И. А. Зимняя педагогикалық психология


жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны



Pdf көрінісі
бет183/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны 
орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл 
қашанда ӛзін-ӛзі кӛрсету (самовыражение) екені де табиғи...» (ӛзімнің
бӛліп кӛрсеткенім. – И.З.) [33, 34-35 б.].
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов 
бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың ӛзара 
әрекеттесу сипатының ӛзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бҧл 
схема мҧғалім мен оқушылардың, тҧрмыстық қызмет кӛрсету 
жҧмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, 
психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби ӛзара 
әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда 
аталған ӛзара әрекеттесудің барлық тҥрлерімен ҧқсас сипатқа ие, алайда 
оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. 
«...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен 
адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды 
ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық 
пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге 
шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне 
жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты 
қарапайымдылықпен үйлескен кӛңіл-күй серпілісін кӛрсете алса, – онда, 
осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани
үйлесімді, ӛмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды 
адамгершіліктік 
тұрғыда 
шеше 
алуға 
қабілетті 
болып 
қалыптасады...» [68, 4 б.]. 
Ӛзара әрекеттесудің осы тҥрлері ҥшін ортақ болып табылатын К. 
Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау 
функциясының маңызы бар. Бҧл функцияның маңыздылығы 
соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мҧғалім, ең алдымен, қарым-
қатынас фасилитаторы деп атайды. Бҧл - мҧғалім оқушыға ӛзін 
кӛрсетуге, 
ӛзінің 
бойындағы 
жақсы 
қасиеттерін 
кӛрсетуге 


320 
кӛмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы
қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы
педагогикалық ӛзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының ӛз 
маңыздылығын кӛтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді 
[191]. 
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, 
онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның 
бар екенін белгілеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет