиялық, метастаздық, инфекциялық синдромдардың патогенезі.
-
Гемостаздың бұзылу түрлерінің жіктелуі
-
Геморрагиялық синдром туралы түсінік, патогенезі.
-
Вазопатиялар, түрлері, қанағыштықтың патогенезі.
-
Тромбоцитопениялар, себептері, көріністері. Тромбоцитопениялар кезіндегі қанағыштықтың патогенезі.
-
Тромбоцитопатиялар туралы түсінік, түрлері. Тромбоцитопатиялар кезіндегі қанағыштықтың патогенезі, көріністері, гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері.
-
Коагулопатиялар туралы түсінік, түрлері, патогенезі, көріністері. Гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері.
-
Тромбоздық синдром, даму жолдары, артериялар мен көктамырлардағы тромбоздың салдарлары.
-
Тамыр ішінде шашыранды қан ұюы (ТШҚҰ-синдромы). Себептері, сатылары, гипер- және гипокоагуляцияның патогенезі.
-
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. Патогендік агенттердің ОЖЖ-не түсу жолдары. Жүйке жүйесін қорғау жолдары.
-
Нейрондар денесінің, аксондардың, дендриттердің бүліністері, себептері, даму жолдары, салдарлары
-
Тежелудің тапшылығы, тежелуден шығып кету синдромы, себептері, патогенезі.
-
Денервация, деафферентация синдромдары.
-
Патологиялық күшейген қозу генераторы туралы түсінік, даму жолдары, нейропатологиялық үрдістер дамуындағы маңызы. Дерттік жүйе туралы түсінік.
-
Эндокрин жүйе қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы
-
Эндокрин жүйе қызметі бұзылыстарының негізгі механизмдері, сипаттамасы
-
Эндокрин жүйе қызметі реттелуінің орталық механизмдерінің бұзылыстары (трансгипофиздік және парагипофиздік реттелуі), себептері, даму жолдары. Кері байланыс механизмдерінің бұзылыстары
-
Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістерге байланысты қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын эндокринопатиялар
-
Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің (безден тыс) бұзылыстарының сипаттамасы
-
Жүрек жеткілікіздігі туралы түсінік.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі туралы түсінік, зорығудың көлемдік (жүктеме алды) және кедергілік (жүктемеден соң) себептері.
-
Жүректің жүре пайда болған ақаулары, түрлері, гемодинамика өзгерістерінің патогенезі
-
Ф.З.Меерсон бойынша жүректің дерттік гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияланған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің коронарогендік емес текті миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық тетіктері (мембраналар және ферменттік жүйелердің бүлінісі, иондық тепе-теңсіздік, қажыммен қамтамасыз етілудің және реттелудің бұзылысы).
-
Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілмеген сатысындағы қанайналымдық көрсеткіштер, клиникалық көріністер және олардың патогенезі.
-
Жүрек ырғақсыздығы туралы түсінік, жіктелуі.
-
Автоматизмнің бұзылуына байланысты жүрек ырғақсыздығы, себептері, патогенезі
-
Өткізгіштіктің бұзылуына байланысты жүрек ырғақсыздығы, себептері, патогенезі
-
Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму жолдары, түрлері
-
Пароксизмалды тахикардия және жыпылықты аритмія туралы түсінік
-
Артериялық гипертензия туралы түсінік. Түрлері.
-
Алғашқы артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері, артериялық қысым жоғарылауының патогенезі.
-
Симптомдық гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым жоғарылауының патогенезі.
-
Артериялық гипотензиялар туралы түсінік, түрлері, патогенезі.
-
Тамырдың қауырт жеткіліксіздігі (коллапс, естен тану).
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Патогенезі, зақымданудың орналасуы, қанның газдық құрамының өзгерісі бойынша сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің вентиляциялық түрі туралы түсінік. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі.
-
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрлері, себептері. Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы газдар диффузиясының бұзылу себептері мен даму тетіктері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрлері, себептері. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері.
-
Тыныс жеткіліксіздігі патогенезінде вентиляциялық—перфузиялық арақатынастар бұзылыстарының тыныс жеткілікізідігіндегі маңызы.
-
Дерттік тыныстың түрлері (брадипное, тахипное, гиперпное, апное), даму жолдары.
-
Үзілістік тыныс туралы түсінік, түрлері, даму жолдары. Ақтық тыныстың түрлері.
-
Ентік, анықтамасы, даму жолдары. Ентіктің түрлері.
-
Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары, сипаттамасы.
-
Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері, салдарлары.
-
Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия), себептері, патогенезі, салдарлары.
-
Сілекей бөлінуінің бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.
-
Шайнау және жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.
-
Асқазанның сөлденіс қызметінің бұзылыстары (гипер- және гипосекреция, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахлоргидрия, ахилия) туралы түсінік, даму жолдары, салдарлары.
-
Асқазан және ұлтабардың ойық жара ауру, этиологиясы. Асқазанның ойық жара ауруының патогенезінде «зақымдау жайттары» және «қорғану жайттары»- ның маңызы.
-
Қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары, себептері, салдарлары. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, негізгі көріністерінің патогенезі. Балалардағы дисахаразалық, пептидазалық және липазалық жеткіліксіздік. Ана сүтіне төзімсіздік.
-
Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы. Іш өту және іш қату, себептері, даму жолдары, салдарлары. Ерте жастағы балалардың қарапайым және уыттық диспепсиялары, себептері, патогенезі.
-
Ішектік аутоуыттану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
-
Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы. Гепатиттер, бауыр циррозы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
-
Бауыр жеткіліксіздігі кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің
өзгерістері.
58.Бауырдың усыздандыру қызметі. Бауырлық команың патогенезі.
59. Бауырлық команың патогенезі.
60.Сарғыштану, анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму жолдары, көріністері.
61.Механикалық сарғыштану, себептері,даму жолдары. Холемия және ахолия, салдарлары.
62. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
63. Қақпалық гипертензияның түрлері, даму жолдары.
64. Бүйректің негізгі қызметтерінің бұзылыстарын тудыратын себептер.
65. Бүйрек шумағы зақымдануының негізгі тетіктері.
66.Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму жолдары, салдарлары.
67.Өзектік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі
68. Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары.
69. Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі бойынша түрлері, даму жолдары.
70. Несептің құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия,
пиурия, даму жолддары.
71. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, сатылары, емдеу ұстанымдары
72. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, бүйрек қызметінің бұзылу
деңгейі және диурез өзгеруі бойынша сатылары.
73. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Есептер шығару. «Бақылау-өлшегіш құралдары» бөлімін қараңыз. Есептер №№ 25-42
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |